Слайд 1Артериялық гипертензия синдромы
Дайындаған Д.Даутов
Слайд 2Артериялық гипертензия
Артериялық қысым – қан тамырындағы қанның тамыр қабырғаларына түсіретін кернеу
күші (қысымы).
Артериялық қысым деңгейі үш гемодинамикалық факторға байланысты:
1. Жүрек соққы көлемі
2. Жалпы шеткейлік тамырлар қарсыласуы
3. Айналымдағы қан көлемі
Слайд 6Қалыпты жағдайдағы артериялық қысым
Сау адамдағы артериялық қысым деңгейлері (мм
сбб):
САҚ ДАҚ
Оптимальды <120 <80
Қалыпты 120-130 80-85
Жоғарғы қалыпты 130-139 85-90
Слайд 7Артериялық гипертензия
Артериялық гипертензия деңгейі (мм сбб):
САҚ ДАҚ
І дәрежелі 140-159 90-99
ІІ дәрежелі 160-179 100-109
ІІІ дәрежелі 180 және> 110 және >
Слайд 11Артериялық гипертензия
Артериялық гипертензия пайда болу себептеріне қарай жіктелуі:
Біріншілік ( эссенциялық)
Екіншілік (
симптоматикалық)
Слайд 12Артериялық гипертензия
Біріншілік артериялық гипертензия
Этиологиялық факторлары:
Эмоциялық жүктемелер ( нервтік-психикалық зорығу): көңіл күйзелістері, стресс
Тұқым қуалаушылық
Жұмыс орнындағы теріс әсерлер:стресс, шуыл, вибрация, көзге күш түсу
Бас ми травмалары
Семіру
Слайд 13Артериялық гипертензия
Екіншілік артериялық гипертензия себептері
Бүйрек аурулары (гломерулонефрит, пиелонефрит, нефросклероз)
Ішкі секреция
бездері аурулары ( Иценко-Кушинг синдромы, феохромоцитома, жайылмалы токсикалық зоб ж.т.б.)
Тамырлар патологиясы (вазоренальды гипертензиялар)
Слайд 14Артериялық гипертензия
Науқас шағымдары: көп жағдайда науқас адамға білінбей жүреді
Кейбір науқастарда
невроздық шағымдар болады: басы ауырады, қозғыш, ашушаң келеді, ұйқысы бұзылады, ой жұмысына қабылеттілігі төмендейді, тез шаршағыш келеді
Слайд 15Артериялық гипертензия
Физикалық көріністер
Жүрек
ұшы соққысы күшейген, биік, резис-тентті, жайылған, солға және төмен ығысқан
Пульс қатты келген (Pulsus durus)
Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек конфигурациясы - аорталық
ІІ тон аорта нүктесінде күшейген, І тон жүрек ұшында - әлсіреген
Артериялық қысым деңгейі жоғарылаған
Слайд 19Артериялық гипертензия
Артериялық гипертензия асқынулары
Инсульт (миға қан құйылу)
Миокард инфарктісі
Жүрек
шамасыздығы
Аорта аневризмасы
Бүйрек шамасыздығы
Соқырлық
Слайд 20Артериялық гипертензия асқынулары
Слайд 27Артериялық гипертензия асқынулары
Слайд 28Артериялық гипертензия
Қосымша зерттеулер
Қан сары суындағы холестерин, липидтер деңгейлерін тексеру
Қан сары суында азот қалдықтарын тексеру
Зәр анализінде: микроальбуминурия
ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясы
Рентгенография: сол жақ қарынша үлкеюі
Эхокардиография: сол жақ қарынша бұлшық еттерінің қалындауы
Слайд 30Қан айналым шамасыздығы
Қан айналым жүйесі шамасыздығы - жүрек қан тамыр жүйелері
орган, тіндерге қанды жеткілікті мөлшерде жеткізе алмауы.
Қан айналым жүйесі шамасыздығы жүрек шамасыздығы және қан тамырлар шамасыздығы болып бөлінеді
Слайд 31Жүрек шамасыздығы
Жүрек шамасыздығы жіті және созылмалы болып жіктеледі
Зақымданған жүрек бөлігіне қарай
сол жақ қарынша шамасыздығы, оң жақ қарынша шамасыздығы деп аталады
Слайд 32Жүрек шамасыздығы
Этиологиялық
факторлары:
Жүрек бұлшық еттерінің тікелей зақымдануы (жүрек ишемиялық ауруы, миокардит, кардиомиопатиялар, анемия, гиповитаминоз, зат алмасу процестерінің бұзылуы)
Жүрекке көлемдік күш түсу ( клапандар жетіс-пеушілігі, айналымдағы сұйық мөлшері көбеюі)
Жүрекке қысымдық күш түсу (клапандар стенозы, артериялық гипертензиялар)
Слайд 34Жүрек шамасыздығы
Жүректің жиырылуы немесе босансуы бұзылыстарына қарай
Систолалық дисфункция –
қан айдалуының бұзылуы
Диастолалық дисфункция – қарыншаның қанға толуының бұзылыстары (қабырғаларының созылғыш қасиеттері төмендегенде)
Слайд 36Жүрек шамасыздығы
Сол жақ қарынша шамасыздығы себептері:
Жүрек ишемиялық ауруы
Артериялық гипертензиялар
Аорта
клапаны ақаулары
Митральды клапан жетіспеушілігі
Кардиомиопатиялар
Миокардит
Слайд 37Жүрек шамасыздығы
Сол жақ қарынша шамасыздығы (қан кіші қан айналымда іркілуі):
Ентігу
Жөтел
(құрғақ, көбіне горизонтальды жағдайда)
Қан түкіру
Тұншығу ұстамалары
Ортопноэ
Өкпеде ылғалды сырылдар естілу
Слайд 40Жүрек шамасыздығы
Оң жақ қарынша шамасыздығы себептері
Митральды клапан ақаулары
Өкпе артериясы тромбоэмболиясы
Өкпе
аурулары (өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, бронхылық астма, пневмония)
Слайд 41Жүрек шамасыздығы
Оң жақ қарынша шамасыздығы белгілері
Ісінулер
Көк тамырлар қанға толып
шодырайып кеңеюі (веналық қысым артуы)
Бауыр ұлғаюы
Асцит, гидроторакс, анасарка
Акроцианоз
Слайд 46Изменение ногтевых фаланг при ВПС
Слайд 47Жүрек шамасыздығы
Нью-Йорк жүрек ассоциациясы (NYHA) классификациясы бойынша ЖШ функциялық
класстары
І ФК- латентті ЖШ, клиникалық белгілері жоқ (сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы)
ІІ ФК – физикалық белсеңділіктің бір шама шектелуі, күнделікті жүктемелер кезінде ЖШ белгілері пайда болады
Слайд 48Жүрек шамасыздығы
ІІІ ФК – физикалық белсеңділіктің едәүір шектелуі , ЖШ белгілері
аз мөлшерде күш түскенде пайда болады
ІY ФК – ЖШ белгілері тыныштық жағдайда болады, науқас төсектік режимде.
Слайд 51Жүрек пальпациясы және перкуссиясы
Слайд 52Оң жақ қарынша гипертрофиясы және дилатациясы