Оңтүстік Африка физгеографиялық ауданы презентация

Содержание

Африка 1. Атлас таулы ауданы 2. Ливия-Сахара шөлі 3. Эфиопия-Сомали ауданы 4. Конго ауданы 5. Шығыс Африка таулы қыраты 6. Оңтүстік Африка ауданы

Слайд 1 Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогикалық институты

Топ: Гео-08-1
Орындаған: Алмагамбетова Б.Э.
Утепова Н.А.
Тақырыбы: Оңтүстік Африка физ-
географиялық ауданы

Слайд 2Африка
1. Атлас таулы ауданы
2. Ливия-Сахара шөлі
3. Эфиопия-Сомали ауданы
4. Конго ауданы
5.

Шығыс Африка таулы қыраты
6. Оңтүстік Африка ауданы

Слайд 3Оңтүстік Африка мемлекеттері
Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
Лесото
Мозамбик
Ботсвана
Намибия
Свазиленд
Зимбабве


Слайд 4 Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) - Африка материгінің оңтүстігінде

орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Намибия, Ботсвана, Зимбабве; солт-шығысында Мозамбик, Свазиленд елдерімен шектеседі. ОАР аумағының құрамында Лесото мемлекеті орналасқан.
ОАР көлемі 1 219 090 шаршы км, әлем бойынша көлемі жөнінен 24-орында. Жағалау сызығының ұзындығы 2798км. Ең биік нүктесі- Айдаһар тауларындағы Нджесути тауы.
ОАР Намиб шөлінен бастап шығыстағы Мозамбик пен Үнді мұхитының жағалауын алып жатқан субтропикке дейінгі климаттық белдеулерде жатыр.
Елдің оңтүстік-батысындағы климат жерортатеңіздік климатқа өте ұқсайды, яғни қысы жаңбырлы, ал жазы ыстық әрі құрғақ болып келеді. Және де бұл аймақ жыл бойы соғып тұратын тұрақты желдерімен белгілі.

Слайд 5ОАР-ның туы
ОАР-ның елтаңбасы


Слайд 6ОАР-ның физикалық картасы
ОАР-ның саяси картасы


Слайд 7ОАР провинциялары


Слайд 8 Лесото – Оңтүстік Африка мемлекеті, Оңтүстік Африка Республикасымен

толықтай қоршалған анклав болып табылады. Аумағы – 30 355 шаршы км. Астанасы – Масеру.
Лесото шығысында ОАР-ның Квазулу-Натал провинциясымен, оңтүстігінде Шығыс-Кап провинциясымен, батысында және солтүстігінде- Фри-Стейт провинциясымен шектеседі.
Мемлекет теңіз деңгейінен биік орналасқандықтан Атлант және Үнді мұхиттары оның климатына тек аздап әсер етеді.
Лесотоның климаты салыстырмалы түрде салқын, алайда Масеру қаласында және жазықтарда жазда температура 30градусқа дейін жылынады. Мамыр-қыркүйек айларында таулы аудандар қар жамылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-1200мм.

Слайд 9Лесотоның туы
Лесотоның елтаңбасы


Слайд 10Лесотоның картасы
Спутниктен көрінісі


Слайд 11 Мозамбик Республикасы- Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан, бұрынғы Португал отары,

1975жылдан бері тәуелсіз мемлекет. Мозамбик шығысында Үнді мұхитымен, солтүстігінде Танзаниямен, солт-батысында Малави және Замбиямен, батысында- Зимбабвемен, ал оңтүстігінде ОАР және Свазиленд мемлекеттерімен шектеседі.
Республика аумағы Үнді мұхиты жағалауымен қоса есептегенде 3000км жуық. Ауданы 801590 шаршы км. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 35-орында.
Мемлекеттің солтүстік бөлігі Шығыс Африка таулы қыратында жатыр. Мозамбиктің климаты солтүстігінде- субэкваторлық, муссондық; оңтүстігінде- тропиктік, пассатық. Мозамбик ойпатында қаңтар айының орташа температурасы 26-30градус.

Слайд 12Мозамбик Республикасының туы
Мозамбик Республикасының елтаңбасы


Слайд 13Мозамбиктің жер бедері


Слайд 14 Ботсвана Республикасы- Оңтүстік Африка мемлекеті. Оңтүстігінде - ОАР-мен,

батысында және солтүстігінде- Намибиямен, солтүстік-шығысында – Замбиямен, шығысында- Зимбабвемен шектеседі. Астанасы- Габороне қаласы.
Ел аумағы 581730 шаршы км-ді құрайды. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 47-орында.
Мемлекеттің көп бөлігі субтропиктік климат белдеуінде жатыр. Көпшілік аудандарында қазан айы ыстық ай болып табылады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 460мм. Елдің 70%-н Калахари шөлі алып жатыр.

Слайд 15Ботсвана туы
Ботсвана елтаңбасы


Слайд 16Ботсвананың картасы
Спутниктен көрінісі


Слайд 17 Намибия - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде –

Ангола және Замбиямен, шығысында – Ботсванамен, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде – ОАР-мен шектесіп, батысында – Атлант мұхитымен шайылып жатыр. Аумағы 824,3 мың шаршы км. Халқы – 2,1млн адам(2009). Астанасы – Виндхук.
Намибияның негізгі бөлігін үстірттер алып жатыр. Мұнда ең биік нүктесі Кенигштайн тауы (2606м) бар. Мемлекетте өзендер аз. Ең ірі өзендері Оранжевая, Фиш-Ривер, Окаванго.

Слайд 18Намибияның туы
Намибияның елтаңбасы


Слайд 19 Свазиленд Корольдігі – Африканың оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында ОАР-мен,

шығысында Мозамбикпен шектеседі. Астанасы – Мбабане. Ірі қаласы және экономикалық “астанасы” болып Манзини қаласы саналады.
Аумағы 17363 шаршы км. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 153-орында.
Мемлекет әртүрлі табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді. Аумақ бойымен бірнеше өзендер ағып өтеді, соның ішінде Свазилендтің ірі өзені – Лусутфлу.

Слайд 20Свазиленд туы
Свазиленд елтаңбасы


Слайд 21Свазиленд картасы


Слайд 22Свазиленд 4 округқа бөлінген:
1. Хохо
2. Лубомбо
3. Манзини
4. Шисельвени


Слайд 23 Зимбабве Республикасы – Африканың оңтүстік бөлігінде, Виктория сарқырамасы

мен Замбези, Лимпопо өзендерінің арасында орнасқан мемлекет. Оңтүстігінде ОАР-мен, батысында Ботсванамен, солтүстігінде Замбиямен жане шығысында Мозамбикпен шектеседі.
Астанасы – Хараре. Аумағы 390 580 шаршы км. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 59-орында.
Зимбабве аумағының көп бөлігі 1000-1500м биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі – Иньянгани тауы, 2592м.
Республика климаты солтүстігінде субэкваторлықтан бастап оңтүстігінде тропиктікке дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400мм, ал тауларда 2000мм.

Слайд 24Зимбабве Республикасының туы
Зимбабве Республикасының елтаңбасы


Слайд 25

Калахари – Оңтүстік Африкада

орналасқан шөл. Ауданы 600 мың шаршы км жуық. Климаты аридті, жауын-шашын мөлшері қараша-сәуір айларында 500мм-ге дейін жетеді. Бірақ оның молшері уақытқа және аумақ көлеміне тәуелді ауытқып отырады.
Калахари – Оңтүстік Африканың ең ыстық аудандарының бірі. Мұнда орташа максимальды температура +29С; ал орташа минималды температура +12С; буланушылық 3000мм-ге дейін жетеді. Жергілікті халық Ботсванадағы Ганзи қаласын Калахаридің астанасы деп атайды.

Слайд 26Намиб – Африканың оңтүстік-батысы жағалауында орналасқан шөл. Шөлдің атауы жергілікті “нама”

халқының тілінде “ештеңе жоқ жер” деген мағынаны білдіреді.
Намибтің ауданы 100мың шаршы км құрайды. Шөл Атлант жағалауы бойымен Намибе қаласынан бастап, бүкіл Намибия бойымен Олифантс өзеніне дейін 1900 км-ге созылып жатыр.
Намиб шөлі өте құрғақ, жылына тек 10-13мм жауын-шашын түседі. Бұл ең ежелгі шөл болып саналады.
Бұл шөл 3 географиялық зонаға бөлінеді: Жағалау сызығы, Ішкі Намиб және Сыртқы Намиб. Намибтің көп бөлігі толықтай дерлік топырағынан айырылған. Және мұнда кездесетін топырақтар тек тұзды, гипсті, әктасты болып келеді.


Слайд 28Айдаһар таулары – ОАР, Лесото және Свазиленд елдерінің аумағында жатқан таулы

жүйе. Ең биік нүктесі – Табана-Нтленьяна тауы, 3482м. Ұзындығы – 1000км шамасында. Айдаһар тауы жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің ареалы болып табылады. Таудың улкен бөлігі Дракенсберг паркінің аумағына кіреді.

Слайд 29Замбези – Африкадағы ұзындығы бойынша 4-көл. Бассейнінің ауданы 1570мың шаршы км,

ұзындығы – 2574км. Өзеннің бастауы Замбиядан басталып, Оңтүстік Африка мемлекеттері арқылы Үнді мұхитына құяды. Әлемнің ірі сарқырамаларының бірі – Виктория сарқырамасы осы өзенде. Өзенде 2 ірі СЭС салынған: Кариба және Кабора-Басса.
Замбезидің салалары көп. М: Кабомпо, Лапалу, Квандо, Луангва, Лангвебангу, Кафуэ т.б.

Слайд 31Луангва – Африкадағы өзен, Замбезидің сол жақ саласы. Ұзындығы 770км жуық,

бассейнінің ауданы 145,7мың шаршы км. Бастауын Ньяса көлінен алып, Замбези өзеніне барып қосылады. Замбия, Мозамбик аумағын кесіп өтеді. Бұл Оңтүстік Африканың ең ірі өзендерінің бірі. Жаңбыр суымен қоректенеді. Жергілікті халық үшін бұл өзен негізгі су көзі болып отыр.

Слайд 32 Луангва

өзені

Слайд 33Виктория – Оңтүстік Африкадағы Замбези көліндегі сарқырама. Ені – 1800м шамасында,

биіктігі 128м.
Шотланд зерттеушісі Дэвид Ливингстон сарқыраманы зерттеп, оны Королева Викторияның атымен атаған. Бұрын оны жергілікті халық “Бұрқыраған түтін” деп атаған.
Виктория- әлемдегі жалғыз биіктігі 100м, ал ұзындығы 1000м-ден асатын сарқырама.

Слайд 36Оранжевая – Оңтүстік Африкадағы өзен. Айдаһар тауынан басталып, Намибия бойымен Атлант

мұхитына барып құяды. Ұзындығы 2200км, бассейнінің ауданы 973мың шаршы км. Ірі саласы – Вааль өзені.
Оранжевая өзенінде 146метрлік Ауграбис сарқырамасы орналасқан.
Өзеннің атауы Оран династиясынан келіп шыққан.

Слайд 37Лимпопо – Оңтүстік Африка өзені. ОАР, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик мемлекттерінің аумағында

жатыр. Витватерсранд тауынан басталып, Могали тауын кесіп өте келе Марикомен қосылады. 1600км-ден соң салаларымен қосылып Үнді мұхитына құяды. Ұзындығы – 1750км, бассейн ауданы 415мың шаршы км.

Слайд 38 Назар аударғаныдарыңыз үшін рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика