Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы презентация

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім А) ХІ ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы Б) ХV-XVI ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы В) XIX-XX ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК

ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Пән: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс

Дәріс №2
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы.
 
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы




Шымкент 2016 ж.



«Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы.



Слайд 2Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) ХІ ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Б) ХV-XVI ғ балалар

мен жасөспірімдер гигиенасы
В) XIX-XX ғ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Кіріспе

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы көптеген ғылымдармен байланысты: педиатрия, физиология, педагогика, психология,

соның ішінде физиология және педиатрия ғылымдарымен байланысты арнайы қарастырылады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының педиатрия ғылымымен көптеген ортақ мәселелері бар. Негізінен ол дені сау, дамуы үйдесімді, келер ұрпақты тәрбиелеуге келіп тіреледі.



Слайд 4




Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді.. Мектеп гигиенасы-медициналық салыстырмалы түрде жас саласы болғанымен оның қайнар көзі өте алыстан басталады. Ежелгі Грецияда жастардың денешыныктыру тәрбиесі мемлекеттік сипатқа ие болды. Педагогика мен гигиеналық тәрбиелердің элементтері XI ғасырдағы “Владимир Мономахтың” балаларға үйретулерінде және XV-XVI ғасырлардағы бірқатар еңбектерде көрсетілген. Ежелгі адамдардың тәжірибелеріне жинақтап, зерттей келіп, өткен ғасырлардағы көптеген ғалымдар өздерінің балаларды оқытып, тәрбиелеу жөніндегі теорияларын ұсынды.Бұлар Иороним Меркуриалис (VI ),Джон Локк(XVIII),Ян Амос Каменский (XVI),Жан Жак Руссо(XVIII) т.б.



Слайд 5Ресейде 1871 жылы Петербор қаласындағы Әскери- медициналық академия базасында алғашқы гигиена

кафедрасы құрылды. Кафедраның ірге тасын қалаушы А.П. Доброславин (1842-1889) өзінің мектеп гигиенасына арналған ең алғашқы оқулығын шығарды (1889).
Екінші осындай кафедра Мәскеу университетінде еліміздегі мектеп гигиенасының негізін салушы Ф.Ф. Эрисманның (1842-1915) басқаруымен ұйымдастырылды. Оның балалар денсаулығын сақтау жөніндегі ғылыми еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Оның басқаруымен балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері жасатып, олардың өсуінің заңдылықтары анықталды, жабдықтап, жайластырудың гигиеналық талаптары негізделді Медицинада жақсы танылған «Алыстан көрмеушіліктің пайда балуына мектепің тигізетін әсері» деген жұмысы 1870 жылы жазылған.

Слайд 6Ф.Ф.Эрисман еңбектерінің зор нәтижесі әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығын көрсетеді. Ол гигиена, соның ішінде

мектеп гигиенасы ғылыми бағытта ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бағытта дамуы қажеттілігіне ерекше көңіл бөліп, сонда ғана тиімді нәтиже беретіндігін бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Егер, А. П. Доброславин еңбектерінде мектеп гигиенасына шағын ғана орын берілсе, (мектеп учаскесі мен ғимаратына қойылатын талаптар) Ф.Ф.Эрисман атымен «Эрисман көрсеткіші» «Эрисман партасы» және тағы басқада көптеген түсініктер тікелей байланысты болып келеді



Слайд 7 Мектеп гигиенасының әрі қарай дамуына Ф. Ф. Эрисманның оқушысы

Г.В.Хлопин (1863-1929 жж) өз үлесін қосты. Ол мектеп оқушылары үшін санитарлық дәрежелер құрастырды, «Орта білім беретін оқу орындарындағы оқушылар арасындағы мектептік аурулар» деген енбектерін жазды.
Пәннің дамуына А. В. Мольков (1874-1947ж.ж.) ерекше үлес қосты, әуле земство дәрігері, сонан кейін санитарлық дәрігер, ал 1923 жылдан бастап әлеуметтік гигиена институтының директоры А.В. Мольков халықтың денсаулығына, соның ішінде балаларға санитарлық жағдайлардың әсер етуіне ерекше көңіл бөлді. 1926жылы Москва Университетінің медицина факультетінің базасыңца ең алғашқы мектеп гигиенасы кафедрасын ұйымдастырды. Осы кезең пәннің өз алдына жеке қалыптасуының бастапқы кезеңі болып есепгеледі.


Слайд 8Кафедраны 20 жыл бойы басқара келіп А. В. Мольков, студенттерді оқыту

бағдарламасын дайындады, оқу ісі мен жұмыстарды ұйымдастырды. А.В.Мольков ең алғашқы лекциялар вурсы мектеп гигиенасының ең алғашқы оқу құралы болды. Ол өзінің лекцияларыңца негізінен бағалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы, дене шынықтыру тәрбиесі, балалар мекемелерін жайнастыру, күн тәртібі мен оқу жүктемесі сияқты сұрақтарды қамтыды.
Кейіннен бұл кафедра 1-ші Москва медицина институтына ауыстырымды, ал 2-ші Москва медицина институтында және дәрігерлердің білімін жотарылату институтыңда А.В.Мольков тағы осындай кафедралар ашты. 1934 жылы АВ.Мольков елімізде 5 рет қайта басылымнан өткен «Мектеп гигиенасы» деген ең алғашқы оқулықты шығарды.


Слайд 9 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының құрамына өсіп келе жатқан организмнің ерекшеліктерін

ескере отырып көптеген зерттеулер жүргізетін қосалқы пәндердің бөлімдері енеді: (тағам тану,еңбек, коммуналдық, әлеуметтік гигиена, эпидемиология). 1959 жылы барлық ғылыми зерттеу жұмыстарды біріктіретін ССРО МҒА (ме-дициналық ғылыми академиясы) жүйесінде балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми зерттеу институты ашылды. Осы кезден бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы медициналық жоғары оқу орындарының санитарлық-гигиеналық факультетінің құрамына кірді. Қазақстанда осындай оқу орны Қарағанды мен Алматы қаласында бар.


Слайд 10Қазақстанда алғашқы санитарлық-гигиеналық факультет Алматы мемелекттік медицина институтында 1943 жылы ашылған

болатын. 1948 жылы мектеп гигиенасы кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып құрылды. Оны ұйымдастырған және 1960 жылға дейін басқарған м.ғ.к., доц. В.А.Смирнов болды.
Кейіннен 1964 ж бұл факультет Қарағанды мемлекеттік медицина институтына ауыстырылды және сол жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы коммуналды гигиена кафедрасының құрамына кірді, осы біріккен екі саланың меңгерушісі м.ғ.д., доц. Ботенко Э.К. болды.


Слайд 11 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында қайтадан санитарлық-гигиеналық факультет

ашылып, алғашқы 100 студент қабылданып, оның 30 ең алғаш мемлекеттік тілде дәріс алды. 1991 жылы ашылған коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы студенттерді санитария, гигиена, эпидемиология саласынан екі тілде оқыта бастады. Оның ұйымдастырушысы, әрі меңгерушісі Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, м.ғ.д., профессор Б.А.Неменко болды.


Слайд 12 Осы кезең Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезеңге тура келді және

өткен Кеңестер одағы кезіндегі осы саладағы заңдылық, нормалық құжаттардың барлығы м.ғ.д., проф. Неменко Б.А. басшылығымен, Республикамыздағы осы саладағы басты мамандардың қатысуымен елімізде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес қайта қаралып, бекітіліп, басылып шықты.

Слайд 13Қорытынды
Педиатрия мен гигиенаның бала мен қоршаған ортаға қатынастары да әр түрлі.

Бұл екі ғылым да әсерлесуші жақтарды- сыртқы орта мен баланың организмін ескереді. Педиатрия саласында сыртқы ортаны ескере отырып, оның негізгі әсер ету нысаны баланың өзі болып келеді. Ал, гигиена бала организмінің жауап ретіндегі реакциясын есепке ала – отырып, сыртқы орта факторларына әсер етеді, оны ұйымдастыруға, қажет болған жағдайда оны адамдардың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне байланысты өзгертуге тырысады.



Слайд 14Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова

Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
 

Слайд 15Қорытынды сұрақтар:
1. Балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы қашан құрылған?
2. Екінші гигиена

кафедрасы қашан құрылды?
3. Қазақстандағы алғашқы мектеп кафедрасы қай жылы және қай жерде ашылды?


Слайд 16НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика