Қысқы жылыжайға арнап көшет дайындау технологиясы презентация

Жоспар: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер 2.1.Жылыжайлар мен көшетханалардың құрылысы. 2.2.Жылыжайлар үшін топырақ дайындау. 2.3.Қысқы жылыжайларға арнап көшет отырғызу технологиясы.

Слайд 1Қазақ Ұлттық Аграрлық
Университеті
Тақырыбы: Қысқы жылыжайға арнап көшет дайындау технологиясы
ОРЫНДАҒАН:АГ-302 ТОП

ИРСАЛИЕВА Ж.С ТЕКСЕРГЕН:ТОЙЧИБЕКОВА Ұ



Слайд 2Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім








III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
2.1.Жылыжайлар мен көшетханалардың құрылысы.
2.2.Жылыжайлар үшін топырақ дайындау.
2.3.Қысқы жылыжайларға арнап

көшет отырғызу технологиясы.

Слайд 3










Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.


Слайд 4












Жылыжай күн

сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал.


Слайд 5



Жылыжайлар

мен көшетханалардың құрылысы.
Көшеттерді өсіргенде жылы жайлардың әртүрлі жылыжайлар пайдаланылады. Олардың ішінен мыналарды атауға болады.
1.Тұрақты жылы жайлар, бұл үлкен ауданы 250 шаршы метрден артық, яғни ірі шаруашылықтар мен кооперативтерге ыңғайлы. Бұл жылыжайларды жылыту үшін ең қолайлысы жылу генераторларымен пайдаланған жөн.
2.Уақытша пайдаланылатын жылыжайлар ауданы жағынан кіші және ағаш белдеулерден дайындалады.




Слайд 6.



Көшетханалардың биіктігі 1 м-дей ұзындығы ,5-5,0 және

ені 1,3-1,5 м темір доғадан құрылған, пленкамен жабылған, көшетхананың тиімді жағы негізгі бекітілген болуы тиіс.
Бір жақты тереңдетіліп пленкамен жабылған жүйек еніне тең көшетхана типінде құрылыстарға болады. Мұндай, конотрукциялы көшетханалардың негізгі артындағы оған арналған материалдардың аз кететіндігі. Көпшілігі күтіп-баптау жұмыстарын орындаудың қолайсыздығы.



Слайд 8


Жылыжайлар үшін

топырақ дайындау
Негізінен тамыз-қыркүйек айларында таудан қара топырақ әкелінеді. Ол алдымен өсімдіктің қалдықтарынан және кесектерден тазартылады. Одан кейін 1 бөлік қара топыраққа 1-2 бөлік өзен құмын араластырады. Топырақтың құнарлылығын төмендемеуі сорға айналмауы және ауруға шалдықпауы үшін дайындалған қоспаның 3 жылдан артық пайдаланғаны жөн. Жаңадан пайдаланатын және бұрын қолданып келген топырақтағы арамшөптерді құрту және ауруларды жою мақсатымен оларды жыл сайын фумигациялау керек.

 




Слайд 9
Көшет– ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас

өсімдік.
К-тен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т.б.) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 – 1,5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. К. өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі ш-тарында, тех., дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады.‎












Слайд 10Қысқы жылыжайларға арнап көшет отырғызу

технологиясы.
Қысқы жылыжайға арнап көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады.


Слайд 13

Бұл кезде

өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер. Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3.10.-сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар.

Слайд 14 Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа

кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады.

Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады.


Слайд 15 Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан

шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған. Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады.

Слайд 16
Ол үшін машинист алғашқы жүрісте

отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады .

Слайд 17Қорытынды
Жоғары сапалы көшеттер отырғызу үшін суықтан қорғалған,

қоректік заттармен қамтамасыз ете алатын құрылыстар керек. Оларға жататын жылыжайлар мен көшетханалар жылыту жағынан 2 түрі бар. 1)техникалық 2)күн сәулесі арқылы
Көшеттерді қыста өсірген жағдайда міндетті түрде жылытылатын құрылыстар керек.Өнгіштігі 70-75% шамасында. Жылыжайлардың 1 м2 алаңына 0,4-0,7 гр мөлшерімен тұқым қажет. Тұқымды себер алдында залалсыздандырады. Ол үшін формалин немесе марганцовка ерітіндісі қолданылады. Тұқымды топыраққа араластырып, алдын-ала дайындалған танапқа шашып, оның үстіне топырақты шашып, лябкамен бастырамыз. Ылғал жетіспейтін жағдайда жылы суды бүрку жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін таза пленкамен тегіс жабылады. 4-5 күн ішінде 2-3 рет сумен бүрку жұмыстары жүргізіледі.5-ші күндері тұқым өніп, топырақ бетіне шыға бастайды.осы мерзімнен бастап көшетті күтіп-баптау жұмыстары басталады.
1.2 құлақша жапырақтары пайда болғанда,1- ші арамшшөптерін отау жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін арамшөптерді жұлу мерзімінде өсімдік тамырлары босайды,осы жұмыс аяқталғаннан кейін 1 мм қалыңдықта көшеттер үстіне топырақ шашып шығамыз.

Слайд 18 Одан кейін жылы сумен бүркеміз.көшеттерді өсіру мерзімінде

жылу режимдерін реттеу ең негізгі ашротехникалық шара. Тиімді жылу мөлшері күндізгі уақытта 25-27 С, кешкі мерзімде 18-20 С түсуге міндетті.
Арамшөптерді отаудан кейін 1 аптадай өткен мерзімде 2-ші шөптеу жұмыстары жүргізіледі. Тағыда топырақ шашылғаннан кейін 1-ші үстеме тыңайтқыш беру жүргізіледі. 10 л суға 2 г N ,P, K ерітіледі. Үстеме қоректендіру жұмысы аяқталғаннан кейін артынан 10 л таза сумен бүркіледі. 2 ші үстеме қоректендіру 10 күннен кейін жүргізіледі. Осыдан кейін шынықтыру жұмысы басталады. 30-35 күн өткенде ашық алаңға жақсы жетілген кқшеттерді таңдап, отырғызу жұмыстары басталады.


Слайд 19

Пайдаланылған әдебиеттер










1.Тұрсын-бек Есіркепбайұлы

«Қазақстанда өсетін дақылдарды тыңайту жүйесі 2008 жыл.
2.Қалықов Баймұрат «Көшетхана парниктік эффектісі»


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика