Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары презентация

Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің себептерін талдаумен байланысты. Қатынастар теориясы негізінде қатынастар ерекшеліктерінің 3 аспектісін қарастыруға болады: (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский, С.П.Франк, А.Н.Леонтьев, В.И.Чирков):

Слайд 1ПРЕЗЕНТАЦИЯ Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары
Топтық жұмыс

Орындағандар: Сабырхан А.
Байсейіт І.
Манет Г.
Патруллаева Б.
Мырзалиева Ұ.

Слайд 2Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің

себептерін талдаумен байланысты. Қатынастар теориясы негізінде қатынастар ерекшеліктерінің 3 аспектісін қарастыруға болады: (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский, С.П.Франк, А.Н.Леонтьев, В.И.Чирков): - когнитивтік аспект (пән саласының сипаттамасы); - аффективтік аспект (нақты белсенділікті қамтамасыз ететін мотивтердің сипаттамасы); - мінез-құлық аспектісі (адам белсенділігінің қажеттілік аумағы).

Слайд 3 Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген

теориялық зерттеулер гуманистік психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған.

Слайд 4
Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор

екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін өзі көрсете, таныта білуді қойды

Слайд 5
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер

келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.

Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:


Слайд 62-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын

көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.

Слайд 73-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық

және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді

Слайд 84-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке ие болу

ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.

Слайд 95-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық

көрсете білу.

Слайд 10 Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы

ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады.

Слайд 11
Мен Тұжырымдамасы
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның

тәжірибесімен қарым- қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген оқудың сипаттамасы төмендегідей:

Слайд 12• «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де адамның

жеке өзінің араласуын көздейді.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы үшін оқудың мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).

Слайд 13Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін

өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табы- лады

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика