Нерв жүйесінің тұқым қуалайтын –дегенеративті ауруларың жіктелуі презентация

Содержание

Слайд 1Нерв жүйесінің тұқым қуалайтын –дегенеративті ауруларың жіктелуі.
1) нерв-бұлшық ет аппаратының

зақымдануы
2) пирамидалық жүйенің зақымдануы
3) экстрапирамидалық жүйенің
зақымдануы
4) көру нервісінің зақымдануы
5) факоматоздар

Слайд 2ПРОГРЕССИВТІ БҰЛШЫҚ ЕТ ДИСТРОФИЯЛАРЫ
- БҰЛ БІРІНШІЛІК МИОПАТИЯЛАРДЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ТҮРІ,

АУРУ үдемелі АҒУМЕН СИПАТТАЛАДЫ.
НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТІСПЕУШІЛІКТІҢ ӘСЕРІНЕН КЕЙІН ДАМЫҒАН БҰЛШЫҚ ЕТ АТРОФИЯЛАРЫ ЕКІНШІЛІК НЕМЕСЕ ЖҰЛЫНДЫ ЖӘНЕ НЕВРАЛДІ БОЛЫП САНАЛАДЫ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ АМИОТРОФИЯЛАР ДЕП АТАЙДЫ.


Слайд 3 Миодистрофиялар - көбінесе балалық шақта басталады, өте тез дамып

науқастың толық қозғалмауына әкеледі.

Слайд 4Нерв- бұлшық ет ауруларының жіктелуі
- бұлшық еттердің біріншілік зақымдануы
- екіншілік

зақымдануы немесе неврогендік атрофиялар (амиотрофиялар)
- миастения
- миотония
- салдану

Локализациясы бойынша жіктелуі:
I – перифериялық мотонейроның зақымдалуы;
II – қозғалтқыш нервті түбіршелердің аурулары
III – перифериялық нервтердің зақымдануы;
IV- нерв-бұлшық ет өткізгіштігінің бұзылуы
V- бұлшықеттер ауруы;


Слайд 5Б. М. Гехт және Н. А. Ильинаның жіктеуі бойынша жіктелуі (1982)
1

– тұқым қуалайтын түрлері
2 - тұқым қуаламайтын немесе фенокопиялар.

Тұқым қуалайтын түрлері мутантты геннің тұқым қуалауы бойынша бөлінеді:
А. X- байланысқан бұлшық ет дистрофиясы: а) ауыр түрі (Дюшенн); б) жеңіл түрі (Беккер)
Б. Аутосомды-рецессивті бұлшық ет дистрофиясы:
а) аяқ-бел миодистрофиясы немесе бозбалалық (Эрб-Рот);
б) балалық миодистрофия:
в) туа пайда болған миодистрофиялар.
В. Иық- жаурын түрі (Ландузи-Дежерин).
Г. Дистальді миодистрофия
Д. Окулярлы миодистрофия
Е. Окулофарингеальді миодистрофия.

Слайд 6Х – байланысқан миодистрофиялар

Дюшенн жалғангипертрофиялық миодистрофия түрі
G. Duchenne-мен

1868 ж ашылған, бұл миодистрофиялардың ішінде ең қатерлі және тараулы түрі.

Ауру ерте басталуымен және тез үдемелі дамуымен сипатталады, бірінші белгілері 2-5 жаста басталады, 8-10 жасқа келгенде балалардың жүрісі күрт бұзылады, ал 14-15 жаста науқастар толық қозғала алмайтын болады да, 15-18 жасқа келгенде летальді аяқталады.

Дюшенн псевдогипертрофиялық формасы рецессивті тип бойынша беріледі.


Слайд 7Клиникалық көрінісі
балалардың 1-2 жастарында қимыл функцияларының бұзылуы байқалады.
жүрістері

теңселу, ырғалу тәрізді немесе ондай жүрісті "үйрек" жүріс деп атайды. Бел аймағында лордоз пайда болады.
бірінші симптомдарының бірі болып балтыр бұлшықеттерінің үлкеюі немесе гипертрофиялануы болады, біртіндеп сан мен жамбас бұлшық еттерінің үдемелі әлсізденуі және гипотрофиясы дамиды.
бұл процесс жоғары қарай дамып бұлшықеттердің әлсізденуімен гипотрофиясы иық пен арқа бұлшықеттеріне тарайды, одан кейін қолдардың проксималді жақтарына тарап «қанат тәрізді жаурын " симптомы дамиды.
екібасты және үшбасты бұлшықеттердің рефлекстері және тізе сіңірлік рефлекстері жойылып кетеді, ал ахиллов рефлексі ұзаққа дейін сақталады. Дюшенн миодистрофиясының келесі белгілері интеллекттің төмендеуі, бұлшықеттердің зақымдануымен қоса сүектердің де патологиясы пайда болады.
жүрек бұлшықетінің зақымдалуы да болады— кардиомиопатия дамиды ЭКГ- дағы өзгерістерді патологиялық процесстің бастапқы сатыларында қөреміз.


Слайд 8Беккер псевдогипертрофиялық миодистрофиясы
жиілігі бойынша екінші орында тұр, Х – байланысты

форма, аурудың ағымы қатерсіз, 1955 жылы бірінші рет сипатталған.
бастапқы симптомдары 10-15 жаста байқалады, бел- бөксе бұлшықеттерінің әлсізденуі мен сипатталады.
науқастардың жүрісі өзгереді, орындықтан тұрғанда, баспалдақпен көтерілгенде қозғалыс қиналады, сонымен қатар балтыр бұлшықеттері жалған гипертрофияланады.

Слайд 9Дюшенн ауруынан айырмашылығы:


Интеллекттің төмендеуі болмайды
Кардиомиопатия болмайды
Ауру ағымы қатерсіз, жұмсақ, ұзақ

уақытқа дейін науқастар өздеріне қарай алады, жеңіл жұмыс істей алады.
Беккер ауруының морфологиялық өзгешелігі бұлшықет тіндеріндегі регенераторлы процесстердің сақталуы.
Беккер миодистрофиясында миоглобинпероксидаза белсенділігі сақталынған, Дюшенн ауруында ол күрт төменгдеген.

Слайд 10 Аяқ –бел Эрб миодистрофиясы
аурудың басталуы 14-16 жас аралығында байқалады,

бірақ ең бірінші симптомдары 10 жасқа дейін, кейде 30 жастан кейін көрінуі мүмкін. ( кеш басталған миопатиялар)
Эрб дистрофиясы - аутосомды-рецессивті түрде тұқым қуалайтын ауру.

Слайд 11Клиникалық көріністері

бұлшық ет әлсіздігі, жамбас

пен аяқтардың жоғарғы жағындағы бұлшықеттердің семуі болады. Көбінесе арқа мен құрсақ бұлшықеттері әлсізденіп науқас
" үйрекше" жүреді, бел аймағында айқын лордоз және іштің алдыға қарай шығуы болады. Науқастардың интеллеті бұзылмайды.
бет бұлшық еттері зардап шекпейді
Ферменттердің деңгейі қанда жоғарлаған, бірақ Дюшен формасына қарағанда аз.
30 жас шамасына қарай жақындағанда.
қозғалыстың толық жойылады.

Слайд 12Эрб-Рот миопатиясы


Слайд 13Миопатия Эрба-Рота


Слайд 14 Ландузи-Дежерин миодистрофиясының бет- жаурын – иық түрі


Ландузи-Дежерин формасы аутосомды-доминантты түрде тұқым

қуалайды.
Дюшенн және Эрб формаларына қарағанда сирек кездеседі, әйел адамдар жиі аурады. ( 3:1).
Ландузи-Дежерин миодистрофиясы аурудың біршама қатерсіз түрлеріне жатады, науқастарда өзін-өзі күтү және жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігі сақталады.

Слайд 15 КЛИНИКАЛЫҚ

КӨРІНІСІ
Аурудың айқын көріністері 20-25 жаста байқалады.
Бұлшық ет әлсіздігі және семуі ең алдымен иық, бет, қолдардың жоғарғы жақтарында білінеді. Аурудың аса дамыған кезеңінде көз бен ауыздың, үлкен кеуде , ромбтәрізді, трапеция тәрізді, иықтың екі басты және үш басты бұлшықеттері зақымдалады.


Слайд 16Биохимиялық әдістерді қолданумен миодистрофиялардың диагностикасы.
Қанда КФК, альдолаза, АСТ, АЛТ,

ЛДГ ферменттерінің жоғарлауы.

Аталған ферменттердің жоғары белсенділігі Х- байланысқан түрлеріне тән, бастапқы сандарынан 5-10 есе жоғары.
ал тұқым қуалаудың басқа түрлерінде олардың мөлшерлері аз болуы мүмкін, 2-3 есе ғана жоғары.

Слайд 17Үдемелі миодистрофиялардың емі.
Емінің негізінде симптоматикалық медикаментозды терапия жатады,

физиопроцедуралар, массаж, санаторлы-курортты ем.
медикаментозды емнің ішінде витаминдер А,В,С,Д,Е, мильгамма, қан тамырларын кеңейтетін препараттар, антигипоксанттар, церебропротекторлар, АХЭП.
Анаболикалық стероидтар - ретаболил аптасына 2 рет
диета- тағамдарда ақ уыздың мөлшері жоғары болған дұрыс.


Слайд 18Миастения және миастениялық синдром


Слайд 19 Миастения – нерв импульстерінің бұлшық етке жеткізу қызметі бұзылған нерв- бұлшықет

синапстарының аутоиммундық ауруы. Бұл үдемелі ағыммен сипатталатын өте ауыр ауру, аурудың негізінде салдануға әкелетін бұлшықеттердің әлсіздігі мен қажығыштығы жатады.

Слайд 20Аурудың жіктелуі мен ағымы
Миастениялық процесстің ағымы бойынша:
1. Өткінші миастения
2.

Персистерленген миастения
3. миастенияның үдемелі түрі
4.Қатерлі ағымы
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа,ауыр түрлері.


Слайд 21 Таралымды формалары: 1. тыныс алу және жүрек функциясының бұзылуынсыз 2. тыныс алу

және жүрек функциясының бұзылуымен Локальді формалары: 1. бет- жұтыну бұлшықеттерінің 2. көз бұлшықеттерінің

Слайд 22Диагностикасы
Диагностикалық мақсатта прозериндік сынақ жасалады, аурудың бұлшық етіне
0,05 %

-дық 0,1 мл. прозерин жіберіледі. Нағыз миастения болса бұлшықеттің күші қысқа мерзімге артады. Прозериндік сынақ кезінде 0,01 мг/кг атропинді бұлшық етке жіберу керек, ол прозериннің парасимпатикалық әсерін тыяды.
( брадикардия, сілекей ағу, т.б.)

Слайд 23Емі

Нерв- бұлшық ет импульстерін жақсарту үшін (АХЭП: прозерин, калимин, оксазил.);

тимусқа әсер ету (тимэктомия, тимусты сәулелеу);
Аутоиммунды өзгерістерге байланысты (плазмоферез, гормондармен иммуносупрессивті терапия, азатиоприн, метотрексат, гаммаглобулиндерді енгізу – «Октагам»)
Нәтиже болмаған кезде айыршық безді алып тастайды.

Слайд 24Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика