Слайд 1Мұнай
Мұнай жер қыртысында 1,2 – 2 км тереңдікте немесе одан да
тереңіректе және теңіз тұбінде де кездеседі
Мұнай – майлы сұйықтық, түсі ашық қоңырқайдан қара түске дейін болады, өзіне тән иісі бар, судан жеңіл және суда ерімейді.
Слайд 2Мұнайдың химиялық құрамы
Мұнай – әртүрлі көмірсутектердің күрделі қоспасы.Негізінен, қаныққан көмірсутектер мен
ароматты көмірсутектерден тұрады.
Мұнайдың құрамы табиғатта кездесетін кездесетін орнына байланысты әртүрлі болады.Мысалы, Ембі мұнайында күкірт, алкандар, т.б. Доғары молекулалы көмірсутектер тәрізді қоспалар аз болады. Сондықтан одан жоғары сапалы бензин өндіріледі. Ал Маңғыстау мұнайында үлкен молекулалы алкандар көп болғандықтан, оны құбыр арқылы тасымалдау қиын.
Слайд 4Мұнайды қыздыру нәтижесінде шығатын заттар
Мұнайды қыздыра бастағанда әуелі оның құрамындағы ең
оңай қайнайтын бензин буланады.Әрі қарай қыздырғанда, қайнау температураларының өсу ретіне байланысты лигроин, керосин, газойль буланып бөлінеді
Слайд 5Мұнай және оның өнімдерінің қолданылуы
Мұнай – сұйық отынның басты көзі. Елімізде
қалған мұнайдың басым көпшілігі әртүрлі жанармайларға айналдырылады.Мұнай өнімдері энергия көзі ретінде электростанцияларында, отын ретінде жерүсті, су және әуе көліктерінде пайдаланылады.
Сонымен қатар мұнайды өңдегенде шығатын газдар мен бағалы шикізаттардан пластмассалар, синтетикалық және жасанды талшықтар, синтетикалық бен резина, синтетикалық жуғыш заттар, бояулар, дәрі-дәрмектер және т.б. Көптеген заттар алынады