Биттену, қышымадан кейінгі төсек орынды залалсыздандыру презентация

Педикулез – (латын тілінен алғанда, рediculus humanus адам биті деген мағынаны білдіреді), биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлардың айқын маңызы бар. Ауру ошақтары жеке бас гигиенасының қарапайым

Слайд 1РЕФАРАТ
Орандаған Сауытказиева Г
Тексерген Наншыбаева Б

Тақырыбы: Биттену, қышымадан кейінгі төсек орынды залалсыздандыру.
Алматы

2018

Слайд 2Педикулез – (латын тілінен алғанда, рediculus humanus адам биті деген мағынаны

білдіреді), биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлардың айқын маңызы бар. Ауру ошақтары жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан пайда болады. Бит індеті бөртпе сүзек, қайталама сүзек сияқты және т.б. қауіпті жұқпалы аурулардың потенциалды жұқтырушысы болып табылады. 

Педикулез


Слайд 3Биттер әдетте биттеген адамдармен байланыста болғанда, көбінесе балалар арасында ұжымдық қатынаста

болғанда, көлікте адамдармен жақын қатынаста болғанда, киімді, төсек-орын жабдықтарын, әжетхана заттарын (тарақ, щётка және т.б.) ортақ пайдаланғанда жұғады. Педикулез ауруын жұқтыру қаупі көбінесе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы, яғни ұжымдардағы, көп адамдармен қатынаста болатын балаларда, сонымен қатар халықтың әлеуметтік халі нашар топтарда (тұрақты мекенжайы жоқ адамдар т.б. адамдар тобы) тіркеледі.



Слайд 4Педикулез ауруымен күресте алдын алу шаралары, негізінен, жеке бас гигиенасы ережелерін

сақтау болып табылады. Бит табылған жағдайда дәріханаларда сатылатын арнайы педикулез ауруларына қарсы жабдықтарды қолдану арқылы денеде, киімде, ішкиімде, басқа да заттар мен нәрселерде санитариялық өңдеу жүргізу қажет.



Слайд 5 Педикулезы алдын-алудағы басты ережелерге: 7-10 күн сайын суға шомылып, киім-кешек пен

төсек орынды ауыстырып отыру, шашты қиып – тарау, жеке тарақтарды пайдалану; балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру; ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу. Жеке бас тазалығы мақсатында педикулез туралы балаларға түсінікті де қарапайым етіп айту керек. Педикулездің басқа аурулар тәрізді ауру екендігін, өздігінен емделіп – жазылмайтындығынан, онымен күресу керектігін түсіндіру керек.

Слайд 6Сонымен қатар, биттердің таза, шашы қиылып – таралған балалардан аулақ жүретіндігіне

назар аударту керек. Өзге адамдардың тарағын, бас киімін, киім-кешегі мен төсегін пайдаланбаған жөн. Балалар ұжымдарында жеке бас тазалығын сақтау, жинақылық пен ұқыптылықты мадақтап, сыйлық берудің де пайдасы зор. Құтылу жолдары: Дәріханаға барып Антибит, Педилин деген дәрілер бар соларды қолдану керек. Және суға кішкене ғана сірке суын(уксус) қосып соған биттарақты батырып шашынды тегіс тара.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика