Өзара ауыстырымдылық шақтама және қондыру білік және қуыс жүйелері. (дәріс 6) презентация

Содержание

Өзара ауыстырымдылық Тетіктің, құрастыру бірлігінің өзі кіретін бұйымның берілген сапасын жоғалтпай, өз орнына басқа бір тетік немесе құрастыру бірлігін қолдануға болатын қабілетін қамтамасыз ету қасиетін айтамыз

Слайд 16 - ДӘРІС
Өзара ауыстырымдылық
Шақтама және қондыру Білік және қуыс жүйелері



Слайд 2Өзара ауыстырымдылық
Тетіктің, құрастыру бірлігінің өзі кіретін бұйымның берілген сапасын жоғалтпай, өз

орнына басқа бір тетік немесе құрастыру бірлігін қолдануға болатын қабілетін қамтамасыз ету қасиетін айтамыз

Слайд 3Өзара ауыстырымдылық түрлері
өндіріс көлемі мен бұйым шығару мерзіміне қарай:
Сыртқы –

сатып алынған және көшірмелі (өздерінен күрделі бұйымға кіретін) бұйымдарды және құрастыру бірліктерінің қолдану көрсеткіштеріне қарай, сондай-ақ қосылатын беттердің өлшемі мен пішіміне қатысты өзара ауыстырымдылық
Ішкі - бұйымға кіретін тетіктер, құрастыру бірліктері және механизмдері жатады

Слайд 4Өзара ауыстырымдылық деңгейі
Өндірістің өзара ауыстырымдылығының деңгейін өзара ауыстырымдылық тетіктері мен құрастыру

бірліктерінің жұмыс ауқымының, жасалынатын бұйымның жалпы жұмыс ауқымы қатынасына тең болатын, өзара ауыстырымдылық коэффициентімен К сипаттауға болады

Слайд 5
Негізгі өзара ауыстырымдылыққа құрылымдау кезіндегі, өндірістегі және машиналарды пайдалану кезіндегі ережелер

жинағына сүйене отырып қол жеткізуге болады. Бұйымның барынша көп уақыт пайдалануда болуы үшін, бұйымды жобалау кезінде номиналды мәні мен пайдалану көрсеткіштерінің шақтама ауытқуларын тағайындау керек.

Слайд 6Өлшемдер
Тағайындалуы бойынша өлшемдер пішімі мен шамасын анықтаушы :
құрастыру,
жинақтау
габариттік өлшемдерге бөлінеді


Слайд 7Өлшемдер
Құрастыру өлшемдерін тетіктерді беріктік пен қаттылыққа есептеу арқылы анықталады;
Габариттік өлшемді

шығып тұрған бөлшектері бойынша анықталады;
Жинақтау бұйымдары жалғастыру беттері бойынша анықталады.
Құрастыру және жинақтау өлшемдері тетіктер мен бірліктердің бір-біріне қарағанда қалай орналасқандығын сипаттайды

Слайд 8Өлшемдер
Номиналды өлшем (D, d, l және т.б) –ауытқу санаудың басы болатын

және соған қатысты шекті өлшемдерді анықтайтын өлшемді айтамыз.
Нақты өлшем – рұқсат етілген қателікпен өлшеу арқылы анықталған өлшем. Бұл термин тетікті абсолютті дәл өлшеммен жасап шығаруға және өлшеуге мүмкіндік болмаған соң пайда болды.
Тетіктің шекті өлшемі – екі шекті рұқсат етілген өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын өлшем.

Слайд 9Шақтама
Т шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама) деп ең үлкен

және ең кіші параметрлердің жіберілген мәнінің айырмасы
Шақтама алаңы – жоғарғы және төменгі ауытқумен шектелген алаң
Білік – тетіктердің сыртқы(қамтитын) элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін термин
Қуыс – тетіктердің ішкі(қамтылатын) элементтерінің(беттерінің) белгіленуін көрсететін термин

Слайд 10Қондыру
Тетіктердің арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай анықтайтын біріктіру сипаты
Қондыру

біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды
Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Саңылау S – қуыстың өлшемі біліктің өлшемінен үлкен болған кездегі қуыс пен білік өлшемдерінің айырмасы, саңылау жиналған тетіктердің өзара жылжуын қамтамасыз етеді


Слайд 11Қондыру
Керілісті қондыру – біріктіруде тетіктер арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін

қондыру. Керіліс N – білік өлшемі қуыс өлшемінен үлкен болған кезде жинауға дейінгі білік пен қуыс өлшемдерінің айырмасы
Ауыспалы қондыру – біріктіруде арасында керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз ететін қондыру(қуыс, білік шақтама алаңдары жартылай немесе түгелжабылып орналасады).

Слайд 12Шақтама және қондыру жүйесі
Шақтама және қондыру жүйесі деп шақтамалар мен қондырулардың

заңдылықпен тәжірибе, теориялар және эксперименттер негізінде құрылған және стандарт түрінде жасалған тізбектер жиынтығын айтамыз

Слайд 13 шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
1. Ұқсама әдісі

жобалаушы бір типтес, немесе бұрын жасалынған, қазіргі уақытта пайдалануда жүрген машиналардан, жобаланатынға ұқсас құрастырма бірліктерін тауып, сол жердегідей шақтама мен қондыру тағайындайды

Слайд 14шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
2. Тәріздес (ұқсас) әдісі

негізі ұқсама әдісінің ары дамуы. Ол әдіс машина тетіктерін құрылымы және пайдалану белгісі бойынша, қондыруларды қолдану мысалдары келтірілген анықтама басылымдарын шығару арқасында туындады
Бұл әдіспен шақтама мен қондыру таңдау үшін, кітәпта көрсетілген белгіге сәйкес жобаланатын құрастыру бірлігінің құрылымдық белгісі мен пайдалану шарттарының ұқсастығын пайдаланады.

Слайд 15шақтама және қондыру таңдаудың әдістері
3. Есептеу әдісі шақтама мен қондыру таңдаудың

нағыз негізделген әдісі болып саналады
Бұл әдіспен машина, немесе басқа да бұйымдарды құрылымдау кезінде тетікке, құрастыру бірлігіне және бұйымға бүтіндей қойылатын, пайдалану-құрылымдық талаптардың бәріне жауап бере алатындай квалитетті (дәлдік дәрежесіндей) шақтама мен қондыруды таңдаймыз

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика