Слайд 2 Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті
еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі.
"Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған құрылысты сынап,
Слайд 3болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан
негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мұның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді.
Слайд 4 Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті
дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар құрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды.
Слайд 5 Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының
жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқындала түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Карл Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында ұйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды.
Слайд 6 Мор Томас ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың
бірі. 1529 – 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.
Слайд 7 Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде
баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.
Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.
Слайд 8 Томазо Кампанелла (1568 - 1639 жылдары) - угопист-социалист. Оның ең
жақсы қоғамдық құрылым туралы идеялары "Күн қаласы" атты еңбегінде жақсы жазылған. Кампанелла да Платон сияқгы некелік жанүялық қатынастарды ортақтандыру принципін таратуға тырысты. Ол Күн қаласында өндіріс үясы жанүя емес, бригада немесе үстаханалар болады деп есептеді. Кампанелла еңбекті барынша дәріптеп қүлдықгы сынады, сондықган да Күн қаласында қылмыскерлер қоғамдық жұмысқа тартылмайды.
Слайд 9 Кампанелланың ойынша, ортақ меншікке негізделген қоғамда мемлекет сақталады.
Алайда ол суреттеген мемлекет саяси ойлар мен мемлекеттік мекемелер тарихында белгілі болып келген мемлекеттен мүлдем өзгеше еді. Күн қаласында билік пен басқару үш принципке негізделеді:
жаңа мемлекеттің басты міндеті өндіру мен бөлуді ұйымдастыру, азаматтарды тәрбие арқылы басқару;
мемлекеттің бүл міндеті билік пен басқаруды жүзеге асыруда ғалымдардың елеулі рөлі болатынын көрсетеді;
жаңа қоғамдық құрылым мемлекетті басқаруға халықтың қатысуын талап етеді.
Кампанелла саясаткерлер мен тирандар ойлап тапқан "мемлекеттік қажеттілік" ұғымын моральға жат нәрсе деп есептеді, оның ойынша, билікке қол жеткізу және оны сақтап қалу үшін кез келген заңды бұзуға болады деген қағида тек соларға ғана тиімді деп есептеген