Сыңардүрбі және дүрбі презентация

Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы

Слайд 1Тақырыбы: Сыңардүрбі және

дүрбі

Дайындаған:Mуханбетжан Г
Тексерген:Ахметова М


Слайд 2Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын

электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі.

Слайд 3Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн

телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді.

Слайд 4Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді. 


Слайд 5Түрлері
Радиотелескоп – жер атмосферасының мөлдірлік терезесі диапазонында космостық обьектілердің радиосәулеленуін кабылдауға

және тіркеуге арналған кұрылғы.


Слайд 6Дүрбі – алыстағы нәрселерді ұлғайтып көруге арналған оптикалық прибор. Дүрбіні бинокль

(французша bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды.

Слайд 7Ол оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен

тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза жүйесі) пен окулярдан құралған. Дүрбінің негізгі сипаттамасы – үлкейту, көру өрісі бұрышы және ажыратқыштық шама.



Дүрбіде, объективтің фокаль жазықтығында не оған жақын орналасқан алыстағы нәрсенің шын, кішірейтілген және төңкерілген кескіні, окуляр арқылы лупа тәрізді қаралады. Кеплер түтігі типтес көру түтіктері бар дүрбіде де окуляр – жинағыш жүйе әрі ол төңкерілген кескін береді. Сондықтан тура кескінді алу үшін, объектив пен окулярдың арасына, төңкергіш жүйе орналастырылады, мысалы, Малофеев – Порро жүйесі екі шағылыстырғыш жақтары бар, бір-бірімен 90Ә бұрыш жасай орналасқан екі тікбұрышты призмадан тұрады.

Слайд 8Мұндай жүйе аспаптың ұзындығын азайтуға да мүмкіндік береді. Дүрбінің бұл типі,

көбінесе, призмалық дүрбі деп аталады (үлкейтуі алты – он бес есе). Ал, Галилей дүрбісі типтес көру түтіктері бар дүрбінің окуляры – шын кескін жазықтығы алдына орналасқан шашыратқыш линза. Мұндай дүрбінің көру түтігінің ұзындығы объективтің фокус аралығынан кіші, кескін жорымал әрі тура, құралымы қарапайым, көру бұрышы шектеулі (үлкейтуі екі – төрт есе, мысалы, театр дүрбісінде) болып келеді.

Жорық дүрбісі


Слайд 9Назарларыңызға
Рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика