Ақпараттық жүйе ұғымы және даму сатылары презентация

Ақпараттық үдерістер (ақпарат жинау, өңдеу және тарату) ғылымда, техникада және қоғам өмірінде әрқашанда маңызды рөл атқарады. Ақпарат жинау – субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі. Ақпарат алмасу –

Слайд 1Мамандықтың кәсіби қолданбалы бағдарламасы
Ақпараттық жүйе ұғымы және даму сатылары
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

аға оқытушы Баймедетов С.Д.


Слайд 2Ақпараттық үдерістер (ақпарат жинау, өңдеу және тарату) ғылымда, техникада және қоғам

өмірінде әрқашанда маңызды рөл атқарады.
Ақпарат жинау – субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі.
Ақпарат алмасу – ақпарат көзі ақпаратты беретін, ал алушы қабылдайтын процесс.
Ақпаратты сақтау – бастапқы ақпаратты соңғы пайдаланушының сұратуын қамтамасыз ететін түрде белгіленген мерзімде деректердің берілуін қолдау процесі.

Слайд 3Ақпаратты өңдеу – оны мәселені шешу алгоритміне сәйкес өңдеудің ретке келтірілген

процесі.
Қоғамды ақпараттандыру – сенімді ақпаратты, адамзат қызметінің барлық әлеуметтік маңызды түрлерінде қорытып жинақталған білімді толық әрі уақытында пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жаппай енгізу.
Ақпараттық жүйе – басқару функциясын іске асыру үшін әр түрлі санаттағы қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ететін объект жөніндегі ақпарат жинау, тарату, қайта өңдеу жөніндегі коммуникациялық желі болып табылады.

Слайд 4Ақпараттық жүйелер қолдану саласына байланысты мына сыныптарға бөлінеді:
ғылыми зерттеулер;
автоматтандырылған жобалау;
ұйымдастыруды басқару;
технологиялық

процестерді басқару.

Слайд 5Ақпараттық жүйеге мынадай талаптар қойылады:
өзгертуге және жаңа функционалдық салаға үндестіруге қабілетті

болу;
жүйенің пайдаланушылар қажет ететін уақыт кезеңіндегі сұранымына ден қою;
қосымшаларды кеңейту және қосымша енгізу мүмкіндігі;
ақпараттың технологиялығы және жүйені қолдау;
сенімді жұмыс істеу;
есептеу ресурсін тиімді пайдалану.

Слайд 6 Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) – бұл ақпаратты өңдеу және басқарушылық

шешім әзірлеу процесіне қатысатын экономикалық объектінің, әдістердің, тәсілдердің, мамандардың тікелей және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағындарының жиынтығы.

Слайд 7 Ұйымды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – бұл

ұйымдастыру мақсатынан туындайтын талаптарға сәйкес ақпарат жинауға, өңдеуге, таратуға, сақтауға, беруге арналған деректердің, жабдықтардың, бағдарламалық құралдардың, қызметкерлердің, тәртіптеме стандарттарының өзара байланысты жиынтығы.

Слайд 8 XX ғасырдың ортасында электрондық-есептегіш машинасының (ЭЕМ) дәуірі басталды.
1 кезең

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының басына дейін ЭЕМ бірінші және екінші буыны (шам және жартылай өткізгіш) пайдаланылды.
2 кезең ХХ ғасырдың 80-шы жылдардың басына дейін шағын ЭЕМ және үлкен интегралды сызбадағы үшінші буынның ЭЕМ пайда болды.

Слайд 93 кезең ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін дербес компьютер құрастырылды. Дербес

компьютер – адамзат қызметінің көптеген қиын ресмилендіретін процестерін автоматтандыру үшін кеңінен қол жетімді етуге мүмкіндік беретін құрал.

Слайд 104 кезең ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі уақытты қамтиды. Гипермәтіндік

технология мультимедиа технологиясын әзірлейтін құралға айналды. Windows графикалық операциялық жүйесі, объектіге бағдарланған көрнекті технология, жобалауға арналған CASE технологиясы пайда болды. Бейнеконференция өткізу, білім мен жаңалықты басқару технологиясы, бейне поштасы, ескірген жүйелерді қайта жобалау және жаңғыртудың реинжинирингілік технологиялары пайда болды.

Слайд 11 Телекоммуникация адамдардың пікір алмасу құралына айналды. Әлемдік ғаламтор – интернет

пен жергілікті корпоративтік желі, яғни интранет пайда болды. Экономика саласында корпоративтік және трансұлттық ақпараттық жүйелер пайда болды. Ақпараттық технологиялар ортасында басқарудың ретинжиниринг, интеллектуалдық ақпараттық технологиялар, шешім қабылдауды талдау мен қолдау сияқты жаңа әдістері іске асырылды.

Слайд 12Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика