2) өз бизнесіңізге жүргізілген тексерістің заңдылығын тексере аласыз;
3) адамның іздеуде екені туралы мәліметті біле аласыз;
4) Сізге әкімшілік айыппұл салынғандығы туралы біле
аласыз;
5) автокөліктің жол-көлік оқиғасына қатыстылығын
тексере аласыз;
6) мемлекеттік органдар берген талонның нөмірі арқылы өтінішіңіздің тіркелуі және оның қаралу нәтижесі туралы ақпаратты біле аласыз;
7) жеке сот орындаушысы жұмысының тиімділігі туралы
біле аласыз.
prokuror.gov.kz сайтында «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамалығын қолданыңыз. Сіз мұнда күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға заң тұрғысынан жауаптар табасыз.
115 тегін нөмірі арқылы Сіз:
1) прокуратурада өтінішіңіздің қаралу барысын біле аласыз;
2) келесі сұрақтар бойынша өтініш бере аласыз:
қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркеуден негізсіз
бас тарту;
хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамға іздеу салу;
заңсыз жеткізу, қамау және ұстау туралы;
прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық
сипатындағы әрекеттері туралы;
- кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуы туралы;
әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар құқықтарының
бұзылуы туралы;
- мүгедектердің құқықтарының бұзылуы туралы;
- еңбек құқықтарының бұзылуы туралы;
- медициналық көмектің қолжетімділігі және оларды тегін алу құқықтарының сақталмауы бойынша;
мемлекеттік және құқық қорғау органдарының орналасқан жері мен пошталық мекен-жайларын, олардың сенім телефондарын және
басқа да ақпаратты біле аласыз.
115 Call-орталығы Қазақстанның барлық аймақтарына және ұялы байланыс абоненттері
үшін тегін
Құрметті азаматтар!
Өздеріңізге қолайлы болуы үшін прокуратураның сервистерін қолдануды ұсынамыз, олар сіздердің құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі