Слайд 1
Ішек иерсинозы және кампилобактерия, тырысқақ қоздырғыштары
Слайд 2Ішек иерсиниозының қоздырғышы
Ішек иерсиниозы - Үегsіnіа еntегосоlitica тудыратын жұқпалы ауру, бұл
ішек - асқазан жолының зақымдалуымен ғана емес, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелердің патологиялық процеске қамтылуымен және жайылымды тенденциямен сипатталады. Қоздырғышты 1939 жылы Д. Шлефстейн мен М. Колеман ашқан.
Таксономиясы.
Тұқымдастыгы: Enterobakteriaceae.
Туыстастыгы: Үеrsinia.
Түрі: Үегsinia enterocolitica.
Слайд 6Морфологиялық жэне тинкториалдық қасиеттері. Иерсиниоз қоздырғышы полиморфты: ұшы жұмырланған, сопақ таяқша,
биполярлы боялады. Спора түзбейді, кейде капсуласы болады. Перитрих, тек 18-20°С-та ғана қозғалады, 37°С-та қозғалысын жоғалтады. Кейбір штамдарда пили болуы мүмкін. Грам теріс. Микрокапсула түзеді.
Дақылдандыру. Үеrsinia enterocolitica - факультативті анаэроб. Қолайлы рН=7,2 - 7,4.22 - 25°С - ең қолайлы температура, бұл осы микроорганизмнің ерекшелігі болып табылады. Қоректік ортаға талғамды емес, қарапайым орталарда өседі.
Слайд 9Ферменттік белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі анағұрлым жоғары. Кейбір көмірсуларға қатысты бес
биохимиялық варианты бар. Идентификациялау үшін қажетті негізгі биохимиялық белгілері:
- мочевинаны ыдыратуы;
- сахарозаны ыдыратуы;
- рамнозаны ыдыратпауы;
- орнитиндекарбоксилазаны түзуі.
Антигендік қасиеті. Бактериялардың О және Н антигендері бар, кейбірінде К антигені анықталған. О антиген бойынша 60-тан астам серологиялық варианттарға бөледі; науқастарда О3, О5, О8, О9 серологиялық варианттары жиі кездеседі. Сонымен қатар 2 вируленттік антигендерге ие - Ү және W
Слайд 11Патогенділік факторлары. Үеrsinia enterocolitica - энтеротоксигенді әсер ететін эндотоксинге ие, кейбір
штамдары энтеротоксигенді және цитотоксикалық әсер көрсететін экзотоксинге ұқсас заттар түзеді. Ішектік иерсинияларда инвазивті ақуыз анықталған. Адгезивті қасиеті пили және сыртқы мембранасындағы ақуызға байланысты. Капсуласы фагоцитозды тежейді.
Резистенттілігі. Ішек иерсиниозының қоздырғышы жоғары температураға, күн сәулесіне, дезинфекциялық ертінділерге сезімтал, дегенмен, төменгі температураға өте төзімді -15-20°С-та жақсы сақталады, 4°С-та көбейеді, 10-15% ас тұзы ерітіндісінде өмір сүре алады
Слайд 14Эпидемиологиясы. Иерсиниоз қоздырғышы көптеген жануарларға патогенді, бірақ оның экспериментальді үлгісі осы
уақытқа дейін жоқ.
Иерсиниоздардың алғашқы аурулары өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Франция, Бельгия, Швецияда анықталған. Қазіргі уақытта бұл ауру әлемнің көптеген мемлекеттерінде кездеседі. Үеrsinia enterocolitica табиғатга кең таралған, ол көптеген жануарлар мен құстардың түрлерінен бөлінген. Иерсинияларды ашық су қоймаларынан табады, олар инфузориямен, балықтармен симбиоз құрайды, осыған байланысты ішек иерсиниозын сапронозды инфекцияға жатқызуға мүмкіндік береді. Адам үшін инфекция көзі көбінесе үй жануарлары (доңыз, сиыр, мысық) болып келеді. Ауру берілу механизмі - фекалды-оралды, негізгі таралу жолдары - тағамдық: ауру тіпті тоңазытқышта сақталған сүт, ет, жеміс-жидек, көкөністі пайдаланғанда туындауы мүмкін. Тұрмыстық қарым-қатынас (ауру малмен адам жанасқан кезінде) және су арқылы таралуы мүмкін. Иерсиниозбен барлық жастағы адамдар ауырады, дегенмен 1-3 жас аралығындағы балалар анағұрлым сезімтал. Ауру жылдың суық кездерінде жиі кездеседі.
Слайд 16Патогенезі. Қоздырғыш ауыз арқылы ағзаға түседі де ащы ішектің төменгі бөлігінің
шырышты қабығына бекіп, қабыну процесін тудырады. Кейде бүл процеске аппендикс шалдығуы мүмкін. Әлсіз адамдарда сепсис, мида, бауырда, көкбауырда екіншілік іріңді ошақтың пайда болуымен жүретік септикопиемия дамиды.
Клиникалық көріністері. Кесел ауырлығы мен клиникалық белгілері бойынша әртүрлі. Гастроэнтероколитикалық, аппендикулярлық, септикалық түрін ажыратады. Жасырын кезеңі 1-4 күн. Ауру жедел басталады, дене температурасы 38-39°С-қа жоғарылайды, жалпы интоксикация белгілері пайда болады, аурудың түріне тән белгілері дамиды.
Иммунитеті. Иерсиниоз кезінде аз зерттелген.
Слайд 19Микробиологиялық диагноз қою. Зертгеу материалдары нэжіс, несеп, қан, жүлын сүйықтығы. Диагноз
қоюдың негізгі әдісі бактериологиялық, ол қоздырғышты идентификациялауға. антибиотикограмманы анықтауға, түр ішілік идентификацияны (серологиялық, биохимиялық вариантын. фаговарын анықтау) жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымша түрде серологиялық зерттеу әдісі қолданылады (ЖГАР жэне ИФР).
Емдеуі. Антибиотиктер тағайындайды - тетрациклин қатары мен хлорамфеникол.
Алдын алуы, Санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау, әсіресе ас-тағамдарын сақтау мен дайындау технологиясын бұлжытпай орындау.
Слайд 20Тырысқақ қоздырғышы
Тырысқақ - өте қауіпті карантинді жұқпалы ауру, ащы ішектің зақымдалуымен,
су-тұз алмасуының бұзылуымен және жалпы интоксикациямен сипатталады. Тырысқақ вибрионын 1883 жылы неміс ғалымы Р.Кох осы ауруға шалдыққан науқастан бөлді. Індетті Vibrio cholerae түрінің О1 жэне 0139 «Бенгал» серологиялық топтарының өкілдері тудырады. 1906 жылы Мысырдағы Эль-Тор карантинді станциясында қажылыққа барғандардың нәжісін зерттеу кезінде Ф. жэне У. Готшлихтер Эль-Тор вибрионын бөліп алды.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Vibironaceae
Туыстастыгы: Vibrio
Түрі: Vibrio cholerae
Биоварианттары:V.cholerae classic, V.cholerae eltor
Слайд 23
Дақылдандыру. Ү.сһоlегае - факультативті анаэроб, бірақ аэробты қасиеті басым болғандықтан сұйық
қоректік орта бетінде үлбір түзеді. Оптимальды өсу температурасы 37°С, басқа микроорганизмдерден ерекшелігі - олар ортаның рН - 8,5-9,0 жағдайда жақсы өседі. Тырысқақ вибрионы - талғамсыз микроорганизм: қарапайым қоректік орталарда өседі, мысалы 1% сілтілі пептонды суда, сілтілі агарда. Бұл қоректік орталар тырысқақ вибрионына элективті болып келеді. Vibrio сһоlегае-ның бір ерекшелігі сол олар өте жылдам өседі - сұйык қоректік орта бетінде 6-8 сағатта үлбір пайда болады. Тығыз қоректік орталарда ұсақ, аспан көк түсті колониялар түзеді. Тұрып қалған дақылдарының колониялары сарғаяды, құрғап қатпарланып қалады. ТСВ8 агарында сары түсті колониялар түзеді, желатин бағанасын шұңқыр тәрізді сұйылтады. Түссіз емес К.-колониялары бактериофагтар, антибиотиктер әсеріне тұрақты болып келеді жэне О-сарысуымен агглютинацияланбайды.
Слайд 24Тырысқақ бiздiң елiмiзде алғаш рет 1993 жылы Сарыағаш ауданында
Слайд 25Ферменттік белсенділігі. Тырысқақ вибрионының биохимиялық белсенділігі өте жоғары, оның көптеген ферменттері
бар. Идентификациялау барысында ең маңыздысы, вибрионның манноза, арабиноза, сахарозаға қатынасы болып саналады. Осы көмірсуларды ферменттеу қасиетіне байланысты Хейберг барлық Vibrionaceae тұқымдастығына жататын вибриондарды 8 топқа бөлді: тырысқақ вибрионы 1-ші топқа жатады (манноза - оң, арабиноза - теріс, сахароза - оң). Қалған топТары тырысқақ емес вибриондарды " біріктіреді.
Слайд 26Гаитиде тырысқақ індетінен 135 адам көз жұмды
Слайд 27Тырысқақ ауруы Гаитиден Венесуэлге жетті
Слайд 28Антигендік қасиеті. Тырысқак вибрионында О- жэне Н- антигендері бар; О-антигені бойынша,
200-ден астам серологиялық топтары анықталған. Тырысқақ коздырғышын 01 жэне 0139 серологиялық топтарға жатқызады (оның белгіленуі - У.сһоlегае 01 және У.сһоlегае О139), қалған У.сһоlегае түріне жататындар тырысқақ қоздырғышына жатпайды, дегенмен олар мысалы, гастроэнтериттерді тудыруы мүмкін. О-антиген 3 компоненттен түрады: А, В және С. Олардың сәйкестігі бойынша тырысқақ коздырғышының 3 серологиялық варианттарын ажыратады - Огава (АВ), Инаба (АС) жэне Гикошима і АВС). У.сһоlегае-ның Н-антигенінің бейспецификалық қасиеті бар, сондықтан ол барлық Vibrio туыстығына жалпы ортақ болып келеді
Слайд 29Патогенділік факторлары. Тырысқақ вибрионы эндотоксин түзеді, сонымен қатар ол бірнеше фракциядан
құралған экзотоксин бөледі. Олардың арасында ең маңыздысы термолабильді ақуызды экзотоксин - холероген. Холероген ішек қуысына судың жэне хлоридтердің гиперсекрециясын тудырады, натрийдің кері сіңіруін бұзады, нәтижесінде диарея ағзаның сусыздануына әкеледі. Сонымен қатар, экзотоксин цитотоксикалық әсерге ие және ащы ішек эпителиясы жасушаларының зақымдануын тудырады. Тырысқақ коздырғышы эндотоксин тұзеді - жасуша қабырғасы құрамына кіретін термолабильді липосахарид. Эндотоксин вибрионды фагоцитоздан қорғайды, иммуногенді қасиетке ие, вибриоцидты антиденелер синтезін индуциялайды. Микроб жасушасы ыдырағанда интоксикация туындайды. Тырысқақ коздырғышында агрессиялық ферменттер бар - фибринолизин, гиалуронидаза, лецитиназа, нейраминидаза. Вибрионның патогендігі адгезия қасиеттерімен де (сыртқы мембрана ақуыздары) және вибрионның козғалғыштығымен байланысты.
Сһоlerае және еltor биоварлардыц дифференциациясы жоғарыда аталған белгілері бойынша жургізіледі; солардың ішінде ең маңыздысы - арнайы бактериофагтарға жэне полимиксинге сезімталдығы, тауық эритроциттерін агглютинациялауы.
Слайд 31
Резистенттілігі. Тырысқақ вибриондарының резистенттілігі айтарлықтай жоғары емес, 60°С температурада 5 минуттан
кейін өледі, бірақ Еltог биовары жоғары температураға, күн сәулесінің әсеріне, дезинфекциялық ертінділерге әлдеқайда төзімді. Тырысқақ вибрионы кышқылдарға өте сезімтал. Төменгі температурада жақсы сақталады. Мұзда бірнеше ай, теңіз жэне өзен суларынды бірнеше апта сақталады
Слайд 33
Эпидемиологиясы. Тырысқақ қоздырғышына жануарлар сезімтал емес. Тырысқақ - көне заманнан белгілі
ауру, дегенмен XIX ғасырдың басына дейін, ол тек Үндістанда кездескен, онда инфекцияның тұрақты ошағы болып қазіргі уақытқа дейін сақталады. 1817 жылы тырысқақ эпидемиясы алғашқы рет Үндістан шекарасынан шығып, басқа көптеген мемлекеттерге тарап кетті. 1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтың 6 пандемиясы болды; 1961 жылдан бастап 7-ші пандемия басталды, оның себепшісі болып еltor биовары саналады. Қазіргі уақытта сегізінші пандемия тіркелген, оның себепшісі - У.сһоleraе 0139 bіovar eltor. Тырысқақ ауруы Антарктидадан басқа, барлық континенттердің 90-нан астам мемлекеттерінде кездеседі. Бүл антропонозды инфекция, аурудың жүқтыру көзі ауру адамдар мен тасымалдаушылар (еltог биоварының тасымалдаушылары, сһоlегае биоварымен салыстырғанда көбірек кездеседі). Инфекцияның таралу механизмдері: фекалды-оралды, тұрмыстық қатынаста су және тамақ арқылы таралады.
Слайд 34Патогенезі. Ауыз арқылы асқазанға түскен вибриондар, тұз қышқылының әсерінен жойылып қалуы
мүмкін. Бірақ қоздырғыш көп мөлшерде түскен жағдайда және асқазан сөлі құрамының қышқылдығы төмендегенде (тамақпен, сумен араласуы, төмен қышқылды гастрит) вибриондар аш ішекке өтіп кетеді, оның эпителиіне жабысып, көбейеді жэне экзотоксин бөледі. Ал экзотоксин су-туз алмасуының бұзылуынан ағзаның күрт сусыздануына және ацидоз дамуына әкеледі. Сүйықтықтардан жэне шырышты қабаттың жойылған жасушаларынан тұратын нәжіс қайнатылған күріш суына ұқсас. Жойылған вибрион жасушаларынан бөлінген эндотоксин ағзаны интоксикациялайды (жалпы уландырады).
Слайд 36Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 1-6 күнге дейін созылады. Ауру жедел дамиды
-дене қызуы көтеріледі, құсу, нәжістің бұзылуы байқалады (нәжіс пен құсықтың түсі қайнатылған күріштін суына ұқсас, иісі - тәтті балыққа ұқсас). Бүл кезең 1 -3 тәулік созылып, ауру аяқталуы мүмкін (тырысқақтын жеңіл түрі) немесе келесі кезеңге өтеді - гастроэнтерит кезеңі (ағымы орташа ауырлау). Осы кезеңде құсу мен нәжістің бөлінуі ұлғаяды, ауру адам тәулігіне ағзаның 10-30 литрге дейін сұйықтығын жоғалтады. Күрт сусыздану жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелерінің бұзылыстарына, сіңір тартылуына әкеледі. Содан кейін ауру келесі үшінші кезеңіне өтеді (тырыскақтың ауыр ағымы) - тырысқақтық алгид (латын сөзінен аlgidus- салқын). Оған тән белгі - дене температурасының 34°С дейін төмендеуі, ауыр демікпе (55-60 дем минутына), жалпы терінің цианозы, қол-аяқ, бет, іш еттерінің тартылуы, афония дамиды. Тері жайылуы төмен, қатпарланып «кір жуушы қолы» белгісі көрінеді. Тырысқақтық алгид нәтижесінен емделмеген науқас адамдардың 60% қайтыс болады. Еltoг биовары сһоlегае биоварымен салыстырғанда, көбінесе жеңіл түрде дамитын ауру тудырады.
Слайд 37Иммунитеті тұрақсыз және ұзаққа созылмайды, антимикробты және антитоксикалық сипатты болып келеді,
агглютинин, вибриолизин, антитоксин және басқа антиденелермен байланысты.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелінетін материал: құсық, нәжіс, тағамдар, су, өт, секциялык материал. Тасымалдау ортасы ретінде 1% пептонды су, рН 8,2-8,4 қолданады. Алғашқы болжам ретінде бактериоскопиялық әдісті қолдануға болады. Негізінде бактериологиялық әдіс қолданылады, ол қоздырғышты идентификациялауға (У.сһоlегае 01 немесе 0139 анықтайды), антибиотиктерге сезімталдығын анықтау, түрішілік идентификацияны жүргізу, биовар және серологиялық варианттарын анықтауға мүмкіншілік береді. Тырысқақ кезінде экспресс-диагноз қою иммундыфлюоресценция, иммундыферментті талдау, полимеразды тізбекті реакциялар, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы көмегімен жүргізіледі.
Слайд 39
1кезең. Материалдың 0,5-1 мл мөлшерін 50 - 100 мл 1% пептонды
суға, сілтілі агарға және бір элективті-дифференциальды орталарға (СЭДХ, ТСВ8) себеді. Себілген пептонды суды 37°С температурада 6 - 8 сағат, сілтілі агарды 14-16 сагат, СЭДХ 18-20 сағат инкубациялайды.
Тырысқақ ауруына күмәнданған жағдайда науқастың нативті материалымен экспресс және жедел әдістерін қолданылады: антиденелерді флюоресценттеу әдісі, полимеразды тіркеу әдісі, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы, жанама гемагглютинациялық реакциясы.
2 кезең - 6 - 8 сағаттан кейін. Жинаушы орта - сілтілі агарға себеді жэне 5-8 мл екінші жинаушы ортаға себеді.
3 кезең - 12 - 14 сағаттан кейін. Екінші жинаушы ортадан сілтілі агарға себеді. Сілтілі агардагы күмәнді колонияларды зерттейді.
4 кезең - 18 - 24 сағаттан кейін. Тығыз ортадағы тырысқаққа күмәнді колонияларды зерттеп, 1-ші және 2-ші жинаушы орталарға қайта себеді.
Күмәнді колонияларды слайд-агглютинация реакция көмегімен тексереді (1:100 сүйытылған тырысқаққа 01 сары суымен). Оң нәтижелі болса арнайы Инаба жэне Огава сары суымен (1:50) слайд-агглютинация реакциясын қояды, жағынды дайындап тырысқаққа қарсы флюоресцентті иммундыглобулиндермен өңдейді жэне Грам эдісімен бояйды. Теріс нәтижеде 0139 және 01 тырыскак сары суымен слайд-агглютинация реакциясын қояды.
Қалған күмәнді колонияларды (тырысқақтық 01 жэне 0139 сары сумен аглютинацияланған жэне агглютинацияланбаған) таза дақыл алу, оларды идентификациялау жэне антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін екі көмірсулы ортаға (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы, Клиглер) жэне сілтілі агарға платиналы ілмекпен секторлық әдіспен себеді
Слайд 405 кезең - 24 - 36 сағат. Идентификациялау үшін дақылдарды таңдау.
Поликөмірсулы
орталарда вибриондарға тән өсуі мен өзгерістері бар дақылдарды алу: екі көмірсуль: ортада (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы жэне Клиглер) қышқыл ортаға тэн түсі өзгерген газ түзілмеген, күкіртті сутек бар, Клиглер ортасында анықталған. Маннозасахарозалы ортада екі көмірсудың ыдырауынан Рессель ортасының бағаналы жағы боялады, қиғаш бөлігі күкірт сутегі түзіл-генін көрсетеді. Сілтілі агарда өскен дақылдарды индолфенилоксидазаға тексереді.
6 кезең - 36 - 48 сағаттан кейін. Идентификация нәтижелерін қорытындылайды және алынған тырысқақ вибрионының серотобы мен биоварианты туралы ақырғы нәтижесін береді.
Емдеуі. Емдеуі екі бағытта жүргізіледі: 1. Патогенетикалық - регидратация (жойылған сұйықтар мен электролитерді изотоникалық апирогенді тұз ертінділері және плазма сұйықтарымен қалпына келтіру). 2. Этиотропты - кең спектрлі антибиотиктер қолдану (тетрациклиндер, хлорамфеникол, фторхинолондар - ципрофлоксацин, офлоксаин, пефлоксацин, ломефлоксацин).
Слайд 41
Алдын алуы. Алдын алудьщ негізі - санитарлық-гигиеналық және карантиндық бейспецификалык шаралар
жүргізу. Эпидемия аралық алдын-алу шараларына кіреді: ашық су қоймаларын тырысқақ вибрионына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу; кадағалайтын аймақта ішек инфекция ауруларына уақтылы талдау жасау; транспорттық қатынас пен миграциялық ағындарды талдау; аймақтың және тағамдық кәсіп орындарының санитарлық - гигиеналық жағдайын қадағалау; емдеу алдын алу мекемелерінің тырысқаққа күмәнді ауруларды анықтай білуін және эпидемияға қарсы алғашқы шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.
Қосымша маңызы бар арнайы сақтандыру үшін тырысқақтық өлі вакцина жэне холероген-анатоксин мен тырысқақ вибрионның О-антигенінен тұратын екі компонентті біріктірілген тырысқақтық вакцина қолданылады. Вакцина егу эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Бірақ оның тиімділігі 60-70% аспайды және де аурудан 3-6 ай мерзімінде ғана қорғайды.
Слайд 42
Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
Кампилобактериоз - Саmpylobacter туыстастығына жататын бактериялар тудыратын зоонозды жұқпалы
ауру, көбінесе ас қорыту жолдары зақымдалыумен ерекшелінеді.
Саmpylobacter - грек сөзінен аударғанда сатрylos - қисық, иілген деген мағынаны білдіреді.
Таксономиясы.
Бөлімі: Сгaciculites
Түқымдастығы: Саmруlobacter
Туыстастыгы: Саmруlobacter
Түрі:C.jejuni, C.fetus, C.coli
Слайд 45Морфологиясы жэне тинкториалдык қасиеттері:
Кампилобактерия жіңішке иілген таяқша, латынның «S» эріпіне ұқсас,
үтір тэрізді немесе қосақталып "шағала канаты" сияқты орналасады. Спора мен капсула түзбейді. Өте қозғалғыш, араларында амфитрихтер, монотрихтер, лофотрихтер кездеседі. Анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін карбол фуксині қолданылады. Грам теріс.
Дақылды өсіру. Кампилобактериялар - әдетте микроаэрофилдер (оттегінің төмен мөлшерінде өседі). Ортаның қолайлы рН-7,0, температурасы - 37О-42°С. Кампилобактерияларды өсіру үшін арнайы қоректік орталар қолданылады, орталарда ұзақ, тамшы тәрізді колониялар түзеді. Өте баяу өседі.
Слайд 47Ферменттік белсенділігі. Кампилобактериялардың биохимиялық белсенділігі төмен.
Антигендік курылымы. Кампилобактериялардың О- жэне Н
антигендері бар, солар бойынша 60 серологиялық варианттарын ажыратады.
Патогенді факторлары толық зерттелмеген; кампилобактериялар энтеротоксин және цитотоксин түзуі мүмкін.
Резистенттілігі. Жоғары температураға сезімтал, дегенмен төмен температурада жеткілікті ұзак сақталады - мүздатылған еттен бірнеше айға дейін бөлінуі мүмкін, бөлме температурасындағы эртүрлі заттарда 2 аптаға дейін сақталады
Слайд 50Эпидемиологиясы. Кампилобактериоз - әлемнің көптеген мемлекеттерінде кездеседі (аурушылдык барлық ішек инфекциясының
5-10% құрайды). Бүл зоонозды ауру. Инфекция көзі әртүрлі жануарлар болуы мүмкін, көбінесе үй және ауылшаруашылық жануарлары: орқоян, мысық, үйректер. Адамнан адамға таралуы өте сирек кездеседі. Инфекцияныңтаралу механизмі - фекальді оралды. Таралу жолдары - тағам жэне су арқылы (ауру малдың етін, сүтін пайдаланғанда). Ауру малды қарағанда түрмыстық-қатынас жолымен жұғуы мүмкін. Иммунитеті төмен адамдар, балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер кампилобактериозбен жиірек ауырады.
Слайд 53Патогенезі. Кампилобактерия ағзаға ауыз арқылы, кейде жарақатталған тері арқылы түседі. Асқазанда,
ащы және тоқ ішекге қабыну реакциясы пайда болады. Бактериемия дамиды, соның нәтижесінде әлсіреген адамдарда екіншілікті қабыну ошақтары пайда болуы мүмкін (менингит, энцефалит, перитонит т.б.). Жүкті эйелдерде инфекция трансплацентарлы жолмен таралуы мүмкін, нәтижесінде түсікке немесе үрықтың зақымдалуына әкеледі.
Слайд 56Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі әдетте 2-3 күнге созылады. Ауру көбінесе гастроэнтрит
түрінде өтеді, жедел басталады, жоғарғы температурамен, іштің ауырсыну, жүрек айну, қүсу, іш өтумен (кейде қан немесе шырыш қоспаларымен) сипатталады. Ағзаның сусыздану белгілері байқалуы мүмкін. Жаңатуған нәрестелерде септикопиемия дамиды. Ағымының сипатына байланысты жедел және созылмалы кампилобактериоз болып бөлінеді.
Иммунитеті. Толық зерттелмеген .
Слайд 59Микробиологиялық диагноз қою.
Бактериоскопиялық әдіс: Нәжістен жасалынған жағындыны Грам эдісімен бояп, микроскоппен
зерттеу барысында «үшып бара жатқан қарлығаш немесе шағала» қанатына ұқсас микробтар табылады.Сонымен қатар сұйық ортадағы нәжістің суспензиясын фазалы-контрасты микроскопта қарайды. Науқастың нәжісі, қаны, ми-жұлын сұйықтығындағы қоздырғыштың таза дақылын бөлу үшін бактериологиялық әдіс колданылады. Қолданылатын қоректік орталар: құрамында темір-сульфит-пируват қосымшалары бар қанды және эритриттік агарлар.
Ретроспективті диагноз қою үшін серологиялық эдіс қолданады (КБР, ПГАР, АР, ИФТ). Жедел диагноз қою эдісіне арнайы люминесцентті сарысумен атқарылатын ИФР жатады.
Емдеуі. Антибиотиктерді тағайындайды (эритромицин немесе ципрофлоксацин).
Алдын алуы. Науқастарды анықтау, жануарларды күту барысында санитарлық-гигиеналық ережені сақтау, сүт жэне ет тағамдарын мұқият түрде өндеу.