Блум таксономиясы. Бенджамин Блум презентация

Содержание

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық

Слайд 1Блум таксономиясы
Орындаған: К-14 тобының студенті
Зұлпыхар Айкүміс


Слайд 2 Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум

таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.

Блум таксономиясы

Бенджамин Блум
(1913-1999 жж.)


Слайд 3Таксономия түсінігі
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos —

заң).

Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.

Слайд 4Блум таксономиясы
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Бағалау
Жинақтау
Талдау
Қолдану
Түсіну
Білім


Слайд 61. БІЛІМ
Негізгі категориялар
Бұл категория оқу материалын есте

сақтау мен қайталауды білдіреді.
Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.
Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.


Слайд 7Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары
1.Білім
Ғылымда білімді
қабылдау мен қолдануды


5 деңгейге бөледі.


Ақпараттық
деңгей


Слайд 8 қолданылған терминдерді
есте сақтайды және қайталайды;
нақты фактілерді келтіреді;
әдістер мен

жұмыстың орындалу
ретін (процедурасын) қайталайды;

негізгі ұғымдарды есте
сақтайды және қайталайды;

ережелер мен қағидаларды
жатқа келтіреді.

Шәкірт:


Слайд 9Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 102. Түсіну


Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей
әрекеттерді

атқаруды атауға болады:
Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге»
ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе,
керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету);
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша
баяндау;
Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не
туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда
анағұрлым жоғары болады.


Слайд 11Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары
2. Түсіну
Ғылымда білімді
қабылдау мен

қолдануды
5 деңгейге бөледі.


Тезаурустық
деңгей
(ғылыми тіл)


Слайд 12Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады,
айырмашылығын көрсетеді, мысалдар келтіреді;
Сөзбен келтірілген

материалды, схемалар, графиктер,
диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді;

Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға
өзгертеді (немесе керісінше);

Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал
салдарын сипаттайды, болжайды.


Слайд 13Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 143. Қолдану
Бұл категория оқу материалын нақты
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда
қолдануды

меңзейді.
Мұнда ережелерді, әдістерді,
ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды,
теорияларды практикалық тұрғыдан
қолдану кіреді.
Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне
қарағанда материалды тереңірек
игеруді талап етеді.

Слайд 15Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары
3. Қолдану
Ғылымда білімді
қабылдау мен

қолдануды
5 деңгейге бөледі.


Методикалық
деңгей


Слайд 16Шәкірт:
ұғымдар мен қағидаларды
жаңа жағдайларда
қолданады;

заңдар мен теорияларды
практикалық тұрғыдан нақты
ситуацияларда

қолданады;

әдіс немесе жұмыс ретін
дұрыс қолданатындығын
көрсетеді.


Слайд 17Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 184. Талдау




Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны
құрамдас бөліктерге бөлу:
Бүтіннің

бөліктерін ажырату;
Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара
байланыстарды анықтау;
Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.

Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен
қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын
білуді меңзейді.



Слайд 19Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары.
4.Талдау (Анализ)
Ғылымда білімді
қабылдау мен

қолдануды
5 деңгейге бөледі.


Технологиялық
деңгей


Слайд 20Шәкірт:
жасырын (көзге көрінбейтін)
жайттарды ашады;
ойдың өрбуінен қателер
мен олқылықтарды айқындайды;
фактілер

мен олардың салдарының
арасын ажыратады;

ұсынылған фактілердің
маңыздылығын айқындайды.


Слайд 21Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 225. Жинақтау (синтез)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді
(нәтижені)

құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын
мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс
жоспары, схемаларды атауға болады.

Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап
етеді.

Слайд 23Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары.
5.Жинақтау (синтез)
Ғылымда білімді
қабылдау мен

қолдануды
5 деңгейге бөледі.


Зерттеушілік
деңгей


Слайд 24Шәкірт:
Шығармашылық
тұрғыдан шығарма (эссе)
жазады;
Тәжірибе жасаудың
өзіндік жоспарын
ұсынады;
Қандай да болмасын
проблеманы шешу үшін
өз

білімдерін
шығармашылықпен
қолданады.

Слайд 25Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 266. Бағалау
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы
өзіндік пікір келтіру, ойын

білдіру, таңдау жасап,
шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары
нақты дәлелдерге негізделуі керек:
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі
тұрғысынан.
Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижеле-
ріне қол жеткізуді меңзейді.




Слайд 27Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары.
6. Бағалау
Мен ойлаймын, яғни мен

өмір сүріп жатырмын.

Слайд 28Шәкірт:
оқу материалы
құрылымының
логикасын
жазбаша түрде
бағалайды;
жасалған
шешімдер мен
қорытындылардың
берілген фактілерге
сәйкестігін
анықтайды.
ішкі немесе

сыртқы
критерийлерге
сүйеніп, оқу
материалының
маңыздылығын
айқындайды;

Слайд 29Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі


Слайд 30
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ

жоспарының маңызы


Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыруына тірек болатын төмендегі жүйелерін дамытады:

Шығармашылық әрекет;
Проблеманы көре білу;
Болжай білу;
Жаңашылдықты ендіру;
Өз жұмысының бағдарламасын жасау;
Рефлексиялай алу;
Шығармашылық ойды іске асыру үшін
идеяларды тудыра алу.


Слайд 31Сұрақтар


Слайд 32Сұрақтар


Слайд 33Тапсырмалар


Слайд 34Тапсырмалар


Слайд 351-2.Пәндер бойынша тапсырма түрлері
1.Білу
1. Зат есімге анықтама беріңіз.
2. Әрекет мәні әңгіменің

қай жерінде айқындалады?
3. Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
4. (9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.
5. ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.
2.Түсіну
1. Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
2. ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
3. Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
4. Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.
5. Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?

Слайд 363-4. Пәндер бойынша тапсырма түрлері
3.Қолдану
1. Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
2.

Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
3. Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
4. Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
5. Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды
көрсетіңіз.
4.Талдау
1. Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған?
2. Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы.
3. Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.
4. Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.
5. Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.

Слайд 375-6.Пәндер бойынша тапсырма түрлері
5.Жинақтау (синтез)
1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға

түсiрiңiз.
2. И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.
3. Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
4. Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
5. Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.
6.Салыстырмалы бағалау
1. Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?
2. Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
3. Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
4. Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
5. Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?

Слайд 38http://adister.weebly.com
http://ppt-online.org
https://www.metod-kopilka.ru/tzhiribe-almasu-tairibi-blum-taksonomiyasi-sapali-oitudi-tiimdi-zholi-68325.html
Пайдаланған әдебиеттер:


Слайд 39Назарларыңызға
рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика