Слайд 1Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Жақ сүйексіздер кластан жоғары топ.
Дөңгелек ауыздылардың
сыртқы пішіні мен құрылысы.
.
Слайд 2
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Мисауыттылар- Craniata
Класс: Дөңгелек ауыздылар- Agnatha
Өкілі:
Өзен миногасы- Lampetra fluviatilis l
Қажетті құралдар: Сұйық ерітіндіге салынған минога, плакаттар, қол лупасы, ванночкалар, қайшы,скальпель, кішкене пинцет,инелер
Слайд 3
Т а п с ы р м а л а
р
1. Қол лупасын пайдаланып, өзен миногасының ылғалды обьектасынан, оның қарапайым құрылысты су омыртқалылары ретінде сыртқы пішінімен танысыңыздар. Миноганың сыртқы құрылысын салып, жеке органдарын белгілеңіздер.
2. Миноганы лабораториялық жұмыс мақсаты үшін сою әдістерімен танысу және оны сою.
3. Сойып-ашылған обьетіден немесе көлденең кесілген схемасы бойынша миноганың ішкі құрылысымен танысыңыздар.
Слайд 4
Жұмыстың жүру реті
1-тапсырма.
Қол лупасын пайдаланып
өзен миногасының ылғалды объектісінен немесе оның су омыртқалылары ретінде сыртқы пішінімен танысу.Миноганың сыртқы көрінісін альбомдарыңызға салып, органдарын белгілеңіздер.
Слайд 5
Өзен миногасының сыртқы құрылысы: 1-сорғыш типтес ауыз шұңқыры, 2-дара танау
тесігі, 3-симметриялы орналасқан көздері, 5-екі дара арқа жүзу қанаты, 6-дара құйрық жүзу қанаты, 7-бүйірлік сызықтары, 8-аналь тесігі, 9-зәр жыныс өсіндісі, 10-
Слайд 6
2-тапсырма.
Миноганы лабораториялық жұмыс мақсаты үшін союға
жаңа ауланған немесе формалин ерітіндісінде сақталған объектілерді пайдалануғу болады. Сою үшін миноганы құрсақ жағымен ванночкаға мұқият бекітеді. Содан кейін өткір ұстарамен танау арқылы , қыр арқаны бойлап, аналь тесігінің деңгейіне дейін кесіп, миноганы екі жартыға бөлеміз.
Слайд 7
Миноганың ұзынынан кесіндісі: 1-ауызалды шұңқыры, 2-орталық нерв жүйесі, 3-хорда, 4-ас
қорыту, 5-тыныс алу түтігі, 6-жүрек, 7-иіс сезу капсуласы, 8-бауыр, 9-жыныс безі, 10-жұп бүйрек, 11-бұлшықет жүйесі.
Слайд 8
3-тапсырма.
Сойып ашылған объектіден миноганың ішкі құрылысымен
танысыңыздар. Төмендегі көрсетілген органдар жүйесінің құрылысын салып, оны белгілеңіздер.
Слайд 9
А.Миноганың ас қорыту жүйесінің құрылысы: 1-ауызалды шұңқыры; 2-ауыз тесігі; 3-тілі;
4-ауыз қуысы; 5-жұтқыншақ; 6-ас қорыту түтігі; 7-бауыры; 8-аналь тесігі; 9-бұлшықет; 10-парус.
Слайд 10Б.Миноганың тыныс алу жүйесінің құрылысы: 2-тыныс алу түтігі; 3-ішкі тесіктері; 4-желбезек
қапшықтары; 5-желбезек аралық перделері; 6-саңылаулары; 7-желбезек доғалары; 8-желбезек жапырақшалары.
Слайд 11 В.Миноганың қан айналыс жүйесінің құрылысы: 1-құрсақ аортасы; 2-қан әкелуші артерия;
3-қан әкетуші артерия; 4-арқа аортасы; 5-ұйқы аортасы; 6-құйрық аортасы; 7-жұп алдыңғы вена; 8-жұп артқы вена; 9-төменгі яремдік вена; 11-бауыр қақпасы; 12-бауыр венасы; 13-вена синусы; 14-екі камералы –жүрекшеден; 15-екі камералы қарынша; 16-аорта пиязшығы ; 17-ішкі асты венасы.
Слайд 12 Г. Миноганың зәр-жыныс органдарының құрылысы: 1-жұп орган; 2-вольфов каналы; 3-жыныс
безі; 4-ұсақ тесіктері; 5-зәр жыныс смнусы; 6-несеп зәр-жыныс өсіндісі.
Слайд 13Д. Миноганың бас миының құрылысы: 1-иіс сезу нервісі; 2-көру нервісі; 3-көз
қимылы нервісі; 4-шығыр нервісі ; 5-үшкіл нерв; 6-әкетуші нерв; 7-бет нервісі; 8-есту нервісі; 9-тіл-жұтқыншақ нервісі; 10-адасқан нерв.
Слайд 14 Е. Миноганың ішкі қаңқасы: 1-хорда; 2-ми сауыты; 3-есту капсульясы; 4-сезу
капсульясы; 5-шеміршекті өсінділері; 6,7,8,9,10-шеміршектері; 11-желбезек доғалары; 12-көлденең орналасқан шеміршектер; 13-жүрек қасы бар шеміршек.
Слайд 15
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Жақ доғасыздарға қысқаша сипаттама
бер.
2.Миноганың сыртқы пішіні мен құрылысы қандай?
3. Миноганы союдың негізгі әдістері қандай?
4.Миноганың ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі қандай?
5.Миноганың орталық нерв жүйесінің құрылысын түсіндір.
Оқу құралдары: Руководство к лабораторным занятиям по зоологии позвоночных. Авторы. Т.А.Адольф и др.1977,1983, ст.13-24.Практикум по зоологии позвоночных. Авторы: Н.Н.Карташев и др. 1981. ст.16-24.