Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз презентация

Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз. Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға,

Слайд 1ОБЛИГАЦИЯ
Орындаған; Төлеген Ақжол


Слайд 2Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.
Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе

компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.

Слайд 3Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар

қарыз алушының (эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.

Слайд 4Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа

қарсы күресімен байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған.  Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін.

Слайд 5Түрлері
Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге

бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық пайдасына байланысты  облигация екі түрлі болады:
Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.
Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады

Слайд 6Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:
Корпоративтік облигациялар – акционерлік

қоғамдармен шығарылатын тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді.  Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі  облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды. 
АҚШ Облигациялары
Ресей көмір өңдеу өнеркәсіп қоғамының облигациясы.
Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар – тиісінше жергілікті билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды. Мысалы,  Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8% пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді десе де болады.

Слайд 7Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді.

Мерзімнің ұзақтығы облигация шығаратын елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді облигациялар бір немесе екі жылға шығарған бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.

Слайд 8Қазақстандағы облигация нарығы
Қазақстан нарығында облигациялар кеңінен таралмаған. Құнды қағаздардың артықшылықтары  несиеге

қарағанда көбірек болса да, банк мекемелері және қарапайым халықтың өзі көбінде несиені басты  қаржы құрал ретінде қарастырады.  Облигациялардың уақытында төленетініне, әрі қолдан-қолға қайта сатуға болатынына қарамастан қаржы мекемелерінің көбісі (ұлттық банктен басқа) облигациялармен сирек жұмыс істейді. Ал батыс елдері болса, облигациялардың артықшылықтарын жақсы пайдалана отырып, қарапайым адамдарға сатады. Дегенмен, Bloomberg ақпараттық жүйесін сүйенсек, халықаралық нарықта 540 қазақстандық облигациялар өнімін кездеседі: 97 өнім – валюталық (көбіне долларлық), 80 өнімге жуығы – инвестицияық класстағы облигациялар. Олар «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ, Сбербанк облигациялары, БРК, «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Қазына» Қазақстан иптекалық компаниясы, «Қазақстан инжиниринг» және тағы басқа ірі компаниялар.
Облигацияны йемдену үшін  акция тәрізді биржаға қатысып брокердің көмегімен сатып алу керек. Ереже бойынша, облигация нарығында белгілі бір қаражат лимиті бар.  Қазақстанда көбінесе акциямен жұмыс істейді, сондықтан облигациямен сауда жүргізу туралы ақпарат аз және сатып алу кеңінен таралмаған.
Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштері бойынша, Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының долларлық табыстылығы 2020 жылға дейін өтеу мерзімімен орта есеппен 4%, теңге табыстылығы – 7%, 2025 жылға дейін өтеу мерзімімен долларлық – 5,5, теңгелік – 6,2 %.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика