Шығыстың жеміс жемірі презентация

Шығыстың жеміс жемірі – Grapholitha molesta Busck Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Еуропада кең таралған. Оның ішінде Ресей мен Украинада тіркелген. Азия, Африка, АҚШ және Австралияда кездесетін қауіпті зиянкес.

Слайд 1 Шығыстың жеміс жемірі


Слайд 2Шығыстың жеміс жемірі – Grapholitha molesta Busck
Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар

тұқымдасына жатады.
Еуропада кең таралған. Оның ішінде Ресей мен Украинада тіркелген. Азия, Африка, АҚШ және Австралияда кездесетін қауіпті зиянкес.
Қазақстанда бұл зиянкес жемістерге өте үлкен қауіп төндіреді.

Слайд 3Шабдалының жемісі мен өркендерін, қара өрік, алмұрт, алма, долана, алхорыны және

т.б. залалдайды.
Жұлдызқұрттары дәнді дақылдар мен шекілдеуік дақылдардың жемісі мен өркендеріне зиян келтіреді.
Жемістің зақымданған жерлерінде шайыр пайда болады.
Ал бұтақтарда жұлдызқұрттар 7-15 см тесік жолдар жасайды.

Слайд 5Морфологиясы
Көбелек қанатының өрісі 12-14 мм.
Денесінің түсі қанық сұр.
Алдыңғы қанаттары аздап

қысқа, толқынды сызықтар құрайтын ақ-сұр қабыршақтармен көмкерілген.
Артқы қанаттары сұр-қоңыр түсті, шашақтары ақ-сұр түсті.
Алдыңғы және артқы қанаттарының астыңғы жағы сұр-күміс түстес.
Жай кездері қанаттары шатыр тәрізді жиналады.

Слайд 6Аяқтары күңгірт-қоңыр, ішкі жағы күміс түстес, табаны қара-сұр, жіңішке ақ сұр

сақиналары бар.
Мұртшалары жіп тәрізді жіңішке, ұзындығы алдыңғы қанатының жартысын құрайды.
Ерін қысқыштары ақшыл-қоңыр.
Бауыры сұр күміс түстес.
Аталығы мен аналығы ұқсас,ал
аналығы ірілеу.
Аталығының бауыры- жіңішке үшкір, ал аналығының бауыры – жуындау айна тәрізді.



Слайд 7Жұмыртқасы дөңгелек пішінді, диаметрі 0,4 мм. Жартылай мөлдір, үсті ұсақ қатпарлы.

Жетілу барысында жұмыртқа ақшыл түске енеді.Туылуына 15-48 сағат қалған кезде жұлдызқұрт хорионасынан анық көруге болады.
Жұлдызқұрттары жаңа туылғанда түсі сүт тәрізді немесе ақшыл-қызыл болып келеді. Басы мен кеуде қалқаншасы қара, артқы жағы қоңыр. Ересек жұлдызқұрттардың денесіндегі қалқаншалары ірі, буырыл-сұр түсті болады. Бүкіл денесі майда тікенектермен көмкерілген. Ересек жұлдызқұрттардың ұзындығы 12-13 мм.
Қуыршағы қоңыр түсті, құрсағының үсніңгі жағында екі қатар тікенектері орналасқан.Ұзындығы 6-8 мм.


Слайд 9Биологиясы
Жұлдызқұрттар тығыз піллә ішінде, ағаш бұтақтардың астында, қураған бұтақтарда, семіп қалған

жемістерде қыстап шығады.Көктемде ауа райының орташа температурасы 15˚С болғанда көбелектің ұшып шығуы басталады. Пайда болған көбелектер 3-5 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салу кезеңі 7-14 күнге созылады. Аналықтарының өсімталдығы 200 жұмыртқа.
Қыстап шыққан аналықтары жұмыртқасын жапырақтың астыңғы жағына салады, ал жазғы көбелектер жемістің жеміс сабағына, тостаған жапырақшасына салады.


Слайд 10Көбелектер тұманды күндері белсенді болады. Аталықтары 250-300 м, аналықтары 30-50 м

қашықтыққа ұшады. 4-8 күннен кейін жұмырқадан жұлдызқұрттар шыға бастайды. Олар жас өркендердің жоғарғы жағынан үңгіп тесіп немесе түйіннің сағағын зақымдай бастайды.
Өркендер мен жемістерде 8-12 күн қоректенгеннен кейін жұлдызқұрттар қуыршақтануға кетеді. Қуыршақтану кезеңі 5-7 күннен 12 күнге дейін созылады. Ал жұмыртқадан имагоға дейінгі толық цикл 24-30 күнде құрайды.
Аймаққа байланысты 4-6 ұрпақ береді.



Слайд 11 Даму фазалары


Слайд 12Анықтау әдістері
Бірінші кезекте тексеруге жататындар: жеміс-жидекті қабылдап алатын, қайта өңдейтін өндіріс

аймақтар, сол аймаққа қатысты жеміс-жидек өсіретін аудандар; темір жол станциялары, бақтар, ғылыми зерттеу орталығы, тұрғындардың жеке меншік және ұжымдық бақтар, тас жолдар бойы;

Слайд 13Анықтау жұмысы 2 қайтара жүргізіледі.
Шабдалы жемісінің 2 см өсу мерзіміне тура

келеді.
Жемістің пісу мерзімінде жүргізіледі.
Залалданған өркендерді жоғарғы 2-3 жапырақтарының иіліп солуынан білуге болады.
Шығыс жеміс жемірімен залалданған ағаштардың жемісін сілкіп, түскен жемістерді жинау арқылы анықтайды. Жемістерді кесіп,табылған жұлдызқұрттарды ыстық сумен күйдіріп, қайнаған әлсіз тұзды суда, спиртте қатырады. Түрлеріне қарай этикетка жабыстырады. Содан кейін зертханаға жіберіледі.



Слайд 14Ағаштарды зерттеу барысында кем дегенде 10 % ағаш қаралады. 3 га

жоғары аумақта әрбір 10-шы ағаш, 3 га дейінгі аумақта 25-30% ағаш қаралады. Ал үй жанындағы ағаштар 50-100% қаралады.
Табиғатта дәлірек анықтау үшін феромондық ұстағыштар қолданылады. Ұстағыштар жерден 1,5-2 м биіктікте орналастырылады, 5 гектарға бір ұстағыш қойылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика