Жастардың тұлғалық және әлеуметтік нормаларын қалыптастыру мен меңгеру, олардың мінез-құлқын әлеуметтік-психологиялық реттеу мәселесінің ерекше мәні болады, себебі жастар қоғамның жарқын болашағын білдіреді.
Қазіргі кезде акмеологияның, психология және педагогика ғылымдарының алдына, алғаш рет жастықт шақ кезеңінде тұлғаны оңтайлы дамыту міндеттері білім беру мекемелерінде толыққанды қойылып отыр.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы барысында, оның құрылымы қалыптасады, яғни компоненттердің жиынтығы қалыптасады, онда кез келген компонент басқалармен үйлесімді түрде өзара байланысты, адамның даралыққа қозғалысы ретінде тұлғалық дамуын негіздейді, болашақ кәсіби іс-әрекеттің сценарийін қалыптастырады.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттестігі үдерісінде, осы үдерістің басқа субьектілерінің үдерісінде жүзеге асырылады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамытудың мәні, тұлғаның психикалық дамуының нәтижесі, тұлғаның көпжоспарлы белсенді шығармашылық іс-әрекеттегі субьектілі қорын, интеграциялық түрде өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі болатын, жинақталатын, меңгеретін, адамзат әлеуетін жүзеге асыруды қамтиды.
Субьектінің енгізілетін белгілі жағдаят контекстінде зерттеледі. Мұнда зерттелінетін феноменнің мазмұны мен динамикасының негізі алынады. Бұл тұрғыла Рубинштейн атап өтті: “жағдаятқа енгізілген адамда оны жағдаяттан шығаратын нәрсе болады, тек оның әрекетін анықтайды”.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың әлеуметтік мәдени заңдылықтары, аталған үдерістің тұлғаны әлеуметтендіруге және оны басқа субьектілермен өзара әрекетіне тәуелділігін көрсетеді. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерістерінің әдістерін құру жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуына тәуелді болады
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть