Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Балалар жасындағы стоматология кафедрасы
Балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты
тіндерінің зақымдануы. Гипоплазия, флюороз.
Мамандығы: 5В130200 Стоматология
Пәні: PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы
Курс: 4
Слайд 2Дәрістің мақсаты
Дәріс аяқталған соң, Сіздер тістердің қатты тіндерінің зақымдануы туралы, патологиялық
процессті нақтамалауды және гипоплазия мен флюороздың емдеу әдістерін таңдауды негіздей білулерініз қажет
Слайд 3Дәріс жоспары
Проблемалық жағдай
Балалардың тістерінің кариестен тыс зақымдануларының этиологиясы, патогенезі және жіктелуі
Кіреуке
гипоплазиясы. Патогенезі. Клиникасы. Емдеуі. Алдын алу
Флюороз, кіреукенің боялуы. Патогенезі. Клиникасы. Емдеуі. Алдын алу
Слайд 4Проблемалық жағдай
Стоматологиялық емханаға 11 жастағы бала қаралды. Алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына
шағымданады. Қарау кезінде орталық күрек тістерінің вестибулярлы беткейінде, сарғыш-қоңыр түсті кіреукенің ақауы анықталды, зондпен тексергенде ауырмайды, беткейі тығыз. Анамнезінде уақытша күрек тістері ерте жұлынған.
Слайд 5СҰРАҚ?
Балада қандай ауру?
Емдеуге болады ма?
Қалай емдеу керек?
Слайд 6ТІСТЕРДІҢ ТІС ЖЕГІДЕН ТЫС ЗАҚЫМДАНУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Тістердің тіс жегіден тыс зақымдануларының
әр түрлі болуы және олардың уақытына қарай пайда болуына байланысты, оларды негізгі екі түрге бөлуге болады:
Фолликулярлы даму кезеңіндегі яғни тістің жарып шығуына дейін тістердің зақымдалуының пайда болуы:
кіреуке гипоплазиясы;
кіреуке гиперплазиясы;
тістердің эндемиялық флюорозы;
тістердің даму және жарып шығу аномалиялары, олардың түсінің өзгеруі;
тістердің дамуының тұқымқуалаушылық бұзылыстары.
Слайд 72. Тістердің, жарып шыққаннан кейін пайда болатын зақымданулары:
тістердің пигментациялары және
қақтар;
қатты тіндердің желінуі;
сына тәрізді ақау;
тістердің эрозиясы;
тістердің қатты тіндерінің өлі еттенуі;
тістердің жарақаты;
тістердің гиперестезиясы.
Слайд 8МКБ-10 жіктелуі (МКБ-С)
К00.3 Теңбілді тістер
К00.30 Кіреукенің эндемиялық флюорозды теңбілдік (тістердің флюорозы)
К00.31
Кіреукенің эндемиялық емес теңбілділігі
К00.39 Ескерілмеген теңбілді тістер
К00.4 Тістердің қалыптасуының бұзылуы
К00.40 Кіреуке гипоплазиясы
К00.41 Кіреукенің пренатальды гипоплазиясы
К00.42 Кіреукенің неонатальды гипоплазиясы
Слайд 9К00.43 Кіреукенің аплазиясы және гипоплазиясы
К00.45 Одонтодисплазия
К00.46 Тернер тістері
К00.48 Тістердің қалыптасуының басқа
да ескерілмеген бұзылыстары
К00.49 Тістердің қалыптасуының ескерілмеген бұзылыстары
Слайд 10 Тіс тіндерінің гипоплазиясы
Тіс тіндерінің гипоплазиясы бала және ұрық организміндегі минерал
және белок алмасуының бұзылуы кезінде (жүйелі гипоплазия) немесе тіс ұрығына жергілікті әсер етуден (жергілікті гипоплазия) пайда болады.
Гипоплазия – тістердің немесе оның тіндерінің дамымауынан болатын, даму ақауы. Аплазия – тістің, оның бір бөлігінің немесе барлық кіреукенің туа біткен болмауы.
Слайд 11Этиологиясы
Гипоплазия ұрық ағзасына ауырған аурулар, жүкті ананың зат алмасуының бұзылуы немесе
бала ағзасына ауырған аурулар мен тамақтанудың бұзылуынан пайда болады.
Уақытша тістердің гипоплазиясы көбінесе баланың өмірінің алғашқы аптасында немесе алғашқы айларында ауырған аурулардың әсерінен пайда болады да, ол уақытша ит тістер мен молярлардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Слайд 12Клиникалық гипоплазия тістің қандай-да бір бөлігінде дақ түрінде, әртүрлі көлемдегі тереңдікте,
жолақ түрінде және тіпті кіреукенің толық болмауымен көрінеді. Гипоплазияның шоғырланған бөлігіне қарап, қай жаста минералды алмасудың бұзылғанын, ал ошақтың еніне қарап бұзылудың ұзақтығын анықтауға болады. Кесу қырларына параллель орналасқан гипоплазияның бөліктерінің саны бойынша, бала ағзасында алмасудың қанша рет бұзылғанын көруге болады.
Слайд 13
Гипоплазия ақауының 60% өмірінің алғашқы 9 айында дамиды, ол кезде компенсаторлы
және адаптационды механизмдер айқын емес, сондықтан қандай-да бір жағымсыз факторлар (ауыру, дұрыс тамақтанбау) организмде алмасудың бұзылуына әкеледі. Сондықтан гипоплазия көбінесе күрек тістер, ит тістердің кесу қырларында, бірінші молярлардың төбешіктерінде кездеседі. 3-4 жасында ауырған балаларда гипоплазия басқа да тістерінде байқалады. Бұл кезде тіс сауыттары мойын аймағына дейін зақымданады, ал премолярлар мен екінші молярларда дақтар шайнау беткейінде болуы мүмкін.
Слайд 14Гипоплазия келесі клиникалық түрлерге бөлінеді:
Гипоплазияның дақты түрінде шекарасы айқын ақ
түсті дақ болады, беткейі жылтыр тегіс, тіс сауыттарының деңгейінде симметриялы орналасқан. Симметриялық тек дақтын орналасуымен ғана емес, сондай-ақ оның түрі және көлемімен сипатталады.
Слайд 15Гипоплазияның эрозияланған түрі тіс сауытының әр жерінде шектелген бөлікте кіреуке қатпарының
жұқаруымен сипатталады. Ақаулар әр түрлі, бірақ көбінесе дөңгелек пішінді, тістерде симметриялы орналасады.
Гипоплазияның жолақты түрі кесу қырына параллель орналасқан әртүрлі көлемдегі кіреукедегі жолақты тереңдіктер түрінде көрінеді. Жолақтың түбінде кіреуке қатпары жұқарған, кейде тіпті мүлдем болмайды.
Гипоплазияның аралас түрі жеке тістерде ақ түсті дақтармен эрозиялардың ауысуымен және тіпті бір тісте жолақтар, эрозиялар және дақтардың болуымен сипатталады. Соңғы жылдары ол жиі кездеседі, сондықтан кіреукенің зақымдануын нақтамалауда қиындық тудырады.
Слайд 16Гипоплазияның дақты түрі тексерілген науқастарда 46,8%, эрозияланған - 27,3%, жолақты -
5,2 %, аралас - 20,7% кездеседі.
Егер дақ күңгірт, түсі өзгерген және бұдырлы болса, онда кіреуке түзілу процессі кіреукенің дамуының аяқталған кезеңінде бұзылған. Гипоплазияның әр түрінің гистологиялық сипаттамасы болады.
Кейде кіреуке гипоплазиясы табақша тәріздес тереңдікте дөңгелек немесе сопақша пішінді болып көрінеді.
Слайд 18Тіс тіндерінің жүйелі гипоплазиясы белгілі бір уақыт аралығында қалыптасатын
тіс топтарының немесе барлық тістердің кіреукесінің құрылысының бұзылуымен сипатталады. Гипоплазияның бұл түрі балаларда 2-19%
Жүйелі гипоплазияның дамуына болашақ ананың жүктіліктің екінші жартысында қолданған немесе бала организміне енгізілген кейбір дәрілік заттар әкеледі. (мысалы, тетрациклин)
Жүйелі гипоплазияның әр түрліліктерінің бірі Гетчинсон, Пфлюгер Фурнье тістері болып табылып, бұлардың сауыттарының өзіне тән пішіндері болады. Гетчинсон Фурнье күрек тістердің сауыттары жалпы сыртқы түрі бойынша бір-біріне ұқсас келеді (екеуі де бөшке тәрізді). Бұл жалпы белгіден басқа, Гетчинсон тістерінде жоғарғы жақтын ортаңғы күрек тістерінде және төменгі жақтын ортаңғы және шеткі күрек тістерінің кесетін шеттерінде жарты айшық терізді ойықтар болады. Авторлар жүйеленген гипоплазиясының әр түрлерінің кімнің атымен аталатындығын, бұндай тістердің дамуының себебін тұқым қуалаушылық мерезден деп есептейді.
Слайд 20Гетчинсон тістері - жоғарғы жақтын ортаңғы күрек тістері сауыты отвертка және
бөшке тәріздес түрде (мойын жағы кесетін қырға қарағанда үлкен) және кесетін шеттерінде жарты айшық терізді ойықтар болады.
Фурнье тістері. Ортаңғы күрек тістері сауыты отвертка тәріздес, бірақ кесетін шеттерінде жарты айшық терізді ойықтар болмайды. Гетчинсон және Фурнье тістері көбінесе туа біткен мерезде болады.
Пфлюгер тістері – бірінші молярлардың сауытының мойын бөлігі, шайнау беткейіне қарағанда үлкен, ал төбешіктері жетілмеген және бірігіп келіп тіске конус тәрізді түр береді.
Слайд 23
Ошақты одонтодисплазия – қатар тұрған бірнеше тістердің бір, көбінесе әр түрлі
даму кезеңінде болатын гипоплазиясы. Бұл сирек кездесетін патология, дені сау балаларда кездеседі. Уақытша және тұрақты тістерде, бір немесе әртүрлі даму кезеңінде, қатар тұрған тістердің дамуы және жарып шығуының кешігуімен сипатталады. Көбінесе күрек тістер, ит тістер және тұрақты молярлар зардап шегеді, жоғарғы жақ сүйегінің бір жартысының барлық тістері сирек зақымданады. Бұл тістердің сауыттары кіреукенің жетілмеуіне байланысты кішірейген, сарғыш түсті және беткейі бұдырлы болады. Рентген суретінде қатты тіндері, қарама-қарсы жаққа қарағанда жұқарған, түбірлері қысқарған және өзектері кеңейген. Бұл патологияның этиологиясы анықталмаған.
Слайд 24Жергілікті гипоплазия бір тіс кей жағдайда сирек 2 тістің тінінің дамуының
бұғылуымен сипатталады. Оның пайда болуы себебі фолликула дамыған кезде механикалық жарақат әсерінен немесе сүт тістердің созылмалы периодонтиті кезінде фолликулаға биогенді аминдер және инфекция ену салдарынан болуы мүмкін.
Уақытша тістерде жергілікті гипоплазия байқалмайды. Тіс ұрығының механикалық жарақаты жақ сүйегі сынғанда, уақытша тістің ендірілген және толық емес таюы кезінде пайда болады. Уақытша тістің түбір аймағына тараған қабыну процессі, жергілікті гипоплазияға себеп болады, премолярлар ұрығы жиі зақымданады, себебі, олар уақытша тістердің түбірлері арасында орналасады. Жергілікті гипоплазия бортәріздес дақ немесе нүктелі тереңдікте барлық беткейде орналасады. Ауыр жағдайларда кіреуке аплазиясы болуы мүмкін.
Слайд 26Емдеуі
Балалар стоматологиялық практикасында гипоплазияның алдын алу және емдеу үшін кальций,
фосфор препараттары және витаминдер тағайындалады. Дәрілік препараттарды тағайындаған кезде дәрігер-стоматолог баланың жасын ғана емес, сонымен қатар ағзалар мен жүйелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін, иммунитет жағдайын, организмнің жеке реактивтілігін ескеруі қажет.
Реминералдаушы терапияны көлемі 4-5мм ақ дақтар болған кезде арнайы схемамен 8-16 ай аралығында жүргізу қажет. Практикалық дәлеледерге байланысты, реминералдаушы терапияның әсерінен дақтың көлемі 2-3 ай аралығында 1,0-1,5 мм-ге дейін азаяды.
Слайд 28Гипоплазия кезінде ем бір жылға тағайындалады, оның қорытындысын және емдік шаралардың
жүргізілу нәтижесін 1,5-2 ай сайын тексеріп отырады. Науқас 3 ай кальций глицерофосфат, поливитаминдер, антиоксиданттар курсын қабылдайды да, 3 ай үзіліс жасайды.
Науқасты ауыз қуысы гигиенасына үйретеді және күніне 2 рет тістерін тазалау және гипоплазия ошақтарына аппликация жасау үшін құрамында фосфаты бар тіс сықпаларын тағайындайды (барлық емдеу аралығында күніне 15 мин).
Кіреукенің гипоплазияланған ошақтарын пломба салу арқылы жоюға болады.
Слайд 29Балаларда ортопедиялық емді ұлпа және пародонт жағынан асқынуды болдырмау мақсатында, тіс-жақ
жүйесі қалыптасқаннан кейін жүргізген жөн. Түбірлері қалыптаспаған және тіндердің ауқымды ақаулары бар тістерге ортодонттық сауыттар дайындауға болады, олар тісті бұзылудан сақтайды және тек 16 жастан асқаннан кейін ғана көрсетулеріне байланысты тұрақты протездермен ауыстырылады.
Кіреуке гипоплазиясы бар балаларды дәрігер-стоматолог әртүрлі әдістермен емдеуге көрсетулерін анықтау үшін (реминералдаушы терапия, кіреуке ақауын пломбалық материалдармен жабу) диспансерлі бақылауға алады.
Слайд 30Алдын алу шаралары:
Жүкті ананың денсаулығын, одан кейін нәрестенің денсаулығын күту;
Балалардың инфекционды
және инфекционды емес ауруларының алдын алу;
Пайда болған соматикалық ауруларды дер уақытында және тиімді кешенді емдеу (жедел инфекционды аурулар, алиментарлы дистрофиялар, токсикалық диспепсия, гипо- және авитаминоз және т.б.);
Әйелдер және балалар кеңестерінде стоматологиялық санитарлы-ағарту жұмыстарын күшейту.
Слайд 31ЭНДЕМИЯЛЫҚ ФЛЮОРОЗ (ТІСТЕРДІҢ ФЛЮОРОЗЫ).
Тістің мұндай зақымдалуы, үш оң жылдық бойы белгісіз
болып келді. Тек 1931 жылы кіреукенің дақты болуы байқалатын жергілікті жерлердегі ішетін суда фтор микроэлементі құрамының жоғары болуы анықталды. Фтордың латынша аталуын ескере отырып (fluor), аталған ауруды флюороз, дұрысырақ, эндемиялық флюороз деп атады.
Флюороз – эндемиялық ауру, ішетін суда және жер қыртысында фтордың құрамы жоғары жерлерде тұратын адамдарда байқалады. Фтор адам ағзасының барлығының құрамына кіреді, негізінен тістерде және сүйектерде болады. Флюороздың ерте көріністерінің бірі болып тістердің зақымдануы жатады.
Слайд 32
Ішетін судағы фтордың оптимальды құрамы 0,8-1,2 мг/л. Ішетін суда және тағам
өнімдерінде фтор көп болған сайын, флюороз жиі, ал кариес сирек дамиды. Флюорозбен эндемиялық ошақта тұратын немесе оған 3-4 жасында орналасқан балалардың қатты тіндерінің минералдануы кезеңіндегі тұрақты тістер (сүт тістер сирек) зақымданады.
Флюороз біріншіден, жоғарғы жақ сүйегінің күрек тістерінде және премолярларда байқалады, төмеңгі жақ сүйегінде сирек кездеседі. Құрамында 2 мг/л фторы бар ішетін суды қабылдағанда флюороз дамиды. Егер судағы фтордың концентрациясы 6 мг/л асса, онда қалыптасқан тістерде де өзгерістер пайда болуы мүмкін.
Слайд 34
Флюороздың патогенезі толық анықталған жоқ.
Бірнеше көзқарастар бар. Гипоплазия мен
флюороз әртүрлі этиологиялық факторларына қарамастан, патогенездері ұқсас, яғни энамелобластардың зақымдануы және олардың даму кезеңінде тістердің қатты тіндерінің минералдану процесстерінің бұзылуы. Сондықтан, бірқатар авторлардың ойынша, флюороз тек ішетін суда фтордың көп болуынан пайда болатын гипоплазия.
Слайд 35Клиникалық көрінісі.
Зақымданған ошақтардағы тістердің кіреукесі өзінің жылтырлығы мен мөлдірлігін жоғалтады да,
күңгірттенеді, ол кіреукенің сәуле өткізу ерекшелігімен, яғни созылмалы фторлы интоксикацияның құрылысының бұзылуымен түсіндіріледі.
Флюороздың жеңіл түрлері бар науқастарда тіс сауыттарының ерін беткейлерінде шектелген бөліктерде ұсақ жеке дақтар анықталады. Мұндай өзгерістер судағы фтордың мөлшері аса жоғары емес кезде пайда болады (1 мг/л дейін). Басқа балаларда фтордың мөлшері осындай кезде, дақтар өте көп, кіреукенің әжептәуір бөлігін алып жатады және сауытты қарау кезінде көрініп тұрады. Фтордың мөлшері 1,5 мг/л болған кезде дақтардың түсі ақшыл-сары түсті болады.
Слайд 36
Егер фтордың құрамы 1,5—2 мг/л болса, зақымдану толқын тәріздес немесе көптеген
нүктелі эрозиялар (теңбілдер) түрінде болады. Дақтар қою-қоңыр түсті, күрек тістердің кесу қырларына жақын орналасады. Фтордың мөлшері жоғары болған кезде эрозиялар бір-бірігімен «қосылады» да, пигментті және бор тәріздес дақтармен бірге кіреукеге желінген түр береді. Флюороздың түрлері өмір бойы сақталады және бір түрі екінші түрге өтпейді.
Слайд 37
Тістердің флюорозы бес дәрежеге бөлінеді.
Штрихті түрі. Эмальдың перикимат аймағында орналасатын әлсіз
байқалатын жолақтардаң пайда болуы тән, флюороздың бұл түрімен көбіне жоғарғы жақтын ортаңғы және бүйір күрек тістері, сирек төменгі жақтын осы тістері зақымданады. Процесс тістің вестибуляры бетін алып жатады.
Дақты түрі— күрек, ит, кіші және үлкен азу тістердің кіреукесінің өзгерістері едәуір айқын және тіс сауытының әр түрлі бөлімдеріне орналасатын бортәрізді дақ түрінде пайда болады. Дақтың боялу белсенділігі оның орталық бөлімдеріне едәуір айқын дақтың шеттеріне қарай біртіндеп өткір шекарасыз қалыпты кіреукеге ауысады. Кіреукенің бор тәрізді дақ аймағындағы беткейі тегіс, жылтыр. Кейде тіс сауытының жекелеген бөлімшелерінде ашық қоныр және көмескі қоныр түсті жекеленген пигментация бөлімшелері болады.
Слайд 38Бортәріздес-теңбілді түрі. Негізінен, барлық топтағы тістер зақымданады. Зақымданудың клиникалық көрінісі әр
түрлі. Кейде тіс сауытының барлық беткейі пигменттелген, бор тәріздес, жылтырлығын сақтайды, бірақ көбінесе күңгірт түсті болады. Кейде кіреуке пигментациясының жеке ошақтары ақшыл-қоңыр немесе қою-қоңыр түсте болады. Дақтар фронтальды тістердің вестибулярлы беткейінде орналасады.
Кіреуке беткейінің жылтырлығын жоғалтқан жағдайда, онда кіреукеде кішігірім дөңгелек пішінді ақаулар диаметр 1,5мм, тереңдегі 0,1-0,3мм ашық –сары немесе көмескі түсі байқалады.
Слайд 39Эрозияланған түрі — тіс тіндерінің ауыр зақымдануы, бұл кезде кіреуке дистрофиясы
және пигментациясы күрт айқындалған (кіреуке қатпарының бортәріздес өзгеруі). Аздаған теңбілдердің орнына біршама ауқымды және терең ақаулар – эрозиялар пайда болады. Эрозиялардың теңбілдерден айырмашылығы әр түрлі болады. Кіреуке тіпті дентинге дейін желінуі анықталады.
Деструктивті түрі судағы фтордың құрамы көп болатын, флюороздың эндемиялық ошақтарында кездеседі (10—20 мг/л). Флюороздың күрт айқындалған көріністерімен қатар, эрозияның, тістің жеке бөліктерінің желінуі және сынуының әсерінен сауыт түрлерінің өзгерістері байқалады. Бұл түрінде тек кіреуке ғана емес, сондай-ақ дентиннің де зақымдануы пайда болады.
Слайд 40Флюорозды емдеу
Флюороздың терапиясы патологиялық процесстің сатысына байланысты болады. Флюороздың жеңіл және
орташа түрлерінде ағарту қолданылады, ашық емес дақтар кіреуке микроабразиясы арқылы алынады. Ауыр түрлерінде ақауларды пломбалау қажет немесе сауыттар дайындау қажет.
Құрамында кальций бар, бірақ фторы жоқ тіс сықпаларын қолдану ұсынылады.
Тек кіреукенің түсі өзгерген флюороз кезінде реминералдаушы терапияны қолдана отырып, ағарту жүргізген тиімді болады. Емдеу кезеңінде ішке кальций препаратын қабылдау ұсынылады. Кіреукенің табиғи жылтырлығының қалыптасуы 6-8 ай аралығында байқалады. Емдеу курсын пигменттелген дақтардың пайда болуынан бастап қайталау қажет. Жеке гигиена ережелерін мұқият ұстау, реминералдаушы әсері бар сықпаларды қолдану ұсынылады.
Слайд 42Эрозияланған және деструктивті түрлерінде тістің түрін және түсін қалыптастыру әдістері кеңінен
қолданылады.
Кейде кіреуке ақауын тегістейді, кейде композитті фотополимерлермен пломбаланады. Флюорозды болдырмауда, сыртқы (фтордың көп болуы) және ішкі ортаның (зат алмасуының бұзылуы) жағымсыз әсерелерін жоюға бағытталған алдын алу шаралары аса маңызды орын алады.
Слайд 43ДДҰ қабылдаған аурулардың халықаралық жіктелуі бойынша, флюороз 5 түрге бөлінеді:
1-ші түрі
– күмәнді - бірнеше ақ теңбілдер немесе сирек ақ дақтар пайда болады;
2-ші түрі - өте әлсіз - кіреукенің бетінде ұсақ мөлдір емес ақ дақтар болады олар кіреуке бетінің 25 процент алып жатады;
3-ші түрі – әлсіз - тіс кіреукесінде мөдір емес дақтар едәүір үлкен, бірақ кіреуке бетінің 50% аспайды;
4-ші түрі – орташа - тіс кіреукесінің барлық беті зағымдалған. Беттерінің мұқаулы байқалады, көбіне кіреуке беті қоңыр дақтар жайлап кетеді;
5-ші түрі - кіреукенің барлық беті зақымдалған, ауқымды ошақтар қоңыр түсті және кіреуке деструкциясы болады.
Слайд 44Алдын алу ішетін судағы фтордың құрамы жоғары болғанда, бірлесе жүргізілуі тиіс.
Алдын алу шаралары ұжымды және жеке болып бөлінеді.
Слайд 45Флюороз кезінде ремтерапия курсында кальций глицерофосфатын қабылдау мөлшері :
7-9 жаста —
тәулігіне 0,5 г (30 күн);
10-13 жаста — тәулігіне 1,0 г (30 күн);
14-16 жаста — тәулігіне 1,5 г (30 күн).
Тістердің қатты тіндерінің минералдануы үшін қажетті, құрамында биологиялық белсенді заттары бар препараттар (антиоксиданттар, микроэлементтер), витаминдер (кламин, компливит, квадевит и др.) қосымша тағайындалады. Кламинді 30 күн бойы тамақ алдында 15 мин бұрын күніне 1 таблеткадан тағайындайды; компливит немесе квадевит —7—9 жастан күніне 1 дражеден, 10 жастан және одан жоғары— бір ай аралығында күніне 2 дражеден.
Слайд 46Проблемалық жағдай
Стоматологиялық емханаға 11 жастағы бала қаралды. Алдыңғы тістердің косметикалық ақауына
шағымданады. Қарау кезінде ортаңғы күрек тістердің вестибулярлы беткейінде сары-қоңыр түсті кіреукенің ақауы анықталды, зондпен тексергенде ауырмайды, беткейі тығыз. Анамнезінде уақытша күрек тістері ерте жұлынған.
Слайд 47СҰРАҚ
Балада қандай ауру?
Емдеуге бола ма?
Қалай емдеу керек?
Слайд 49ЖАУАП
Ошақты гипоплазия
Ремтерапия
Тістің түсін терапиялық немесе ортодонттық/ортопедиялық әдістермен қалпына келтіру