Карбон қышқылдары презентация

Карбон қышқылдары дегеніміз — құрамында функционалдық карбоксил тобы — СООН бар көмірсутектердің туындылары.

Слайд 1Карбон қышқылдары


Слайд 2Карбон қышқылдары дегеніміз — құрамында функционалдық карбоксил тобы — СООН бар

көмірсутектердің туындылары.

Слайд 3Қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарының гомологтық қатары және атауы


Слайд 4Алынуы. Қышқылдарды, негізінен, көмірсутектерді және олардың туындыларын (альдегидтерді, спирттерді, т.б.) тотықтыру

арқылы алады.

Слайд 5Физикалық қасиеттері. Гомолог қатардың салмағы жеңіл мүшелері өткір иісті, суда жақсы

еритін сұйық заттар. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштігі төмендей береді. Мүндай заңдылық біратомды спирттер қатарында да байқалған еді. Карбон қышқылдарындағы карбоксил тобы карбонил тобы мен гидроксотоптан қүралғандықтан, электрондық құрылысын бұрынғы білімдерімізді пайдаланып түсіндіруге болады: карбонил тобындағы оттек атомының әсерінен С=0 байланыстағы электрондық тығыздық (әсіресе я-байланыс) электртерістігі күшті оттек атомына ығысады.Соның салдарынан карбонилдің көміртек атомы жарым-жартылай оң зарядталып, электронның орнын толтыру үшін гидроксотоптағы оттектің электрондарын өзіне тартады. Өз кезегінде гидроксотоптағы оттек сутектің электрондарын өзіне тартып полюстенеді.

Слайд 6Құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан карбоксил тобы бар қосылыстарды карбон қышқылдары деп

айтады. Карбоксил тобы — карбонил және гидроксил топтарынан түрады. Бұл фукнционалдық топтардың жеке-жеке қасиеттері сақталмайды, бірігіп бір фукнционалдық топтың қасиетін көрсетеді. Карбон қышқылдары радикалдың табиғатына байланысты қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика