Ісікке қарсы вакциналар презентация

ЖОСПАР: 1Қатерлі ісіктің иммунды емі. 2Активті арнайы иммунды емдеу.Ауруға құрамында ісік антигендері бар вакциналарды егу. 3Қатерлі ісіктің иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану

Слайд 1ИММУНОЛОГИЯ
Тақырып: Ісікке қарсы вакциналар
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫ
Орындаған: Ералы Ж 311 А


2012 жыл


Слайд 2ЖОСПАР:
1Қатерлі ісіктің иммунды емі.

2Активті арнайы иммунды емдеу.Ауруға құрамында ісік антигендері бар

вакциналарды егу.

3Қатерлі ісіктің иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану

Слайд 3Француз ұлы ғалымы Л.Пастер 100 жыл бұрын вакцинацияның ғылыми негіздерін ашты

және “Вакцина” деген терминді енгізді. Иммунизацияның негізін қалаушы қағида – иммуногендер ретінде микроорганизмдердің әлсіз штаммдарын қолдану. Вакцинация арқасында бүкіл әлем шешек, құтыру, күйдіргі, күл, сал, көк жөтел, қызылша, сіреспе, газды гангрена сияқты жұқпалы аурулармен, соның ішінде аса қауіпті жұқпалармен де күресуде үлкен жетістіктерге жетті.

Слайд 4Пастердің классикалық принциптерін қолдана отырып көптеген жұқпалы қоздырғыштарға қарсы (тұмау, ЖИТС,

соз, мерез, геморрагиялық қызба, паразитарлық аурулар) тиімді вакциналарды алуға мүмкіндік жоқ. Көптеген адамдарда вакциналардан кейін күрделі асқынудың дамуы салдарынан оларды дайындаудың жаңа тәсілін (синтетикалық, рекомбинантты, генді инженерлі, антиидиотипті, ДНҚ-вакциналар) іздестіруді, сондай-ақ вакцинацияның жаңа кестелерін құрастыруды қажет етуде.

Слайд 5ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ИММУНДЫ ЕМІ.
Соңғы жылдары,ісік иммунологиясының зерттеудегі жетістіктер клиникада ісіктердің иммунды

емдеуінің жаңа тәсілдерін жасап,оны қолдануға үлкен жағдай жасады.
Қазіргі заманда қатерлі ісіктерді емдеу тәсілдерінің кемшілігі-ол ісік жасушаларына арналмағандығы.Бұл тәсілдердің барлығы бөлінуші жасушалардың сәулелену мен цитостатиктерге сезімділігімен байланысты.Ісік үнемі гетерогенді болады,оның құрама жасушалары бір-бірімен көптеген байланыста кездеседі,соның ішінде өсу жылдамдығымен де,сәулелену және химотерапевтік дәріге сезімталдығымен де ерекшеленеді.Ісік тінінде,оның сипаттамасы бойынша қалыпты жасушадан аз айырмашылығы бар,атап айтқанда тек бірнеше өзгерген жасушалар саны болады.Сондықтан,ісікке қарсы тұрамыз деп қалыпты жасушаның тіршілігін бұзамыз.Біріншіден,сүйек кемігі ,лимфа тіні,тері және шырышты қабаттағы кілегей қабықтың жасушалары зақымданады.

Слайд 6ВАКЦИНАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ -
Жасанды иммунитетті қалыптастыру.
Вакцинадан кейін дамитын иммунитетте үш кезең

ажыратылады. Бұл кезеңдер антидене түзілуімен, сондай-ақ жасушалық иммунитеттің де қалыптасуымен сипатталады. Бірінші, жасырын кезең – антиген енгеннен бастап антиденелердің, цитотоксикалық жасушалардың және баяу жоғары сезімталдықтың эффекторлары пайда болғанға дейінгі уақыт.Бұл кезең бірнеше тәулікке созылады.

Слайд 7
Өсу кезеңі – қанда антиденелер мен иммунды хабарлы жасушалардың жинақталуы, оның

ұзақтығы әртүрлі антигендер үшін 4 күннен бастап 4 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Иммунитеттің төмендеу кезеңі – алдымен жылдам, кейіннен баяу жүреді және бірнеше жылға немесе оншақты жылдарға созылады

Слайд 8Қазіргі кезде иммунды емдеу,негізгі ісік емінің бірінші тәсілдеріне жатпайды.
Ісіктің иммунды емінің

тәсілі арнайы және арнайы емес болады,ал олар өзінше активті және пассивті болады.
Ісіктің арнайы емес иммунды емдеу әдісіне БЦЖ,Corinebacterium parvum,бактериалды қоспалар,синтетикалық полинуклеотидттер енгізу жатады.Бұл әдістер бірқатар лимфокиндердің,монокиндердің,әр түрлі биологиялық белсенді заттардың жоғарылауына және ісік ерекшелі клондардың бөлінуіне әкеледі.Клиникада көбінесе,БЦЖ пайдаланылады.Аталған тәсілдердің кейбіреуі жақсы нәтижелерге алып келеді.

Слайд 9
Активті арнайы иммунды емдеу – ол ауруға құрамында ісік антигендері бар

вакциналарды егу.
Оларға ісік жасушалары (өмір сүруге қабілетсіз), үзінділер (мысалы мембрана үзінділері), ісік тіндерінің ерігіш заттары жатады. Соңғы жылдары, құрамында онкобелоктарды белгілейтін гендері бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиі қолданып жүр.

Слайд 10Онкологиялық ауруларды ісіктердің өлген, не шала-жансар жасушаларын егу, сонымен қатар, активті

иммундау үшін ісіктің ерігіш заттарын қолданудың нәтижелі келуі ғылыми зерттеулермен дәлелденген.
Бірақ, ісікке қарсы вакциналар жасау – өте маңызды жұмыс. Біріншіден, адамдағы вируспен қоздырылатын ісіктерге қарсы егулер жақсы нәтиже беруде.

Слайд 11
Мысал ретінде, Эпштейн-Барр вирусымен пайда болған ісікте және Беркит лимфомасында егу

шаралары өте шипалы келді. Өзіне қарсы күшті иммунды жауап шақыру үшін Эпштейн-Барр вирусының генін енгізеді. Бұл вакцина Эпштейн-Барр вирусына қарсы күшті жасушалық және гуморалды иммунитет туғызып, Беркит лимфомасының даму мүмкіндігін төмендетеді.

Слайд 12АКТИВТІ АРНАЙЫ ИММУНДЫ ЕМДЕУ.АУРУҒА ҚҰРАМЫНДА ІСІК АНТИГЕНДЕРІ БАР ВАКЦИНАЛАРДЫ ЕГУ.
Оларға ісік

жасушалары үзінділер ісік тіндерінің ерігіш заттары жатады.Соңғы жылдары,құрамында онкобелоктарды белгілейтін гендері бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиі қолданылып жүр.
Онкологиялық ауруларды ісіктердің өлген ,не шала-жанасар жасушалары егу,сонымен қатар,активті иммундау үшін ісіктің ерігіш заттарын қолданудың нәтижелі келуі ғылыми зерттеулермен дәлелденген.


Слайд 13
Қазір бірқатар ісікке қарсы пептидті вакциналар клиникалық тәжірибеден өтіп жатыр, олардың

нәтижелері ісіктердің регрессиясы байқалды.
Енді қазіргі уақытта қолданылып отырған бағыт, ол белгілі ісікпен біріккен мутантты гендер өнімдерін және егуге арналған шипалы белоктарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбісі, ісікке қарсы моноклонды антиденелер алуымен байланысты.

Слайд 14ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Иммунология
Шортанбаев Ә.Ә Кожанова С.В

Калиакбарова Г.Т Битанова Э.Ж
2Петров Р.В. Иммунология , М.1983
3 Противоречие иммунологии Шевелев А.С
4Иммунологическая толерантность Фонталин Л.Н
5Хаитов Р.М. “ Иммунология” Москва 2006 г


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика