Банк балансын талдаудың негізгі бағыттары презентация

Содержание

Тақырыбы: Банк балансын талдаудың негізгі бағыттары.

Слайд 1Карыш Сания
ҚҚ-411


Слайд 2Тақырыбы:
Банк балансын талдаудың негізгі бағыттары.


Слайд 3 Коммерциялық банктің балансын экономикалық - қаржылық тұрғыдан талдаудың негізгі

бағыттарына мыналар жатады:
1) банктің пассивтік операцияларының құрылымын талдау;
2) банктің активтік операцияларының құрылымын талдау;
3) банктің активті – пассивті операцияларының құрылымын талдау;
4) банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.


Слайд 4Банктің пассивтік операциялары қаражат тарту көздері мен банктік қаржылық қарым- қатынастарының

табиғатын сипаттайды.

Слайд 5Пассивтік операциялардың нәтижесінде банктердің ресурстық базасы қалыптасады және сол арқылы банк

ресурстарының пайдаланудың негізгі бағыттары мен мөлшері анықталады.


Слайд 6 Банктің пассивтік операцияларының негізгі формаларына мыналар жатады:
1) Өз табыстарын

қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған банк пайдасының бір бөлігін аудару операциялары;
2) Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
3) Банктің депозиттік операциялары;
4) Банктің бағалы қағаздар шығарып, сату арқылы тартылған қаражаттары.


Слайд 7Банктің пассивтік операцияларын талдаған кезде, ең алдымен, банктің меншікті қаражаттары мен

сырттан тартылған қаражаттардың үлес салмақтарын және арақатынастарын анықтау қажет.

Слайд 8Талдаудың екінші кезеңінде банк міндеттемелерінің клиенттер топтары бойынша және орындалу мерзімдері

бойынша үлес салмақтары анықталады.

Мұндай талдаудың нәтижесінде банк ресурстарының экономиканың қандай салаларынан және қандай мерзімге тартылғандығын анықтауға болады.


Слайд 9 Пассивтік операциялардың құрылымын талдау барысында банк пассивтерін басқару жөніндегі

негізгі міндеттер анықталады:

1) Банктің міндетті резервтерінен басқа бағыттағы табыс әкелмейтін қаражаттарының болуына және оның ұлғаюына жол бермеу;
2) Клиенттердің алдындағы міндеттемелерді орындауға және әртүрлі активтік операцияларды дамытуға қажетті несиелік ресурстарды табу және олардың мөлшерін ұлғайту;
3) Қаражаттарды арзанға тарту және қымбат бағалы қағаздары орналастыру арқылы банктің қажетті мөлшерде пайдасын қамтамасыз ету.


Слайд 10Банктің активтік операцияларының құрылымын талдау дегеніміз – банк ресурстарын пайдаланудың негізгі

бағыттарын талдау. Бұл жағдайда банк ресурстарын кімге, қандай мақсатқа және қанша мерзімге берілгендігі туралы мәселе қойылады. Активтік операцияларды талдау үшін ең алдымен, несиелеу көрсеткіштері, банк балансының өтімділігі және әртүрлі активтік операциялардың тәуекел мөлшері анықталады.

Слайд 11Банк активтерін басқарудың негізгі міндетіне банк балансының өтімділігін сақтай отырып, оның

табыстылығының мөлшерін арттыру жатады.

Слайд 12Банктің әртүрлі активтерінің табыстылық мөлшері және оның тәуекел деңгейі әртүрлі болып

келеді. Сондықтан активтерді басқару барысында банк оларды келесі белгілері бойынша жіктейді:
активтердің жұмсалу мерзімі бойынша;
олардың әкелетін табыстылық мөлшері бойынша;
тәуекел мөлшері бойынша.


Слайд 13 Дүниежүзілік тәжірибеде банктер активтерді басқару процесінде олардың әкелетін табыстылығын

және олардан келетін тәуекелдерді алдын-ала болжау, есептеу барысында математикалық модельдеу әдісін қолданады. Ол әдістің негізгілеріне мыналар жатады:
1) бір факторлы немесе көп факторлы корреляция әдісі;
2) регрессия әдісі;
3) статистикалық - математикалық әдіс;
4) дискреттік талдау әдісі;
5) ықтималдықтар теориясы.


Слайд 14Комерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау барысында есеп беру кезеңінің табыстылық көрсеткіштері

бұрынғы өткен табыстылық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, динамикасын анықтауға бағытталады.

Слайд 15Егер банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу динамикасын көрсетсе және банктің операциялық

табыстарының үлесі ұлғайса, оның активтерінің сапасының өскендігін көрсетеді және жалпы қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

Слайд 16Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика