Ағзаның арнайы және арнайы емес қорғаныс факторлары. Олардың жақ-бет аймағы қабыну ауруларындағы ролі презентация

Содержание

*Ағзаның қорғаныс факторларының түрлері; *Арнайы қорғаныс факторлар * Иммунологиялық жеткіліксіздіктің негізгі синдромдары *арнайы емес қорғаныс факторлар; *Арнайы иммунды реакцияның түрлері *Бет-жақ сүйек аймағы қабыну аурулары кезінде ағзаның қорғаныс жүйесі

Слайд 1Кафедра:Хирургиялық стоматология Тақырыбы: Ағзаның арнайы және арнайы емес қорғаныс факторлары. Олардың жақ-бет

аймағы қабыну ауруларындағы ролі. Орындаған: Сагинова Д.С Факультет: Стоматология Курс: 4 Группа: 12-002-02 Қабылдаған: Стабаева Г.С

Слайд 2*Ағзаның қорғаныс факторларының түрлері; *Арнайы қорғаныс факторлар * Иммунологиялық жеткіліксіздіктің негізгі синдромдары *арнайы

емес қорғаныс факторлар; *Арнайы иммунды реакцияның түрлері *Бет-жақ сүйек аймағы қабыну аурулары кезінде ағзаның қорғаныс жүйесі

Жоспар:


Слайд 3Организмнің иммунды жүйесі – барлық лимфоидты мүшелер мен лимфоидты жасушалардың бірлесіп

қызмет етуі.

Слайд 4Ағзаның қорғаныс факторлары
Спецификалық (арнайы)
Спецификалық емес (арнайы емес)


Слайд 5Арнайы қорғаныс факторы
Иммунитет жатады.Олар гендер жиынтығындағы өзіндік арнайы қызметі бар, инфекциялық

қоздырғышқа бөлек иммунитет қалыптастырады.
Гендер- иммунокомпетентті жасушалардың қызметі мен өзара қатынасын бақылайды, бөгде антигенге қарсы реакция күшін қамтамасыз етеді.

Слайд 6Арнайы иммунды реакцияның түрлері
Антидененің түзілуі
Жедел түрдегі гиперсезімталдық
Созылмалы түрдегі гиперсезімталдық
Иммунологиялық жады
Иммунологиялық толлеранттылық
Идиотип



Слайд 7Иммунды жүйенің қызметі
Бөгде жасушалар мен модифицирленген жасушаның ағзаға енуінен қорғау;
Ағзаның дамуына

қатыспайтын ескірген,ақауы бар немесе зақымдалған жасушалар мен жасушалық элементтерді жою;
Барлық генетикалық бөгде денелерді нейтрализациялау, элиминациялау.

Слайд 8Иммунды жүйе деңгейін бағалау кезінде иммунологиялық жеткіліксіздіктің негізгі синдромдары :
Инфекциялық синдром-

бет-жақ аймағындағы тіндердің және мүшелердің инфекциялық агентпен зақымдалуы
Аллергиялық синдром- терідегі, асқорыту, жүрек,өкпе, бауыр, бүйректегі түзілістер
Аутоиммунды синдром- эндокринді, ревматикалық, нерв жүйесінің аурулары
Иммунопролиферативті синдром- қан жүйесі аурулары, қатерлі түзілімдер
Тұқым қуалайтын иммуно жеткіліксіздік және иммунды жүйенің ақаулары

Слайд 9Одонтогенді қабыну ауруларының клиникалық көрінісін, патогенезін және иммунитетін білу үшін иммунды

жүйенің ақауын(туа немесе жүре пайда болған), дәрежесін (компенсирленген, декомпенсирленген), иммуно жеткіліксіздікті бағалау қажет.
Бет-жақ аймағындағы қабыну ауруларының диагностикасында иммунды жүйенің бұзылысы мен ақауын анықтау керек. Оны ауру тарихынан, анық клиникалық көріністерінен немесе лабораториялық зерттеу жұмыстарына анықтап білуге болады.

Слайд 10Қабыну процесінде инфекцияға алдымен ағзаның жасушалық, содан соң гуморальды иммунитетінің күштері

қарсы тұрады. Демек, бұл одонтогенді қабыну процесінің өте ауыр кезеңінде ағзаның жасушалық иммунитетінің күштері сарқыла бастағанда, гуморальды иммунитетінің күші артады деген сөз. Гуморальды иммунитеттің қызметі А,М,G- иммуноглобулиндерімен жүзеге асады. Сонымен қоса, сілекейдің ферменттері (лидаза, амилаза) мен гуморальды (А-иммуноглобулин) куштері де инфекциялық процеске өзіндік қарсылық білдіреді.

Слайд 11Иммунологиялық жеткіліксіздік түріндегі иммунопатология әр түрлі этиологиялық факторлармен шақырылған мүшелер мен

жүйелердің инфекциялық ауруларымен байланысты. Бұл кезде жасушалық иммунитет жүйесі нашарлайды да, жақ-бет аймағының қабыну үрдісі дамып, одонтогенді және басқа да инфекцияларға адекватты реакциясы төмендейді.

Слайд 12Аллергиялық және аутоиммунды аурулар да иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде жақ-бет аймағындағы

қабыну ауруларының жергілікті және жалпы симптомдары өзгереді. Ол Т-жасушалардың, антидене түзілудің кооперациясының өзгерісіне байланысты.
Лейкопролиферативті және неопластикалық аурулар иммунокомпетентті жасушалардың атипиялық клонының пролиферафиясына алып келеді.



Слайд 13Арнайы емес резистенттілік- бөгде генетикалық материалдың енуіне және жедел нейтрализациясы мен

элиминациясы арқылы организмнің қорғанысына бағытталған әр түрлі мүшелер мен жүйелердің қасиеттерінің бірігуі

Слайд 14Арнайы емес қорғаныс факторы
Жасушалық немесе гуморальдық факторлар:
фагоцитоз,
тіндердің бактериоцидтік субстанциясы,
биологиялық

сұйықтық,
комплемент жүйесі,
лизоцим,
пропердин,
интерферон,
гидролитикалық фермент және т.б.жатады.

Слайд 15Ағзаның бейспецификалық қорғаныс күштерінің бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады:
Тері және ауыз

қуысының шырышты қабығы- патогенді микробтарды ағзаға өткізбейтіндей механикалық тосқауыл, бактериоцидтік қызмет атқарады.
Фагоцитоз-қан түйіршіктерінің (гранулоциттер, тін макрофагтары) патогенді микробтарды жалмап қорытатын, жоятын қабілеті;
Комплемент-9- түрлі фракциядан тұратын, құрамына қан сарысуының күрделі ақуыздары кіретін зат. Ол антиген-антидене кешенінің қатысуымен белсенді биологиялық заттардың (серотонин,брадикинин,гистамин) түзілуіне қатысады.Ағзаның антигенге қарсы тұру қасиеті комлементтің С-фракциясымен жүзеге асады.

Слайд 16Лизоцим- жасушалық қабықшаның өткізгіш қасиетін бұзатын фермент.Лизоцимнің қатысуымен жасушалық қабықшаның гликозид

және Н-ацетилмурамин арасындағы байланыс әлсіреуінен микробтар ыдырайды.
Пропердин-қан сарысуының протеині; одонтогенді қабыну процесінде концентрациялық титрі төмендейді.
Қан сарысуының бактериоцидтік қасиеті- қабыну процесінің ауырлық дәрежесін көрсетеді.
С-реактивті ақуыз- сүйекте өтетін қабыну процесінің ауырлығын, ағымын, жүргізілген емнің тиімділігін білдіреді. Қалыпты жағдайда бұл ақуыз қанда болмайды.

Слайд 17Қабыну кезінде ағзаның барлық жасушалық қорғаныс жүйесі-фагоцитарлық, иммундық және дәнекер тіндік

жүйе қатысады.
Арнайы емес резистентіліктің төмендеуі,бұзылуы немесе иммунитеттің төмендеуі кезінде ағзада нормергиялық, гиперергиялық, гипоергиялық типтегі қабыну үрдісі дамиды.

Слайд 18Сүйек тіні мен сүйектің милы заты арнайы емес және иммунологиялық реакцияның

ролін атқаратын мүше болып саналады.Сүйек тінінің қабынуы оның сатысына байланысты-альтерация, эксудация, пролиферация.
Остеомиелиттің морфологиялық көрінісінде тінде альтернативті және пролиферативті өзгерістер байқалады.Оған тамырлардың жергілікті реакциясы, микроциркуляцияның бұзылысы, тіндердің некрозы жатады.Бұл кезде жасушалық кооперация күшейеді, макрофагтың активтілігі және комплемент жүйесінің жұмысы күшейеді.

Слайд 19Эксудация сатысында- тамырлық реакция мен лейкоциттердің эмиграциясы сүйектің некроз ошағында жасушалық

бағанның түзілуін қалыптастырады.Майда некроз ошақтары мен тіндердің іріңдеген жерлері оқшауланып, резорбтивті үрдісті, макрофагтардың фагоцитарлы активтілігін күшейтеді.
Пролиферация сатысында- некроз ошағының айналасында активті түрде грануляциялық тіннің өсуі байқалады.Ол бір жағынан барьерлік қызмет атқарса, бір жағынан некроздалған ошақ шекарасын кеңейте түседі.


Слайд 20Бет-жақ сүйек аймағы қабыну ауруларының дамуына ауыз қуысының қалыпты жағдайдағы немесе

тіс ауруларын тудыратын патогенді микробтардан басқа ағзаның арнайы және арнайы емес қорғаныс күштерінің жағдайлары өзіндік ықпалын тигізеді.Әдетте ағзаның қалыпты жағдайдағы бейспецификалық қорғаныс күштері инфекциялық қабыну процесінің дамуына тосқауыл қояды.Қабыну процесінің алғашқы даму кезеңдерінде ағзаның бейспецификалық қорғаныс күштері патогенді микробтарға қарсы тұрса, кейін олардың қатарына спецификалық қорғаныс күштері қосылады. Осылайша адам организімі арнайы және арнайы емес қорғаныс күштерімен өздігінен реттеліп, әр түрлі патологиялық жағдайлардың алдын алады.

Қорытынды:


Слайд 211) Воспалительные заболевания челюстно-лицевой области и шеи.//Под ред. А.Г.Шаргородского.-М.,Медицина, 1985.-46-81 с. 2)

Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике.//Под ред. И.Д.Столярова., 1999.-176 с. 3) Микробиология и иммунология в стоматологии.//Под ред. Л.Б.Борисова и И.С.Фрейдлин.,1987.-81 с. 4) Бастың және мойынның қабыну аурулары.//Құраш А.Ғ 5) vgmu.ru/files/articles 6) www.rusmedserv.com 7) studopedia.org 8) book.isito.kg

Пайдаланылған әдебиеттер:


Слайд 22НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика