Қараүңгірдің баурайы,туған жерім-Обалым презентация

Первомай ауылы Ақмола облысы,Щучье ауданың оңтүстігінде 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Шекарасы шығысында Ебекшілдер ауданы, батысында- Зеренді ауданымен шектеседі. Жер көлемі

Слайд 1


Тақырыбы: Қараүңгірдің баурайы,туған жерім-Обалым


Жұмыстың авторы:Хакимов Даниял Қайратұлы
Білім беру ұйымының мекенжайы:

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Первомай селосы



Жетекшісі: Әлібек А.С.
2016 жыл


Слайд 2Первомай ауылы Ақмола облысы,Щучье ауданың оңтүстігінде 40 шақырым қашықтықта орналасқан.
Шекарасы

шығысында Ебекшілдер ауданы, батысында- Зеренді
ауданымен шектеседі.
Жер көлемі -4338га (орманды қоса есептегенде)
Халқы -785(2008ж. Санақ бойынша )
Халқы -590(2016ж. Санақ бойынша )

Слайд 3 Ертерек кезде ауыл маңында әр жерде қолмен үйілген төмпешіктер көп болатын.

Қарттардың айтуына қарағанда қазақ-қалмақ соғысы жүріп өткен жерлерде осындай төмпешік-обалар көптеп пайда болған. Бұл обаларға соғыста өлгендерді көмген, немесе елден тоналған дүние –мүлікті сақтау үшін әдейі қазылған қоймалар. Кейінгі кездері техникалар басып жылдан –жылға шөгіп, қазір жермен жексен болған. Міне осыдан барып Обалы деп аталған екен, кейіннен ауыл да Обалы аталды. Шежірешілердің айтуына қарағанда Бақтыбай деген бабамыз сонау Жиделі- Байсын- Сыр бойынан 1560 жылдары Атығай мен Қарауыл балаларын Қызылжар, Көкше өңіріне әкеліп қоныстандырса керек (Көкшетау газеті, 31.10.91 ж ). Бақтыбай бабамыз 90 жасқа келген, одан 10 ұл туған. 1929 жылы большевиктік колективизация кезінде Қарауылдың Қараүңгірді мекендеген Ыдықбай, Ақсайды мекендеген Малай рулары бірігіп Обалыға қоныс аударды.

Слайд 4 Сонымен Обалы ауылының түпкілікті тұрғындары негізінен ру жағынан Қарауыл-Қараша-Ыдықбай руынан

тарайды. Ыдықбайдан – Сырлыбай, Сәдібек, Сәмбет, Рыстымбет, Дәулі, Алатан, Құланшы болып, жеті ата тараса, обалылықтар Сәмбет ұрпағына жатады. Сәмбет бабамыз 107 жасқа келсе керек.
Ал көрші ауыл Түлкіліктер-Рыстымбет, Дәуілден тарайды. Қалған төрт ата Ыдықбайлар қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы бозарал маңын мекендейді .


Слайд 52. Кен байлықтары
1.Табиғат және табиғи ресурстары.
3. Климаты

4. Көлдері

5. Топырағы

6. Өсімдіктер

әлемі

7. Жануарлар әлемі




Слайд 6
1. Табиғат және табиғи ресурстары

Ауылымыздың жері жайсаң, суы мол, жан-жағын жасыл

желекті орман қоршаған құтты жер. Табиғатымыз ырыс пен мол қазынаның өайнар көзі, ауасы таза адам денсаулығының сенімді сақшысы. Ауылымыздың табиғи ресурстарына – топырақ, су, ауа, ормандар жатады.
«Орман ел дәулеті, жер сәулеті» деп бекер айтпаған, орман күрделі тірі организм, саялы орын. Өсіп тұрған ағаштар орманның негізін құрайды, ауылымыздың ормандарында қылқанды, жалпақ жапырақты және т.б. түрлері кездеседі.
Өзен, көлдер суының молдығы ормандар алып жатқан ауданғға байланысты, ылғалды өз бойына көп жинақтай отырып, орман табиғатымыздағы су көздерін сақтау рөлін атқарады.

2. Кен байлықтары

Ауылымыздың табиғи байлықтарына қалпына келетін –өсімдіктер, топырақ құнарлығы, су байлықтары бар және қалпына келтірмейтін жер қойнауының байлығы – ұран да бар

BACK


Слайд 73. Климаты
Ауылымыздың климаты қоңыржай континентті болып келеді. Қыста қар көп

жауады, сондықтан көктемде жер өте ылғалды болып келеді. Қыс аязды және боранды күндер жиі болады. Аязды күндердің температурасы -39, -42С дейін көтеріледі.
Көктемде қар еріп, жағбыр жиі жауады, пйналамыздағы табиғат оянады.
Осы ауылымыздың кішкентайлығына қарамастан, жері жайсанғ суы мол болып, жан-жағын жасыл желекті орман қоршаған құтты жер. Топырағы қарашірікке бай, сондықтан болар орманды дала, дала өсімдіктері түрі басым. Жердің көп бөлігін егістік алып жатыр, бірақ сонымен қатар керемет сұлу «Қараүңгір» атты мол керемет бейнесімен көз тартады.

4. Көлдері
Аулымыздың солтүстік-батысында Қараүңгір көлі орналасқан. Көл шипалық қасиеттерге бай, түрлі ауруларғаем. Айналасында жасыл өсімдіктерге кең таралған, жануарлардың да кейбір түрлері кездеседі. Көл ағысыз, тұзды. Пайда болу жағынан тектонткалық көлге жатады. Көлде қоға, қамыс, жасыл балдырлар өсімдік бірлестіктері кездеседі. Көлдің саз-балшығын емдік қасиетке қолдануға болады. Қараүңгір көлінің батысы далалы болып келеді. Даланың өізне тән айрықша белгіллері-орманы жоқ, жері жазық, топрағы қарашірікке бай, топырақты болады.

BACK


Слайд 8

5.Топырағы

Первомай ауылының топрағы құнарлы және борпылдақ болып келеді. Топырақ қарашірігі негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің қоспасынан тұрады. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, құрттар, паразиттер, жәндіктер, кемірушілер, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер тіршілік жасайды, сондықтанқарашігі мол болып келеді.

BACK


Слайд 9

6. Өсімдіктер әлемі

Аулымыздың флорасы алуан түрлі болып келеді. Өсімдіктер-табиғат қазнасы, аулымыздың байлығы. Аулымызда көпжылдық ағаштар-қайың,терек,қарағай, шыршалар кездеседі. Шөптесін, бұта өсімдіктердің түрлері кездеседі, олар итмұрын, долана, шетен, шие, қарақат. Гүлді өсімдіктер түймедақ, бәйшешек, мыңжапырақ, жусан, бақ-бақ кездеседі. Халықтың өміріне тірішілік қажетіне бірден- бір жақын астық дақылдар-бидай, сұлы, картоп , егіліп, бақша дақылдары-қырыққабат, қызанақ, қияр, пияз, өсірідеді, олардың барлығы азық-түліктің қайнар көзі, халықтың байлығы болып табылады. Ауыл тұрғындары көптеген өсімдіктерді- бәйшешек, тұймедақ, бақ-бақ, мыңжапырақ түрлерін емдік қасиеттерін да қолданылады.

BACK


Слайд 10

7. Жануарлар әлемі

Аулымыздың фаунасы да алуан түрі болып келеді. Ормандарымызда сүтқоректі жануарлар түлкі, , борсықтар, қояндар, қасқырлар, еліктер, кездеседі. Құстардың да көшпелі және қыстайтын да түрлері кездеседі. Олар қарлығаштар, көгершіндер, бозторғайлар, құрлар, аққулар, тырналар, бөденелер, үккілер. Аулымыздың фаунамыз жануарлардың мекн ету, тіршілік ортасына байланысты бірнеше бірлестіктерге бөлінеді дала жануарлар бірлестігі, орманды мекндейтін жануарлар бірлестігі, көлде және ауада мекендейтің жануарлар топтары болып бөлінеді. Қосмекенділердің де түрлері кездеседі жыландар, кесірткелер.

BACK


Слайд 12ҚАРАҮҢГІР


Слайд 13Қ
А
Р
А
Ү
Ң
Г
І
Р


Слайд 14Қараүңгір - туып өскен жерім менің,
Обалы- мекен еткен елім едің.
Ежелден

ата-бабам қоныс қылған,
Сансыз мал жайылым болған балым едің.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика