Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды – Hemiptera презентация

Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды

Слайд 1 Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды –Hemiptera.
ОРЫНДАҒАН: Жолекеева М.
ҚАБЫЛДАҒАН: Жексенбай

Б.Ж.

Слайд 2Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды


Слайд 3Hemiptera
Денесінің үлкен-кішілігі жағынан әрқилы насекомдар. Мұртшалары жіп тәрізді, 4-5 бунақтан тұрады.

Ауыз мүшелері шаншып-сорғыш, 3-4 бунақты тұмсығы бастың алдыңғы жағына орналасқан. Қанаттары әртекті- алдыңғы қанаттарының ұшы мөлдір жарғақты болады да, қалған негізгі бөлігі тері- жарғақты және мейілінше қатайып мүйізденіп кеткен. Артқы қанаттары түгелдей мөлдір жарғақты болады.

Слайд 4Hemiptera
Жартылай қатты қанаттылар, қандалалар (Hemiptera) – жәндіктер  класының бір отряды. Жер шарында

кең тараған. 50 тұқымдасқа бірігетін 25 – 30 мыңдай (кейбір деректерде 40 мыңдай) түрі белгілі. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1500-дей түрі бар. Құрлықтағылары  өсімдікке жабысып, топырақ бетінде, ағаш қуысының астында, құм арасында, су қандалалары суда тіршілік етеді. Бұлардың қазба қалдығы юра кезеңінен белгілі. Дене тұрқы 0,7 – 120 мм.

Слайд 6Негізгі тұқымдастары:


Cy қандалалары — Notonectidae, ұзындығы 7,5—18 мм. Денесінің үсті томпайған, асты тегіс,

артқы аяғы жүзгіш, ескек тәрізді. 200 түрі бар. Тұщы, ал кейбір жағдайларда тұзды суларда тіршілік етеді. Жыртқыштар, насекомдарға, балық шабақтарына, ит балықтарға шабуылдайды. Кейбір түрлері балық шаруашылығына зиянды.

Слайд 8Ескекшілер — Corixidae
Ескекшілер — Corixidae, ұзындығы 1,5—1,6 мм. Алдыңғы аяғы күрек

тәрізді, артқы аяғы жүзгіш. 600 түрі бар. Өзен, көлдер мен уақытша су қоймаларда кездеседі. Жақсы жүзіп, ұшады. Балдырлармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Слайд 10
Су сарышаяны — Nepidae, 200-ге дейін түрі бар, ұзындығы 15—50 мм,

денесінің соңында тыныс алу түтігі бар. Алдыңғы аяғы ұстағыш. Өсімдікке бай су қоймаларда, кейде баяу ағатын өзендерде тіршілік етеді. Нашар жүзеді. Ұсақ су жануарларын аулайды, жыртқыштар, сондай-ақ шабақтарды жеп, тоған балық шаруашылығына зиян келтіреді.

Слайд 12Қалқаншалылар — Pentatomidae
Қалқаншалылар — Pentatomidae, ұзындығы 2—40 мм, сопақша денелі, қалқаншасы

кұрсағының 2/3 бөлігін жауып тұрады. Өсімдік жегіштер және жыртқыштар. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері — Eurydema, Aelia туыстары.


Слайд 14
Айқышгүлділер қандаласы — қалқангер туысы, Pentatomidae тұқымдасына жатады. Ұзындығы 5—10 мм.

Еуразия және солтүстік Африкада 30—дай түрі белгілі. ТМД кеңістігінде, Қиыр солтүстікте, басқа барлық жерде кездеседі.
Айқышгүлді өсімдіктер зиянкестері. Кең таралған түрлері: рапс қандаласы, Еуропаның орманды жерлерімен Батыс Сібірде, қыша және қырыққабат қандалалары Еуропаның оңтүстік бөлігінде.


Слайд 16Қалқаншалы бақашықтар — Scutelleridae
Қалқаншалы бақашықтар — Scutelleridae, ұзындығы 10—13 мм, сопақша денелі, қалқаншасы

құрсақтың үстін түгелдей жапқан. Барлық түрлері де дәнді дақылдарға аса зиянды.
Қазақстанда, Орта Азияда кең таралған бақашық қандала — Eurygaster integriceps.


Слайд 18Паразит қандалалар — Cimicidae
Паразит қандалалар — Cimicidae, ұзындығы 4,8—8,4 мм, денесі жалпақ жұмыртқа

тәрізді, адамның және жылы қанды жануарлардың сыртқы паразиттері. Құстардың үяларында, кемірушілердің індерінде, табиғатта үңгірлерде де тіршілік етеді.



Слайд 20



Адамның қанын сорып, мазасыздандыратын паразит — үй қандаласы (Cimex lectularius) және C.hemipterus

қызыл-қоңыр түсті, қанаттары жойылған, күндіз жасырынып, түнде адамға шабуыл жасайды. Бір  тәулікте 12—15 жұмыртқа салып, 4—7 күнде личинкаға айналады.


Слайд 22Пайдаланған әдебиеттер.
1. Сағитов А.О.,Ашықбаев Н.Ж., Дүйсембеков Б.Ә., Төлеубаев Қ.М., Мұхамадиев Н.С.

Жалпы энтомология. Алматы, ҚазҰАҰ,2012.-220 бет
2.https://kk.wikipedia.org/wikipedia/



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика