Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі презентация

Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері Титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісі тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдалануға негізделген. Тотығу-тотықсыздану әдістерінде стандартты титрленген ерітінділер ретінде әр түрлі тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың ерітінділері пайдаланылады.

Слайд 1Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі


Орындаған: Касейнова Гуляим ТППЖ-101 Тексерген: Жұбатова Айгүл

Слайд 2Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері
Титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісі тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдалануға негізделген. Тотығу-тотықсыздану әдістерінде

стандартты титрленген ерітінділер ретінде әр түрлі тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың ерітінділері пайдаланылады.

Слайд 3Белгілі он мыңдаған тотығу-тотықсыздану реакцияларының ішінде титрметрлік әдісте тек жылдам, қосымша

реакцияға қатыспай, аяғына шейін, белгілі стехиометрлік жолмен жүретін және құрамы белгілі қосылыстар түзетін рекциялар ғана пайдаланылады. Реакцияның толық жүрген-жүрмегенін тепе-теңдік тұрақтысы (КТ) мәнімен анықтауға болады.

Слайд 5

КT = 10n(E1- E2) /0,059

Мұнда, n – реакцияға қатысатын электрондар саны; E1 мен E2 - тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың стандартты электродтық потенциалдары.


Слайд 6Сондықтан, реакцияны аяғына дейін жүргізу үшін потенциалдар айырымын арттыру керек. Ол

үшін көп жағдайда тотығу-тотықсыздану потенциалдарына әсер ететін факторларды пайдалану қажет. Егер тотығу-тотықсыздану жұптарындағы жеке компонеттердің концентрацияларын өзгертсе, бұл жұптарға сәйкес потенциалдардың мәні де өзгереді, кейде реакцияның бағыты да өзгеруі мүмкін. Мысалы, титрметрлік талдауда мысты иодметрлік әдіспен анықтайды:

Cu2+ + 4I- → 2CuI + I2


Слайд 7Қазіргі уақытта 50-ден артық тотығу-тотықсыздану әдістері белгілі. Олар көбінесе пайдаланылатын тотықтырғыштың

атымен аталады. Мысалы, перманганатметрлеуде титрант ретінде KMnO4 ерітіндісі, дихроматметрлеуде - K2Cr2O7, иодметрлеуде - J2 мен Na2S2O3, броматметрлеуде - KB2O3, цериметрлеуде - Ce(SO4)2 ерітінділері пайдаланылады. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінде титрлеуді тікелей, кері, орынбасу титрлеу тәсілдерімен жүргізуге болады.

Слайд 8Перманганатметрлік әдіс арқылы мор тұзындағы темір мөлшерін, табиғи судың тотығу қасиетін,

тыңайтқыштағы кальций мөлшерін, сутегі пероксиді мөлшерін және т.б. анықтауға болады. Иодометрлік әдіс ауыл шаруашылығында табиғи судағы оттек мөлшерін, тотияиндағы мыс мөлшерін анықтау үшін қолданылады.

Слайд 9Көптеген тотығу-тотықсыздану реакциялары баяу жүреді, олардың жылдамдығы титриметрлеуге қажетті жылдамдыққа сәйкес

келмейді. Мұндай жағдайда реакцияны жылдамдату амалдарын жасау керек:

Слайд 101) Қыздыру: Мысалы, сурьма (ІІІ) бромат-ионы мен тұз қышқылы ортасында бөлме температурасында

өте баяу тотығады. Егер температураны 70-80 0С-ке дейін көтерсе, реакцияның жылдамдығы жеткілікті мөлшерге дейін артады. Осыған байланысты сурьманы броматметрлік әдіспен анықтауға болады:

3Sb(III) + BrO3- + 6H+ = 3Sb(V) + Br- + 3H2O


Слайд 112) Ерітіндінің қышқылдығын өзгерту: Мысалы, перманганатметрлік әдісте Cr2O72- ионының қышқылдық ортада тотықтырғыш

қасиеттерінің күшеюіне негізделген:

 


Слайд 123) Катализаторлар пайдалану: Мысалы, церийді екі зарядталған темірдің стандартты ерітіндісімен титрлеу үшін

катализатор ретінде Ag+ ионын пайдаланып, Ce3+иондарын K2S2O8 ерітіндісімен Ce(IV)-ке дейін тотықтырады. Персульфат күміс (І) ионын күміс (ІІ)-ге дейін тотықтырады. Күміс (ІІ) церий (ІІІ) ионын церий (ІV)-ке дейін тотықтырады, пайда болған күміс (І) тағы персульфатпен тотығады да, цикл қайталанады:

 


Слайд 13Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика