Әлем. XXI ғасыр презентация

Америка Құрама Штаттарының астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл манифест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пәтерінде

Слайд 1Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі
Шамұратова А.
102-13 оқу тобы


Слайд 2Америка Құрама Штаттарының астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі

саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл манифест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді.

Слайд 3«Әлем. XXI ғасыр» манифесінде Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшылары мен саясаткерлердің,

адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілікті арқалап отырғандықтарын, болашаққа бастар бейбітшілік жолында ел сенімін абыроймен атқару қажеттігін, бұл үшін нақты істерге көшетін уақыттың жеткендігін баса айтты.

Слайд 4
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі өскелең ұрпақтың болашағына

деген алаңдаушылықтан, уайымнан туындап отыр. Қазақ халқының ядролық сынақтан көрген қиындықтарын басқа халықтың басына бермесін! Президент Назарбаевтың Манифесі адамзатты бейбіт болашақ үшін ақыл-парасатқа жүгінуге итермелейді. Өйткені, жаппай қарулану, ядролық қаруға ұмтылу - түптеп келгенде адамзат баласының түбіне жетуі мүмкін.
Айта кетелік, Қазақстанның осы бағыттағы нақты іс-әрекеттері 2015 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық қарудан азат әлем орнату туралы Жалпыға бірдей Декларация қабылдауына септігін тигізгені белгілі.

Слайд 5«Екі тарихи құжат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр»

Манифесі мен 1991 жылы 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы, Қазақстанның бірізді бейбітшіл саясатының бірыңғай алгоритмі іспеттес! Біздің ел осыдан аттай 25 жыл бұрын ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, «ядролық шабадансыз-ақ» халықаралық ынтымақтастық моделін жемісті түрде қалыптастыруға болатындығын көрсетіп берді. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихы бұған айқын дәлел бола алады», – деді ҚР Президенті Архивінің директоры. Оның айтуынша, Семей ядролық сынақ полигонын жабу оңайға түспеген. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде сақтаулы құнды құжаттар дәлел.


Слайд 6Манифестің соңында Елбасы: «Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер

ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ»-деп сөзін түйіндеді.

Слайд 7Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика