Менің қызыл кітабым презентация

Тірі ағзалардың әрбір түрі бірегей, сондықтан олардың жер бетінен біреуінің жоғалуы табиғатқа келетін үлкен шығын болып табылады. Біз білетін жануарлардың бірнеше түрлері азайып барады. Егер қазірден бастап қорғауға

Слайд 118. МЕНІҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫМ

«Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы» Қоғамдық Қоры
«Маңғыстау облысының табиғат

ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орта мектептің төменгі сыныптарына арналған
“Қоршаған орта экологиясы”
оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал


Слайд 2 Тірі ағзалардың әрбір түрі бірегей, сондықтан олардың жер

бетінен біреуінің жоғалуы табиғатқа келетін үлкен шығын болып табылады. Біз білетін жануарлардың бірнеше түрлері азайып барады. Егер қазірден бастап қорғауға алмасақ, онда біздің балаларымыз: горилла, қарақұйрық, итбалықтардың суреттеріне қарап «Бұлар нелер өзі! Олар шынымен болған ба, қазір қайда кетті?» деген сұрақтарды қоюы мүмкін.


Слайд 4Не үшін «Қызыл кітап» деп аталады?
Қызыл түс – қауіп-қатер жайында белгі

беретін түс
«Қызыл Кітапқа енгізілген» деген сөз «ақырын, абайла тиіспе, қорға» деген мағынаны білдіреді

Сурет: allprezentation.ru/


Слайд 5 Қазақстанның Қызыл Кітабында  — Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған

және сирек кездесетін жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтар тізімі көрсетілген. 3 рет жарыққа шығарылған. Соңғы үлгісі 1996 жылы шыққан.

Қазақстанның Қызыл Кітабына
омыртқалылардың 128 түрі,
балықтардың 18 түрі,
бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі,
қосмекенділердің 10 түрі,
құстардың 57 түрі
сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген.
Сенде Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді білуің керек!!!


Слайд 6Өсімдіктердің Қызыл Кітабы


Слайд 7Мемлекетіміз өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғайды


Слайд 8«Қорық» дегеніміз не?
Қорық – ағаш кесу, мал жаю, саңырауқұлақтар мен жемістерді

жинау, аң және балық аулау секілді кез-келген жұмыстарды жасауға тыйым салынған аумақ. Қорық – табиғаттың қайталанбас Қызыл Кітабы, мұнда өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы табиғи түрде сақталады.


Слайд 9«Қаумал» және «Ботаникалық бақ» дегеніміз не?
Қаумал – жеке өсімдіктер мен жануарлар

түрі белгілі бір шенкті уақыт аралығында қорғауға алынатын аумақ. Қорықтан айырмашылығы, онда жеміс-жидектерді жинауға, балық және аң аулауға болады.

Ботаникалық бақ – тірі өсімдіктердің коллекциялары жинақталған аумақ (ашық аспанда немесе жылыжайда өсіріледі). Ботаникалық бақтардың міндеті – сирек және жойылу қаупі төнген өсімдіктерді жинау және сақтау.


Слайд 10 1985 жылы Маңғыстау аумағында Үстірт қорығы, Ақтау-Бұзашы

және Қарақия-Қаракөл қаумалдары құрылған. Олардың басты міндеттері осы аймақтағы өсімдіктер қауымдастығын сақтау және осы аумақтың жануарлар әлемін қорғау болып табылады



Слайд 11Маңғыстау облысында сирек кездесетін өсімдіктер
Қара сексеуіл

Шөл далада өсетін аз ғана ағаштардың

бірі. Сексеуілдер төзімді. Сексеуілдің сыртқы келбеті: ағаш діңі қабықты, 5-10 метр биік, бұралаң, аласалы, көлеңке бермейді. Сексеуілде жапырақтар болмайды. Тамыры 7-40 м тереңдікке кетеді, ылғалды сол жақтан алады.
Қара сексеуіл деп аталуының себебі, оның бұталары қара жасыл түстес болып келеді. Құмды және саз балшықты шөлді аймақтарда өседі. Жойылу қаупі бар.
Азаю себептері: мұнай кен орындарын игеру, мал жаю, отынға пайдалану.


Слайд 12Сурет: симптомы-лечение.рф


Слайд 13Үй тапсырмасы:
Жойылу қаупі төнген өсімдіктер жайында әңгіме жазып келіңдер.
Қызыл Кітапқа енгізілген,

Маңғыстауда өсетін, өзіңе ұнаған екі өсімдіктің суретін салыңдар.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика