Балалардағы холецистит презентация

Содержание

ӨТҚАП Өтқап (желчный пузырь); (vesica fellae, лат. vesica — қап, fella — өт) — өтөт) — өт уақытша жиналатын жұқа қабырғалы қапшық. Қабырғасы: ішкі — кілегейлі (бір қабат призма тәрізді эпителий

Слайд 1БАЛАЛАРДАҒЫ ХОЛЕЦИСТИТ


Тексерген: Макибаева М.Г

Топ: 537 ЖМ
Орындаған: Мұхамедияр М. М

«Астана медицина университеті» АҚ Балалар аурулары кафедрасы

Астана 2017 жыл


Слайд 2ӨТҚАП
Өтқап (желчный пузырь); (vesica fellae, лат. vesica — қап, fella —

өт) — өтөт) — өт уақытша жиналатын жұқа қабырғалы қапшық. Қабырғасы: ішкі — кілегейлі (бір қабат призма тәрізді эпителий астарлайды), ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі қабықтардан құралған. Өтқап бауырдың ішкі бетінде орналасады. Өт қапшығы – бауырда түзілетін өттің резервуары. Сопақ пішінді, ұзындығы 8-14 см, ені 3-5см, көлемі 40-70см³. түсі қою жасыл, қабырғасы жұқа. Оның түбі, денесі, мойыны бар.



Слайд 4Өт-тас ауруы (холецистит)– өт қабында, өт өзектерінде конкременттердің (тас) пайда болуымен

және сол өзектермен жүріп өт қабын қабындыру, бауыр коликасын, холестаз және бауырды зақымдалуымен жүретін дерт. Өт қабының жедел қабынуы -85-90% -да өт қабында тастың болуына байланысты , созылмалы түрінде жиі қайталанатын ауру. Тарихта бірінші болып өт қабын алу операциясын Американың хирургі Карл Лангенбух 1882 жылы жасаған. Бірінші лапороскопиялық холецистэктомия операциясын 1985 ж. немістің хирургі Эрик Мюхе жасаған

Слайд 5Созылмалы холецистит – бұл өт қабы қабырғасының созылмалы қабыну ауруы, ауру өте

баяу дамиды және өт қабының склероздануымен, деформациясымен жүреді.
Балалық шақта холецистит көбінесе лямблиозбен және ішекқұртты инвазиямен байланысты болады
ХАЖ-10 кодтар K 81.0 Жіті холецистит K 81.1 Созылмалы холецистит K 83.0 Холангит К 83.8 Өт шығару жолдарының нақты анықталған аурулары К 83.9 Өт шығару жолдарының нақты анықталмаған ауруы

Слайд 6Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs —

қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады.

Слайд 7Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады,

іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.

Слайд 8Этиологиясы
Балаларда холецистит қоздырғышы болып кокктар, ішек таяқшалары, протейлер бола алады. Аурудың

дамуы үшін өт шығару жолдарының лямблиозы, ішек құртты инвазия болу қажет.

Слайд 9Балалардағы холециститтің клиникалық жіктелуі


Слайд 10ПАТОГЕНЕЗІ
Өт қабына инфекция үш жолмен тарайды: Гематогенді
Лимфогенді
Энтерогенді

Порта системасынан

әуелі бауырға, сонан соң өтпен бірге өт жолдары арқылы;

Бауырдан өт қабына лимфа жүйесі арқылы;

Ұлтабардан кері қарай Фатер бүршігінің тесігі арқылы жалпы өт өзегіне және өт қабына өтеді

Слайд 11Шағымдары: Оң қабырға доғасы аймағындағы тұйық ұстамалық ауру (әсіресе майлы және қуырылған,

ащы тағамдарды, газдалған сусындарды қабылдаған соң), ауызда ащы дәмнің сезілуі
құсу; • кекіру; • тәбеттің төмендеуі; • іш өту не іш қату; • дерматиттер; • бас ауруы; • әлсіздік; • шаршау.
Анамнез: • дұрыс тамақтанбау; • билиарлы жолдың дисфункциясы; • аз қозғалу; • кейбір дәрілік препараттарды көп қолдану; • өт қабының атониясы; • даму ақаулығы; • тұқымқуалау.

Слайд 12КЛИНИКАСЫ
Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі:
Ауырсыну
Диспепсиялық
Қабынулық
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Липидті алмасудың бұзылуы

(клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі)
Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы.

Слайд 13ПАЙДА БОЛУЫ:
Қобалжу
Диета бұзылуы
Майлы тағам ішу
Көп тамақтану
Өттас ауруында
Селкілдететін жолда көлікпен жүру
Секіру


Слайд 14АУЫРСЫНУ СИНДРОМЫ

Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір

науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады.
Сипаты: тұйық .
Пайда болуы: үнемі немесе анда санда.
Ауырсыну ұзақтығы :бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.

Слайд 15ИРРАДИАЦИЯСЫ
Ауыру сезімі иррадиациясы оң жақ иыққа,иық үстіне(Березнегевский-Элекер симптомы),жауырын астына,арқаның оң жақ

жартысына,мойынға, желкеге,төс сүйегінің ішкі бетіне,жүректің орналасқан аймағына тарайды.

Мұндай иррадиация болу себебі өт қабы мен өт жолдарының нервтері диафрагма нервісімен және мойын өрімінің нервісімен байланысты болуда.

Төс – бұғана – емізік бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы).

С.П.Боткиннің айтуы бойынша холециститтің «стенокардиялық» түрінде иррадиация жүрек аймағына,төстің артқы жағына берілуі мүмкін

Слайд 16СИМПТОМДАР

И.И.Греков Ортнер симптомы: Алақан қырымен оң жақ қабырға доғасын перкуссиялағанда ауысыну

анықталады. Пальпация кезінде бауыр шетін және өт қабы түбін табуға болады.
Айзенберг симптомы – Оң жақ жауырын бұрышынан астынан соққылағанда ауырсыну өт қабы тұсына иррадиацияланады.
Березнеговскии - Элекер симптомы – Жедел холецистси белгісі, ауырсынудың оң жақ білекке берілуі.
Захарьин симптомы – холецистит белгісі: өт қабы аймағына басқанда немесе соққылағанда ауырсынуы
Караваев – Спектор cимптомы – холецистит белгісі: кіндік ассиметриясы оның оңға және жоғары ығысуы, оң жақ бөлік бұлшық еттердің контрактурасымен негізделеді.

Слайд 17ОБРАЗЦОВ СИМПТОМЫ – ХОЛЕЦИСТИТ БЕЛГІСІ: ДЕМ АЛҒАНДА ТЕРЕҢ ПАЛЬПАЦИЯДА АУЫРСЫНУ. СКВИРСКИИ

СИМПТОМЫ – ХОЛЕЦИСТИТ БЕЛГІСІ: АЛАҚАН ҚЫРЫМЕН ОМЫРТҚАДАН ОҢҒА ҚАРАЙ TH IX-XI ОМЫРТҚАЛАР ДЕҢГЕЙІНДЕ ПЕРКУССИЯЛАҒАНДА ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДА АУЫРСЫНУ ПАЙДА БОЛУЫ. КЕР СИМПТОМЫ – ХОЛЕЦИСТИТ БЕЛГІСІ: ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДА ТЕРЕҢ ДЕМ АЛҒАНДА ПАЛЬПАЦИЯ КЕЗІНДЕ АУЫРСЫНУ ПАЙДА БОЛУЫ. ( КЕР НҮКТЕСІ: НҮКТЕ , ОРНАЛАСУЫ ҚАБЫРҒА ДОҒАСЫ МЕН ОҢ ЖАҚ ТІК БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ СЫРТҚЫ ҚЫРЫМЕН ҚИЫЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН. ӨТ ҚАБЫНЫҢ ПРОЕКЦИЯСЫНА СӘЙКЕС, ОНЫҢ АУРУЛАРЫНДА АУЫРСЫНАДЫ.)

Слайд 18ДИСПЕПСИЯЛЫҚ КӨРІНІСТЕР


Слайд 19КАТАРАЛЬДІ ХОЛЕЦИСТИТ
Оң жақ қабырға астының және эпигастрий аймағында ауырсынудың болуы бел

аймағына, оң жақ жауырын астына иыққа,мойын аймағына дейін ауырсыну беріледі. Жеңілдік әкелмейтін құсу, лоқсу жиі болады. Субфебрильді дене қызуы, Тахикардия 100 с минутына дейін.
Пальпацияда оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну сезіледі ерекше өт қабының проекциясында Ортнер-Греков, Мерфи, Мюсси-Георгиевскии симптомдары оң болады Кей кезде ұлғайған өт қабын байқаумызға болады. ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 10-14*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады

Слайд 20ФЛЕГМОНОЗДЫ ХОЛЕЦИСТИТ
Клиникалық көрінісі өте айқын, ауырсынуы жөтелген кезде, демалғанда, қозғалғанда байқауымызға

болады. Фебрильді дене қызуы, тахикардия 110-120 с мин. Щеткин –Блюмберг симптомы іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде оң болады ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 20-22*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады Макроскопиялық: өт қабы ұлғайған, қабырғалары жуандаған, бозғылт көктес түсті ішінде іріңді эксудат.

Слайд 21ГАНГРЕНОЗДЫ ХОЛЕЦИСТИТ
Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит

көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр

Слайд 22АСҚЫНУЫ БОЙЫНША:
холангит
өт перитониті
холедохолитиаз
холедохтың дистальді бөлігінің стриктурасы Механихалық сарғаю
Өт

жыланкөздері.

Слайд 23ДИАГНОСТИКАСЫ:
Физикальды зерттеу : Оң қабырға аймағындағы бұлшықеттер резистенттілігі, «өт қаптық» симптомдардың оң

болуы: Кер (өт қап нүктесіндегі ауру сезімі), Ортнер (оң қабырға доғасын қиғаш қолмен соққылағандағы ауру сезімі), Мерфи (демді ішке тартқан қалпында оң қабырға аймағын пальпациясы кезіндегі ауру сезімі), оң қабырға доғасының  пальпациясы кезіндегі ауру сезімі созылмалы холециститті көрсетеді.
Анамнез
Биохимиялық зерттеулер: билирубин – 20,5 ммоль/л, холестерин 3-5,2 ммоль/л Лейкоцитоз- формуласының солға ығысуы УДЗ -90% Холецистография
ЭРХПГ .
УДЗ
 

Слайд 24Биохимиялық зерттеулер: Билирубин бауырдың пигменттік қызметін және өт ағымының бұзылуын анықтайтын

ең маңызды көрсеткіш. Билирубиннің 2 фракциясы болады: -гемобилирубин (қандағы белокпен байланысқан) және — холебилирубин (белокпен байланыспаған). Сау адамдағы жалпы билирубиннің 54%-ті-гемобилирубин, 25%-ті- холебилирубин болады.

Слайд 25Трансаминазалар тесті: 1.Глютаминаланин трансфераза (ГАЛТ)
2.Глютаминаспарагин трансфераза (ГАСТ)
Клеткалар пердесінің (мембрана)

сүзіліп өтуі себепті трансаминазалар қалыпты жағдайда қанның құрамында болады. Клетка пердесінің өткізгіштік қасиетінің жоғарылауынан қандағы бұл ферменттердің мөлшері де көбейеді.

Слайд 26Аспаптық зерттеу : УДЗ – өт қабының 2 мм-ден артық тығыздалу мен

қалыңдануы, жоғарғы бөлігінің қалыптыдан 5 мм-ден артық ұзаруы, паравизикальды  эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабы қабынуының халықаралық критериі, Вена, 1998); ФГДС – асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабатын, соның ішінде Одди сфинктерін көруге мүмкіндік беретін диагностиканың эндоскопиялық әдісі. Сонымен қатар  ФЭГДС кезінде өт зерттеуге алынады; Холангиохолецистография  —  өт қабы мен өт жолдарының анатомиялық және функциональдық жағдайын, олардағы конкременттердің, (өттас ауруы), қабынулық өзгерістердің (холецистит, холангит), іш босауының бұзылыстарының (дискинезиялар) бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді; Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – зерттеу кезінде барлық өт шығару жолдарының көрінісін, сонымен қатар әртүрлі толу ақауларын көруге болады. Диагностикалық мүмкіндіктермен қатар, өт шығару жолдарының дистальды бөлімінде орналасқан тастарды алып тастау және  папиллосфинктеротомия секілді емшараны жасауға болады;
Дуоденальды сүңгілеу –   өт үлесінің пайда болуы мен көлеміне қарай өттің типін анықтайды. Өтте шырыш, билирубин, холестерин анықталса, оны микроскоптайды: лейкоциттардың, билибирубинаттардың, лямблийдің болуы диагнозды растайды. В үлесіндегі өзгерістер өт қабындағы, ал С үлесіндегі өзгерістер өт жолдарындағы үрдістерді көрсетеді.

Слайд 30Емнің мақсаттары:  •  аурудың асқындыры алмау; • моторикалық бұзылыстарды қалпына келтіру; • қабынулық, ауру,

диспепсиялық синдромдарды тоқтату                               Емнің тәсілі Дәрі-дәрмексіз емдеу №5 диета холецистит кезінде – емнің ең маңызды бөлімдерінің бірі, тағам қабылдауы күніне 4-6 рет жиілейді. Тәуліктік калория мөлшері дені сау бала қабылдайтын калорияға сәйкес болады. Стационарда науқас Певзнер бойынша   № 5 үстелін қолданады. Минералды су өттің бөлінуін ынталандырады, оның  тұтқырлығын төмендетіп, сұйылтады. Суды  1 кг салмаққа 3мл келетіндей, аз жұтымдап ішеді. Көбінесе   Ессентуки № 4, 17  боржом қолданады. Егер  холецистит  гиперацидты гастритпен асқынатын болса, онда  минералды суды (ессентуки № 4 боржом) астан  1–1,5 сағат бұрын, гипоацидты не нормацидты гастритпен асқынса – 40 мин. бұрын береді. Емнің курсы 2 апта, 3-6 ай үзіліспен. Емдік дене шынықтыру емнің маңызды бөлігі, өттің ағуын жақсартады, созылмалы холециститпен және билиарлы жолдың функциональды бұзылыстар кезінде қолданылады. Санаториялық-шипажай  емделу. Санаториялық емделуге ауру ағымы ұзаққа созылған және  ауруы жиі асқынатын балалар жіберіледі.

Слайд 33Негізді дәрілік заттар
Амоксициллин 250 мг, 500мг капсула, 500 мг, детям 2-7лет

250 3 раза в день, старше 7 лет 500мг 3 раза 7 дней
Азитромицин, детям от 6 до 12 лет 20мг/кг 1 раз в день, старше 12 лет 500мг в в деньзасутки 7 дней
Триметоприм+Сульфаметоксазол детям от 3 до 5 лет препарат назначают по 240 мг 2 раза/сут; детям от 6 лет - по 480 мг 2 раза/сут. 7 дней
Флуконазол 1г-12 лет 3-6мг/кг, с 12 лет 50 мг/сут. 1 раз, курс 7-14 дней 7 дней
Омепразол дети с массой тела 10-20кг по 10мг 1 раз в день, при необходимости до 20мг в день; дети с массой тела более 20 кг-по 20 мг 1 раз в день; 1 раз 7-10 дней
Дротаверин от 6 до 12 лет максимальная суточная доза составляет 80 мг в два приема, детям старше 12 лет максимальная суточная доза составляет 160 мг в 2-4 приема. 3-5 дней
Панкреатин 500-700 МЕ/кг/сут. х 3 раза во время приема пищи 10 дней
Урсодезоксихолевая кислота 10мг/кг/сут однократно длительно


Слайд 34Пайлаланылған әдебиеттер
1 Клинические рекомендации основанные на доказательной медицине: Пер. с англ.

/Под ред. И.Н.Денисова, В.И.Кулакова, Р.М. Хаитова. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001. - 1248 с.:
2. Клинические рекомендации+фармакологический справочник: Под ред. И.Н.Денисова, Ю.Л. Шевченко - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004.-1184с.:ил. (серия «Доказательная Медицина»)
3. Society of Nuclear Medicine Procedure Guideline for Hepatobiliary Scintigraphyversion 3.0, approved June 23, 2001. Society of nuclear medicine procedure guidelines manual; Мarch 2003. – 357р.
4. Еvidence-based clinical practice guidelines on the diagnosis and treatment of cholecystitis Domingo S. Bongala, Jr., MD, FPCS, Committee on Surgical Infections, Philippine College of Surgeons, Epifanio de los Santos Avenue, Quezon City, Philippines
5. Болезни детей старшего возраста, руководство для врачей, Р.Р. Шиляев и др., М, 2002
6. Рецепты диетических блюд, рекомендованных при холецистите, М Смирнова; РИПОЛ классик, 2013, 150с.
7. Холецистит и другие болезни желчного пузыря Г. В. Болотовский; М., 2007. 160с.
8. Хронические заболевания желчевыводящих путей, Р. А Иванченкова. М.: Издательство «Атмосфера», 2006. 416 с.: ил

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика