Ас қорыту жүйесінің маңызы. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ішектегі астың қорытылуы презентация

Содержание

Ас қорыту, оның маңызы Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды. Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар

Слайд 1Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің маңызы. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ішектегі астың қорытылуы.


Дәрістің жоспары:
Ас қорыту жүйесінің құрылысы.
Ас қорыту, оның маңызы, түрлері.
Ас қорыту жүйесінің қызметі.
Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
Сілекейдің шығуы және оның реттелуі.
Қарындағы астың қорытылуы.
Ішектегі астың қорытылуы.


Слайд 2


Слайд 3Ас қорыту, оның маңызы
Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі.

Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.

Слайд 4Ас қорыту түрлері
Аутолитикалық – тағам құрамындағыфаерменттер (ана сүті).
Симбиоттық – бактериялар түзетін

ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
Өзіндік
а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).

Слайд 5Ас қорыту жолының қызметі
Ас қорыту қызметі.
Сөл шығару (секреция) – ас

қорыту сөлдерін бөлу. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар - белоктарды ыдыратады; 2) липазалар - майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар - көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.
Қимыл (моторлық).
Сіңіру.
Сыртқа шығару.


Слайд 62. Эндокриндік функция.
Ішек-қарынның кілегей

қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі. Энтерин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қорыту сөлдерінің бөлінуін реттейді; 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.

Слайд 7Ас қорытуды зерттеу әдістері
Адамда ішек-қарын түтігінің қызметін зерттеуде әр түрлі клиникалық

әдістер қолданылады: зонд жұту, радиопилюля қолдану, эндоскопия, рентгеноскопия, рентгенография, электргастрография, ультрадыбыстық зерттеу, т.б.

І. Тәжірибелік

вивисекция

оқшауланған ағзалар

созылмалы тәжірибелер

И.П. Павлов ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде жаңа фистула қою әдістерін ұсынды.

ІІ. Клиникалық-физиологиялық


Слайд 9Ауыз қуысындағы асты қорытылуы
Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам

мұнда 15-3 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.

Ауыз қуысының шырышты қабатының қызметі

Секреторлық.
Қорғаныстық.
Регенерация.
Сіңіру.
Рефлексогендік аймақ.


Слайд 10Сілекей, оның құрамы және маңызы
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын

үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.

Слайд 11Сілекейдің құрамы
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002.

рН = 5,8-7,4.
Су – 99,4-99,5%. Құрғақ зат – 0,5-0,6%

Органикалық заттар
1. Ферменттер:
α-амилаза – полисахаридтерді – декстран – дисахаридтерге дейін ыдыратады.
Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтерді – моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Муцин
3. Лизоцим



Слайд 12Бейорганикалық заттар
Калий, натрий, кальций, магний иондары.
Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.
Родондық қосылыстар.
Йодид, бромид,

фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий.
Аз мөлшерде:
Белоктар, глобулиндер, амин қышқылдары.
Несеп қышқылы, мочевина, креатинин
Ферменттер – протеазалар, пептидтер, липаза, нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т.б.


Слайд 13Құрғақ тағамдарға (кепкен нан, ет ұнтағы) сүтке қарағанда сілекей көп бөлінеді. Құм,

қышқыл секілді заттарға көп мөлшерде сұйық сілекей бөлінеді.

Слайд 14Сілекейдің шығуы және оның реттелуі
Ауыз қуысының рецепторларынан афференттік импульстер үшкіл, бет,

тіл-жұтқыншақ және кезбе жүйкелерінің афференттік талшықтарынымен сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына барады.
Одан симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердің эфференттік талшықтарымен сілекей бездеріне жетеді.

Слайд 15Симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде - симпатикалық сілекей – қою, органикалық заттарға бай,

аз мөлшерде.
Парасимпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде – хордалық – сұйық, көп мөлшерде, минералдық заттарға бай.

Слайд 16Сілекейдің бөліну механизмі - рефлекстік
Сілекейдің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады
Шартты рефлекстік кезең.

Сілекей ас ауызға түспей тұрып, тағамның иісіне, түріне, дәмді тағам еске түскенде бөлінеді. Бұл қыртыс пен сілекей бөлу орталығының қатысуымен жүзеге асады.
Шартсыз рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түсіп, ондағы рецепторларды тітіркендіргенде бөлінеді. Афференттік жүйкелер бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне барады.

Слайд 17Қарындағы астың қорытылуы
Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және

химиялық өңдеуге ұшырайды.

Слайд 18 Қарында 3 түрлі без жасушалары – гландулоциттер бар: негізгі гландулоциттер -

пепсиноген, айнала қоршаған – тұз қышқылын, қосымша гландулоциттер – шырышты зат – муцин шығарады. Осы заттар қарын сөлінің құрамына кіреді.

Слайд 19Адамда тәулігіне 2,0-2,5 л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық. Меншікті салмағы

– 1,002-1,007. Осмостық қысымы – 300 мосм/л (7,5 атм). рН – 0,8 – 1,5, тұз қышқылы көп – 0,3-0,5%

Слайд 20Қарын сөлінің құрамы
Н2О – 99,0-99,5%
Құрғақ қалдық – 1,0-0,5%


Слайд 22Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі
Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйкелік және гуморалдық механизмдермен

жүзеге асады.
Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді.

Слайд 23Гуморалдық факторлар:
Гастрин.
Гистамин.
Бомбезин.
Мотилин және басқа ГИГ.
Белоктар, майлар ыдырауының өнімдері және т.б.


Слайд 24Қарын сөлі бөліну кезеңдері
I. Күрделі рефлекстік – ми кезеңі
III. Ішек кезеңі

– ас ішекке өткенде.
Қарын секрециясын ынталандырушылар: энтерогастрин, бомбезин, белок гидролизі өнімдері, экстрактивті заттар.

Шартты рефлекстік

Шартсыз рефлекстік

II. Қарын (нейрогуморалдық) кезең

Механикалық

Гуморалдық (гастрин, гистамин, бомбезин)


Слайд 25Қарынның сөл шығаруын тежейді:
Гастрон, энтерогастрон.
Соматостатин.
ВИП – вазоактивті ішек пептиді.
Холецистокинин-панкреозимин.
ЖИП (желудочный ингибирующий

пептид) –
қарын-ішек пептид .
6. Глюкагон.
7. Май алмасу өнімдері.


Слайд 26Жіңішке ішектегі астың қорытылуы
Жіңішке ішек адам бойынан 4-5 есе ұзын және

3 бөлімнен тұрады: 1) 12-елі ішек, 2) аш ішек, 3) мықын ішек.
Астың ішектегі қорытылуы қуыстық және мембраналық қорыту түрінде өтеді.
12-елі ішектегі қоректік заттардың гидролизі ұйқы безі, ішек сөлдерінде болатын ферменттер мен өттің әсерінен жүреді.
Химус ішекте 10-12 сағат кідіреді.


Слайд 27Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері
Ұйқы безі сөлі түссіз сұйықтық.
Меншікті

салмағы 1,007-1,009.
рН – 7,8-8,4 (сілтілік реакция бикарбонаттардың болуына байланысты).
Тәулігіне 1,5-2,0 л. сөл бөлінеді.

Су – 99%

Құрғақ зат – 1%


Слайд 30Ұйқы безі сөлінің бөлінуі, оның кезеңдер
Ұйқы безінің секрециясы ас қабылдаған соң

2-3 минуттан соң күшейеді және 6-14 сағатқа созылады.

Ұйқы безі сөлінің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады:

I. Күрделі рефлекстік кезең

Шартты рефлекстік

Шартсыз рефлекстік

II. Гуморалдық химиялық
Гастроинтестиналдық гормондар әсерінен жүреді


Слайд 31Сөл бөлінуін күшейтеді:
Просекретин HCl секретин
Панкреозимин-холецистокинин
Бомбезин, гастрин, инсулин

Сөл бөлінуін тежейді:
Глюкагон, кальцитонин,

ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин.

Слайд 32Өт, оның маңызы
Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде

түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.
Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.

Слайд 33Жіңішке ішектегі астың қорытылуы.
Ішек сөлінің құрамы

Ішек сөлі либеркюн бездерінде

түзіледі, сарғыштау, өзіне тән иісі бар сұйықтық. рН – 7,2-7,5, 8,6-9,0-ға деін жетеді. Су – 98% . Құрғақ зат – 2%.

Органикалық заттар: қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар.
Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклеаза.
Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте.
Липаза, фосфолипаза, фосфатаза.
Муцин.


Слайд 34Бейорганикалық заттар:
1% минералдық тұздар : К+, Na+, Ca2+, хлоридтер,

бикарбонаттар

Ішек сөлінің бөлінуі
Ішек сөлінің бөлінуі нейрогуморалдық жолмен өтеді.
Ас механо- және хеморецепторларды тітіркендіріп, сөл бөлінуі интрамуралдық жүйке жүйесінің қатысуымен рефлекстік жолмен күшейеді


Слайд 35 Полостное пищеварение
Пристеночное пищеварение
Строение ворсинки


Слайд 36Мембраналық ас қорыту
Уголевым А. М. ашқан
Қуыстық ас қорыту жолымен ірі

молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады.

Слайд 37Мембраналық ас қорытуға қатысатын негізгі ішек ферменттері:
көмірсулар гидролизі - α-глюкозидазалар

(мальтаза, трегалаза), лактаза, инвертаза, т.б..
олиго- және дипептидтер гидролизі – пептидазалар;
сілтілік фосфатаза, липаза.

Слайд 38Ішектің қимыл әрекеті
Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай

салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады.

Слайд 39Қимыл әрекетінің 5 түрі бар
Ширақтық (тонустық).
Маятник тәрізді.
Ырғақты бунақталу.
Перисталтикалық.
Кері перситалтикалық (құсу).


Слайд 40Қимыл әрекетінің реттелуі
Ішектің автоматиялық қасиеті бар. Вегетативтік жүйке жүйесімен реттеледі. Кезбе

жүйке қимыл әрекетін күшейтсе, симпатикалық жүйкелер оны тежейді.

Гуморалдық реттелуі

Қимыл әрекетті күшейтеді: вазопрессин, окситоцин, брадикинин, серотонин, гистамин, гастрин, холецистокинин-панкреозимин, қоректік заттардың, әсіресе майлардың қорытылу өнімдері, т.б.

Тежейді: адреналин, норадреналин


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика