Ісікке қарсы вакцина презентация

Слайд 1Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ісікке

қарсы вакцина
Мамандығы: Жалпы медицина
Курс:3
Кафедра: Микробиология, Вирусология және Иммунология
Дисциплина: Жалпы иммунология
Орындаған: Унанбаева Г.Р.
Тобы: 302 Б
Тексерген: Урекешов Б.С

Ақтөбе 2017жыл


Слайд 2ЖОСПАРЫ:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Ісікке қарсы вакциналарға жалпы шолу.
Медицинаның ісікке қарсы вакцина

жасауда жеткен жетістіктері.

III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 3КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрек-қан тамырлар ауруларынан

кейінгі екінші орында ісік аурулары тұр.Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншы осы қатерлі ісіктен өледі. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін,оның таралу жолдарын,морфологиялық өзгешіліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе.
Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Слайд 4Активті арнайы иммунды емдеу- ол ауруға құрамында ісік антигендері бар вакциналарды

егу. Оларға ісік жасушалары, үзінділер, ісік тіндерінің ерігіш тіндері жатады. Соңғы кездері құрамында онкобелоктарды белгілейтін гендері бар бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиі қолданып жүр.
Онкологиялық ауруларды ісіктердің өлген, не шала жансар жасушаларын егу, сонымен қатар, активті иммундау үшін ісіктің ерігіш заттарын қолданудың нәтижелі келі ғылыми зерттеулермен дәлелденген.

Слайд 5Ісікке қарсы вакциналар жасау- өте маңызды жұмыс. Біріншіден, адамдағы вируспен қоздырылатын

ісіктерге қарсы егулер жақсы нәтиже беруде. Мысалы, Эпштейн- Барр вирусымен пайда болған ісікте және Беркит лимфомасында егу шаралары өте шипалы.
Өзіне қарсы күшті иммунды жауап шақыру үшін Эпштейн- Барр вирусының генін енгізеді. Бұл вакцина Эпштейн- Барр вирусына қарсы күшті жасушалық және гуморалды иммунитет туғызып, Беркит лимфомасының даму мүмкіндігін төмендетеді. Бұл тәсіл ісікке қарсы иммундаудың Беркит лимфомасы таралған жерде, яғни вирус ошағында, алдын алулық шар ретінде қолданылады және осы ісігі бар ауруларда арнайы иммунды жауап күшейту үшін пайдаланылады.

Слайд 6Қазіргі уақытта қолданылып отырған бағыт, ол белгілі ісікпен біріккен мутантты гендер

өнімдерін және егуге арналған шипалы белоктарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбісі, ісікке қарсы моноклонды антиденелер алуымен байланысты.
Ісікті иммундау үшін, клиникада басқаша тәсіл кеңірек зерттелініп және қолданылып жатыр, ол бейімділікті иммунитет. Оның негізінде қолдан пробиркада (in vitro) Т- лимфоциттердің интерлейкинімен ісік антигендерінің қосылуынан жасалынады. Т- лимфоциттердің саны көбейгеннен соң, ол ауруға қайта енгізіледі.
Бұл тәсілдің екі түрі бар:
Біріншілік;
Екіншілік.

Слайд 7 Біріншісі, ол аурудың қанынан лимфоциттер бөлініп алынады, рекомбинантты ИЛ-2

көмегімен ол in vitro жағдайында белсендіріледі, көбейеді, содан соң ауруға қайта енгізіледі. Лимфоциттерді ауру қанынан, ем қолдануға дейін бөліп алады. Сосын ауруға операция жасалғанша, сәулелену немесе химиялық ем жүргізгенше, оның өз лимфоциттерін in vitro көбейтіп, лимфокинмен активтелген жасуша жасайды, сөйтіп оны емнен кейін, ауру ағзасына қайта енгізіледі. ЛАЖ бірге, ауруға ИЛ-2 енгізіледі, ол жасушалардың еріткіш белсенділігін сақтау үшін қажет. Осы тәсіл көмегімен , өкпе ісігінің, лейкоз, қатерлі меланома және басқа ісіктердің метастаздарына емдік нәтижелер едәуір жақсы болған.

Слайд 8 Екінші, ісік тінінен бөлініп алған лимфоциттермен организмге әсер ету.

Мұның негізінде- ісікерекшелі Т- киллерлер ісік жасушаларын жабдықтайды. Олар in vitro көбейгеннен кейін емдік әсері көтеріледі. Бірақ клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша, шеткері ЛАЖ- жасушаларына қарағанда, әсердің жоғарылауы үнемі кездесіп отырмайды. Оның бір себебі- ісік жасушалары TGF- β сияқты затты түзіп, ісікті шабуылдаушы лимфоциттерге қарсы әсер етуде. ЛАЖ- жасушаларының негізі әсерлігі бұған қарағанда анағұрлым күшті.

Слайд 9 UCSD ісік орталығы зерттеушілері өкпе рагіне қарсы жаңа вакцина

жасап шығарды. Lucanix препаратының әсер ету механизмі ісік клеткаларының организмінің иммундық жүйесін төмендету қабілетін жоюға арналған. Клиникалық зерттеуге бүкіл әлемнің 90 онкологиялық орталығынан 700 пациент қатысқан.

Слайд 10 Кубада әлем тарихында алғаш рет өкпе ісігіне қарсы вакцина

қолданысқа ие болды. Гаваннадағы Молекулярлы Иммунология Орталығы мамандары бжұл вакцинаны өндіруге 25 жыл уақыт жұмсаған.Бұл препарат ісік клеткаларының өсуі мен таралуына қажетті өсудің эпидермальді факторының (EGF) аналогі болып табылады. Вакцинаны қолданғанда иммунды жүйе EGF өндіретін клеткаларды талқандайды.

Слайд 11 Британ ғалымдарының жатыр мойны рагына қарсы вакцина ойлап

табуы сонғы он жылдың ішінде жеткен жетістіктерінің бірі болып табылады.Цервикалды рак жыл сайын үш жүз мың әйелді өлімге әкеледі екен.Статистика бойынша бұл рак сүт безі рагынан кейінгі екінші орында тұр.Бұл рак соңғы он жыл ішінде жиырма бес пайызға өлім көрсеткішін өсірген.

Слайд 12ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе айтар болсақ қатерлі ісік бұл қазіргі таңда

көп кездесетін, емделуі қиын сырқат. Егер қатерлі ісікке тән белгілер байқалса уақыт өткізбей дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн, себебі уақыты өтіп кетер болса оны емдеуге медицина қауқарсыз.

Слайд 13ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

А.Қ. Бұлашев «Иммунология» Астана 1998 ж
Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиология

және иммунология» Алматы 2008 ж.
Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008
Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006
Новиков Д.К. . «Общая иммунология», Минск, 2005
Рабсон А.т.б. «Основы медицинской иммунологии», Москва, «Мир»,2006ж.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика