Диалектика мәселелері презентация

Содержание

Диалектика - грек. диалектикэ – сұхбаттасу өнері, талас және диалог, диалегомай – сұхбаттасып тұрмын, ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді. Диалектика - аргументация өнері, логика ғылымы.

Слайд 1 Диалектика мәселелері.
Жоспар:
Диалектика,

оның тарихи түрлері.
Диалектика заңдары.
Диалектика категориялары.


Слайд 2
Диалектика - грек. диалектикэ – сұхбаттасу өнері, талас және диалог,

диалегомай – сұхбаттасып тұрмын, ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді.
Диалектика - аргументация өнері,
логика ғылымы.
Объективтік және субъективтік диалектика түрлері ажыратылады.

Слайд 3 Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін

анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.

Слайд 4 Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан

туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

Слайд 5 Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған.

Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген.
Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған.

Слайд 6 Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш

рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.  

Слайд 7К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде,

яғни әлеуметтік таптық қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның басқа да маңызды институттарының қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды.

Слайд 10 Диалетиканың негізгі заңдары


Слайд 11 Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі немесе қайшылық диалетикасы - дамуға іштей

күш беретін, белгілі бір кезеңде ескінің жойылуы және жаңаның тууы арқылы шешілетін процесті бейнелейді.

Қарама-қарсылық деп – құбылыстардағы, нәрселердегі сәйкессіздіктің шегіне жеткен формасын бейнелейтін ұғым.
Қайшылық – қарама-қарсылықтардың диалетикалық қатынасын, олардың өзара әрекеттесуінің бірлігі мен күресін бейнелейтін ұғым. Түрлері: объективтік және субъективтік.


Слайд 12Сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы – даму процесінің ішкі

механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді.
Заңның категориялары – сан, сапа. өлшем, секіріс.
Сапа - нәрсенің бірлігін, біртұтастығын, қайталанбайтындығын, оның салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді.

Сан – заттардың біркелкілігін, бірдейлігі, ұқсастығын білдіреді, сондықтан олармен көбейту және азайту, бөлу мен қосу және тб. операциялар жасалады.

Слайд 13 Өлшем – сан мен сапаның диалетикалық бірлігі,

қайшылығы өзара тәуелділігі, яғни сапа жағынан анықталған сан, немесе сан жағынан анықталған сапаны көрсететін ұғым.
Секіріс – берілген сапаның түбірлі өзгеру апроцесі, ескі сападан жаңа сапаға өтудің, бір өлшемнен екінші өлшемге өтудің формасы, дамудағы шешуші түйін. Секіріс –заттың барлық үш деңгейін де- оның сапалық, сандық және өлшемдік анықтылығын қамтиды. Жаңа затта оның сапасы да, саны да, өлшемі де жаңа болады.
Секіріс формалары – жылдам, шұғыл; баяу, созылмалы, эволюция, - біртіндеп өзгеру, революция – қоғамдағы секіріс түрінде болатын даму формасы.


Слайд 14 Терістеуді терістеу заңы - даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері

басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын, қозғалыстың, дамудың бірлігін сипаттайды.
Заңның категориялары:
Терістеу – шығармашылық, жасампаздық терістеу, ол дамудың негізі. Қандай да болмасын жаңа, неғұрлым жоғары жетілген формалардың пайда болуының алғы шарты болып табылаиын терістеу.
Терістеуді терістеу – қос терістеу, екі есе терістеу. Алдыңғы терістеу әрі терістеледі және әрі сақталады, бұрыңғы даму сатысынан чсақталғанның барлығы келесі сатьыға едәуір өзгертілген түрде өтеді.

Слайд 15Диалектика категориялары дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу

және оны шешу-диалектикалық зерттеу болып табылады. Диалектиканың екі жұп  категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті, түр және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.

Слайд 17 Жүйе – тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы.
     Элемент - әрі қарабөлінбейтін жүйенің негізінде

жатқан оның бөліктері.әрбір элемент бедгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады.
      Бүтін - өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп, оны анықтайды.
   

Слайд 18 Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдау.
      Мазмұн – заттың

немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады.
     Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.

Слайд 19Себеп, салдарлық байланыстар детерменизм (лат. анықтау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір

заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім. Оған қарсы индетерминизм (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін мойындамайтын ілім.

Слайд 20     Себеп – зат немесе құбыфлыстың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті

түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз.
      Салдар – белгілі бір себептердің негізде пайда болған зат, құбылыс.

Слайд 21Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандар, алғышарттар.

Филос. ендірген Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік, энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель бойынша материя – таза мүмкіндік, оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма.
      Шындық – заттың актуальды болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан шығатын заттың  дамуының бағыттары, алғышарты.

Слайд 22 Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске

асады.
      Қажеттлік – зат не қозғалыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары.
      Кездейсоқтық – болуы я болмауы мүмкін жақтар.

Слайд 23Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі

идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді.

Слайд 24Біріншіден, құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланыстығы идеясын әлем мен жаратылыстану

тарихы толық дәлелдейді.
Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты – оның ішкі қайшылықтары идеясы.
Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.

Слайд 25Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны

орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.

Слайд 26Сонымен қатар, диалектика методологиялық функцияны орындайды. Ол дүниені танудың, игерудің негізгі

құралы болып табылады. Оның негізгі ұғымдары, идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген адам өз іс - әрекетінде тез табысқа жететіні сөзсіз.

Слайд 27Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика