Слайд 1ДАНА БИЛЕУШІ
Хан Абылай – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті
мемлекеттік қайраткер. Ол ел билеген кезде мемлекетте айтарлықтай өзгертулерді жүзеге асырды. Хан Абылай (1771-1781) – барша қазақ даласында беделі талассыз болған соңғы қазақ ханы.
Драмалы, тіпті, аңыз өмір, батыл мінеі, ерекше дарындылық – жетім Әбілмансұрға ұлт батыры болуды жазды. Оның қазақ тарихындағы орнын бағалау қиын. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер.
Слайд 2ЖАС СҰЛТАН АБЫЛАЙ
Жас сұлтанның басты мақсаты халық қалауындай айбарлы жауға қарсы
күрес болды. Абылай көреген саясаткер ретінде Қазақ хандығы үшін басты қауіп екі ірі держава – Ресей мен Цин империясында жатқан жоңғарлардың басқыншылығы екендігін жақсы түсінді. Оның халық алдында және Әбілмәмбет хан алдында беделі болды. Сырттағы қауіппен күресе жүріп, Абылай хан қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады.
Жас ұрпақ Абылай хан арманының жемісі – қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуы керек, ішкі келісім мен бейбітшілікті сақтау жолында қыхмет етуі керек.
Оның өмірі туралы, шығармашылығ туралы өмірбаяндық мәліметтер, естеліктер жастарға патриоттық тәрбие беруде құндылыққа ие.
Бұл жинақта берілген материалдар қалың оқырман үшін қызықты болады және студент жастар үшін белсенді өмірлік ұстанымның жарқын үлгісі болады.
Слайд 3ЖОҢҒАР АГРЕССИЯСЫ
1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр
жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Слайд 4ӘБІЛМАНСҰРДЫҢ АБЫЛАЙ АТАНУЫ
1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып
кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – жектерге қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе – жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! – деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады.
Слайд 5АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ
Слайд 6Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі
кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.
Слайд 7ТАРИХИ ЖЫР
Абылай хан - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы
белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында (1985), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., 1993), "Казак халык әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды.
Слайд 8КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР
«Шоқан Уәлихановтың жазба деректерінде Абылайдың 12 әйелі, 30 ұлы, 40
қызы болғандығы айтылады. Үлкен ұлы Уәли 1782 жылы патшаның арнайы грамотасымен Орта жүз қазақтарының ханы болып тағайындалады. Уәлидің ұлы Шыңғыс Орта жүздің аға сұлтаны, әскери шені – полковник болған. Шыңғыстың ұлы Шоқан–Абылай ұрпақтарының ішіндегі ең танымал, даңқты ұлдарының бірі. Абылайдан тараған ендігі бір бұтақ – Қасым төреден туған ұлдар. Абылайдың ісін жалғастырушы ержүрек ұлдар Саржан, Есенкелді, Кенесары хан, Наурызбай батыр, Сыздық сұлтандар тарихи тұлғалар. Абылайдың үш атасы: Жәңгір, Уәли бақы, қанішер Абылай және әкесі Көркем Уәли хан майданда қаза тапқан
Слайд 9ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
Слайд 11Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр
соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Слайд 12Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші
жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Слайд 13Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы
алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды.
Слайд 14Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
Кіші жүз қазақтары
Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
Слайд 15Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.
Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.
Слайд 16 Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын
көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.
Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.