Әлемдегі ең ұзын көпірлер презентация

Ханджоу көпірі Жер бетіндегі ең ұзын көпір Қытайдағы Ханджоу көпірі. Ұзындығы 36 км құрайтын нысанның құрлысы 4жылға созылыпты. 2008 жылы пайдалануға берілген автомобиль көпір Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Слайд 1Тақырыбы Әлемдегі ең ұзын көпірлер


Слайд 2Ханджоу көпірі
Жер бетіндегі ең ұзын көпір Қытайдағы Ханджоу көпірі. Ұзындығы

36 км құрайтын нысанның құрлысы 4жылға созылыпты. 2008

жылы пайдалануға берілген автомобиль көпір Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.


Слайд 3«Сиду» көпірі.
Бұл көпір 2009 жылы пайдалануға берілген, көпірді көру үшін Қытайға

сапар шегуіңіз керек. Жерден 495 метр биіктікте орналасқан ол әйгілі Эйфель мұнарасы мен Биг Бен сағаттарының төбесінен қарайды. Бір қызығы, ешқандай мүмкіндік болмағандықтан оның құрылысына тікұшақ, кеме және

кран қолданылмаған. Инженерлер екі таудың аралығын қосу үшін шағын зымырандар ұшыруды ойлап тауып, сол арқылы көпірді көкке көтерген.


Слайд 4«Мийо» көпірі
Францияда орналасқан
ол жерден ең биік
орналасқан көпір болғаны
үшін

Гиннестің Рекордтар
кітабына енген.
Іргетасынан бастап
төбесіне дейінгі биіктігі
343 метрге жетеді. 2004
жылы ашылған көпірдің
жалпы құрылысына 394
млн еуро жұмсалған. 3 жыл ішінде пайдалануға берілген көпірдің жобасын Мишель Вирложо мен Норман Фостер құрастырып шыққан.Ол Париждегі Эфрейл мұнарасынан 37м биік. Бұл көпірге " ХХІ ғасырдың кереметі" деген мәртебе берілген.



Слайд 5«Данянь-Куншань» көпірі
36 шақырымға дейін созылып жатқан ол әлемдегі ең ұзын көпір

болып табылады. Мұхиттың бір шетін кесіп өтетін көпірдің құрылысына 450 000 тонна темір қолданылып, он мыңға жуық жұмысшы еңбек еткен. Жобаның
жалпы құны 8,5
млрд долларды
құрайды.

Слайд 6«Банпо» көпірі
Бұл Гиннестер кітабына ең ұзын субұрқақ орналасқан көпір ретінде еніп

отыр. Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында орналасқан «Айдағы кемпірқосақ» атты осы көпірдегі субұрқақтың жалпы ұзындығы – 1140 метр.

2008 жылы пайдалануға берілген көпір Хан өзенінің қос жағалауын жалғап жатыр. Әсіресе ол түндерде ерекше сипатқа ие. Он мыңға жуық түрлі түсті жарықпен шағылыса атқылап жататын субұрқақты тамашалау үшін әлемнің көптеген елінен туристер арнайы келеді.Ол 1 минутта 190тонна су төгеді. Бұл көпір экалогиялық таза суымен ерекше.


Слайд 7«Босфор» көпірі
Ол қос құрлықты жалғап жатқандығы үшін басқалардан дараланып тұрады. Түркияның

Стамбул қаласында орналасқан жалпы ұзындығы 1560 метр болатын көпір Азия мен

Еуропаны қосып жатыр. Қазіргі уақытта оның үстімен күніне екі жүз мыңға жуық көлік өтеді. Көпірмен жаяу жүруге тыйым салынған. Себебі, алғашқыда оны өз-өзіне қол жұмсау мақсатында пайдаланушылар көбейіп кеткен екен.


Слайд 8«Алтын қақпа» көпірі
Бірнеше жылдан бері әлемдегі теңдессіз саналып келген көпір АҚШ-та,

нақтырақ айтсақ, Сан Францискода орын тепкен символы. Көлік, шайтанарба және жаяу жүргіншілерге лайықталған ұзындығы 2740 метр көпір 1937 жылдың 27 мамырында

пайдалануға берілген. Бір өкініштісі, Алтын қақпа суицидке барушылар үшін таптырмайтын мекен болды. Ай сайын кем дегенде бір адам бұл көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсайды. Ал 2004 жылы алғаш рет көпір үстіндегі қозғалыстың 20 минут тоқтауына елік себепші болған екен.


Слайд 9«Васко да Гама» көпірі
Еуропаға тиесілі ең ұзын көпір. Португалияда орналасқан оның

ұзындығы 17,2 шақырымды құрайды. Көпірдің ашылуы Еуропадан Үндістанға дейінгі мұхит жолын

ашқан Васко Да Гаманың 500 жылдық мерейтойына сай келіп, атауы да әйгілі саяхатшының құрметіне арналған. Сондай-ақ бұл «ЕХРО-98» көрмесінің алдында пайдалануға беріліп, 18 айда өз құрылысын аяқтаған.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика