Кернеу бойынша іске қосылатын электрберіліс желісінің максималды ток қорғанысы презентация

1. Жұмыстың мақсаты Жұмысты орындау барысында кернеу бойынша іске қосылатын максималды ток қорғанысының схемотехникасын және әсер ету принципін зерттеп үйрену, орнатуды есептеу әдістерін үйрену, әр түрлі бұзылу түрлерінде қорғанысты сынауды жүргізу,

Слайд 1Кернеу бойынша іске қосылатын электрберіліс желісінің максималды ток қорғанысы


Слайд 21. Жұмыстың мақсаты
Жұмысты орындау барысында кернеу бойынша іске қосылатын максималды ток

қорғанысының схемотехникасын және әсер ету принципін зерттеп үйрену, орнатуды есептеу әдістерін үйрену, әр түрлі бұзылу түрлерінде қорғанысты сынауды жүргізу, қорғанысы әсерінің селективтілігін қамтамасыз ету үшін кернеу қосу құралдарын қолданудың және қуатты қозғалтқыш жүктемесі бар болған кездегі қорғаныс сезгіштік коэффициентінің жоғарылауының мақсатқа сәйкестігін тәжірибе жүзінде анықтау.

Слайд 32. Жалпы мағлұмат
Кернеу бойынша іске қосылатын максималды ток қорғанысы – уақыт

тоқтатылуына тәуелсіз максималды ток қорғанысының бір түрі. Қорғаныстың негізгі артықшылығы минимал кернеудің қосқыш құралының бар болуы болып табылады. Бұл кезде, қорғаныстың істен шығуы үшін екі фактордың орындалуы қажет, атап айтқанда, қорғаныстың істен шығу тогынан қорғалатын объектінің фазалық тогы асып кетуі және подстанция желілерінде кернеудің төмендеуі. Кернеудің қосқыш құралын пайдалану қорғаныстың сезгіштік коэффициентін жоғарылатуға мүмкіндік береді, бұл жағдайда қорғаныстың істен шығу тогын есептегенде қозғалтқыш жүктемесін қосу коэффициенті есепке алынбайды.

Слайд 4ICP = КСХ*I2*КН /КВОЗ формуласы бойынша реленің істен шығу тогын есептеу.

КН сенімділік коэффициентін 1,2-ге тең етіп алу. КВОЗ реленің кері қайту коэффициентін 0,95-ке тең етіп алу. Мүмкін болатын реле орнатуының жақын үлкен мәнін таңдап, қосқыш ток релесінің істен шығуының орнатуын анықтау. КА1, КА2 және КА3 ток релесінің беттік панелінде реленің істен шығуының таңдап алынған ток мәнін орнату. UCP = √3 *U2*KОТС/КВОЗ формуласы бойынша кернеу релесінің істен шығу кернеуін есептеу. KОТС жөндеу коэффициентін 0,8-ге тең етіп алу. КВОЗ кернеу релесінің кері қайту коэффициентін 1,05-ке тең етіп алу. Мүмкін болатын реле орнатуының жақын үлкен мәнін таңдап, қосқыш кернеу релесінің істен шығуының орнатуын анықтау. КV1, КV2 және КV3 ток релесінің беттік панелінде реленің істен шығуының таңдап алынған ток мәнін орнату. КТ1 уақыт релесінің беттік панелінде уақыт тоқтатылуын 1 с тең етіп орнату.

Слайд 5. Қорғанысты сынау бағдарламасында Q1 сөндіргішін сөндіру. М қозғалтқыш жүктемесінің сөндіргішін

сөндіру. Бағдарламаны «Сөндіруге әсер ету» режиміне ауыстыру. Бағдарламада қысқаша тұйықталу түрін – АВС таңдау. Стендке қорек көзін беру, реле қорғанысының схемасында қолданылатын барлық қоректендіру тумблерін қосу. Q1 сөндіргішін қосу. М қозғалтқыш жүктемесінің сөндіргішін қосу. Қозғалтқыш жүктемесінің максимал ток шамасын тіркеу және зертханалық жұмыс бойынша есепхатта көрсету. Қосқыш реле дұрыс таңдалған жағдайда қорғаныс істен шықпауы қажет. К1 нүктесінде қысқаша тұйықталу тогын жасау. Ток және кернеу өлшеу трансформаторының екіншілік орамасындағы ток және кернеу мәнін тіркеу, алынған мәндерді 1 – кестеге енгізу.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика