Артропатиялық псориаз презентация

Жоспары: І.Кіріспе Псориаз туралы түсінік ІІ.Негізгі бөлім.

Слайд 1Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.


Дерматовенерология кафедрасы

Тақырыбы: Артропатиялық псориаз



Орындаған: Раимбекова А
Курс :4
ТОП:07-026-1 қ
Тексерген:


2011 жыл.


Слайд 2

Жоспары:
І.Кіріспе
Псориаз туралы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Этиологиясы мен патогенезі
2.Артропатиялық псориаздың клиникасы
3.Диагностикасы
4.Псориаздың емі
ІІІ.Қорытынды.

Слайд 3Кіріспе

Псориаз - созылмалы,қайталанып тұратын

тері ауруы.Ауру көбінесе 16 мен 25 жас аралығында кездеседі.Псориаз жедел басталады,терінің үстінде тарының дәніндей немесе кішірек бұршақ тәріздес ұсақ бөртпе – түйіншектер шығады,алғашында олар ашық түсті болады,тез арада олардың үстін күміс түсті ақ қабыршақтар жауып кетеді.Түйіншектер бірте-бірте үлкейіп,әр түрлі көлемді табақшаларға айналады.Бұлар кейде бір-бірімен қосылып,терінің бірталай көлемін алып жатады.Кейде табақшалар шетіне қарай өсе бергенімен орталығында жұқарып жазыла бастайды.Сондықтан олар дөңгелек қалыпқа енеді.

Слайд 4 Псориаздың табақшалары шектеулі болады,ашық-қызғылт немесе қызыл түсті

бетінде көптеген қабыршықтар болады.Түйіншіктердің бетін тырнау арқылы псориазға тән «Псориаздық үштік » атты феномендерін көруге болады.Түйіншектердің бетін тырнағанда алдымен «Стеарин дағы» белгісін көруге болады,ол қабыршақтардың майдаланып,қаптап түлей түсуі.Әрі қарай тырнағанда фосфор тәрізді жұқа қабық «терминалды қабық» пайда болады.Осы қабықты алып тастаған соң жеке-жеке қан тамшылыры пайда болады.Ол қабықты «Қан шығы » деп атайды.

Слайд 5Псориаздың өрістеуін 3 кезеңге бөлеміз:
Үдемелі кезең
Тұрақты кезең
Аяқталу кезең
Үдемелі

мерзімнің ерекшелігі болып бөртпелердің ұсақ болып көптеп шығуы,үдемелі мерзімде табақшалардың шетінде қабыршақтар болмайды,жіңішке қызыл белдеу қалады.Бұл мерзімде зақымданған теріде жаңадан псориаздың бөртпелері пайда болады,оны Кебнер белгісі деп атаймыз.
Тұрақты мерзімде қабыршақтар псориаздық табақшалардың бетін түгел жауып тұрады.
Аяқталу мерзімінде қабыршақтар азайып,жұқарып,мүлдем жоқ болып кетеді,кейде орнында ақшыл қоңырқай дақ қалуы мүмкін.

Слайд 6Псориаздың этиологиясы мен патогенезі

Псориаздың

неліктен,неден пайда болатыны жайлы толық жауап жоқ.Псориаздың дамуы әсіресе стрестен кейін басталады,кейде ішкі секреция бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін. Зат алмасу процестерінің бұзылуымен,әсіресе холестеринмен де байланысты болуы мүмкін.Түрлі инфекциялық ошақтардың да болуы ,осы псориаздың дамуына әсерін тигізеді деп есептеледі.

Слайд 7Артропатиялық псориаз
Псориаздың бұл түрінде буын зақымдануы мүмкін,әдетте аяқ-қолдың

кішкене ,кейде ірі буындары да ауырады.Алғашында тек буындар ғана ауырады.Кейінірек олар ісініп,жан-жағындағы тіндердің сіңбесіне байлнысты қимылы қиындайды,келе-келе буын тіпті қатып, қозғалуға келмей қалуы мүмкін



Слайд 8Артропатиялық псориаз көріністері


Слайд 9 Артропатиялық псориаз көріністері


Слайд 10Диагностикасы
Псориазды диагностикалауда бірінші кезеңде аурудан шағымдары мен анамнезін

толық жинау керек. Көбіне науқастар терінің симметриялы жерлерінде орналасқан бөртпелерімен келеді. Бөртпелер қатты қышиды және терінің тартылып тұрғандай сезім мазалайды. Анамнез жинағанда науқастың алдында тонзилит немесе басқа аурумен ауырған-ауырмағанын сұрап білу керек. Бұл аурулар псориаз дамуына себеп болуы мүмкін.
Псориаздық бөртпеде 3 феноменді көруге болады:

Слайд 11 «Стеаринді дақ», «терминалды қабық», «қан ,шығы».Ал басқа ауруларда

болатын түйіншектердің бетінде тек «стеаринді дақ» белгісін көреміз.Терінің қатты қалыңдап кетуі,ошақтардың шетінде сыдырылып жырымдалып кеткен мүйізді қабаттың болмауы,бетін тырнаған кезде «терминалды қабық» пен «қан шықтары» белгілерінің көрінуі псориазды инфекциялық базданудан ажыратуға мүмкіндік береді.

Слайд 12
Псориаздың емі
Симптоматикалық ем
Жақпа майлар
ПУВА-терапия және фотохимиотерапия
УФО
Кортикостеройдтар
Анаболикалық препараттар
Массаж,ЛФК,балшықпен

емдеу

Слайд 13Қорытынды
Псориаз – қайталанып тұратын тері ауруы. Ауру қарапайым

дамыса, аурудың жалпы жағдайы ауырламайды.Бұл ауру көбінесе қүз,қыс немесе жаз айларында қайталанады да, бірнеше айға созылады.Сондықтан, ауруды дер кезінде диагностикалап, емдеу маңызды. Дер кезінде жүргізілген диагностика аурудың асқынуына жол бермей, емделуге жақсы болжам береді.

Слайд 14Пайдаланыған әдебиеттер
1.Ю.К. Скрипкин “Кожные и венерические болезни”, издательство “Триада -

фарм”, Москва, 2005г.
2.Елисеев Ю.Ю. «Заболевания кожи. Полный справочник» Елисеев Ю.Ю. Москва. 2000 г.
3.В.В.Владимиров «Диагностика и лечение кожных болезней». Санкт-Петербург. 1998г
4.www. medline.ru
5.www.mma.ru



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика