Презентация на тему Биологиялыќ белсенді заттар

Презентация на тему Презентация на тему Биологиялыќ белсенді заттар, предмет презентации: Биология. Этот материал содержит 16 слайдов. Красочные слайды и илюстрации помогут Вам заинтересовать свою аудиторию. Для просмотра воспользуйтесь проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций ThePresentation.ru в закладки!

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Орындаған:Зубайділдә А.Е.БТ-31Биологиялық белсенді заттар
Текст слайда:

Орындаған:Зубайділдә А.Е.БТ-31

Биологиялық белсенді заттар


Слайд 2
ЖоспарКіріспеНегізгі бөлім:ББЗ түсінігіББЗ түрлері және маңызыҚызықты мәліметтерҚорытынды Қорытынды сұрақтарПайдаланылған әдебиеттер
Текст слайда:

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
ББЗ түсінігі
ББЗ түрлері және маңызы
Қызықты мәліметтер
Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3
КіріспеБиологиялық белсенді заттар организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске
Текст слайда:

Кіріспе
Биологиялық белсенді заттар организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді.


Слайд 4
Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер - организмнің
Текст слайда:

Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер - организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.


Слайд 5
Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды.
Текст слайда:

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.


Слайд 6
Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті),
Текст слайда:

Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.


Слайд 7
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз
Текст слайда:

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18 пайыз тұқымқуалаушылық факторларға, 20 пайыз өмір сүру салтына, 50 пайыз тамақтануға байланысты болады екен. Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады.


Слайд 8

Слайд 9
Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің
Текст слайда:

Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті, жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.
Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.


Слайд 10
Әуелі тағамдануды рационализациялау үшін қолданылады. Оның  ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер,
Текст слайда:

Әуелі тағамдануды рационализациялау үшін қолданылады. Оның  ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер, яғни, аминқышқылдары, көп қанықпаған май қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, тағамдық талшықтар, экстрактивті заттар жетіспеушілігін толтыру және тағам мен энергетикалық қатынасты оптималды ету мақсатында ұсынылады. Сондай-ақ, рационның калориялылығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданылады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Кейбірі науқастың тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ағзадан токсикалық немесе бөгде заттарды шығаруға көмектеседі. Ағзаның иммундық жүйесі жұмысын күшейтіп, жалпы жағдайды жақсартады, тонусын көтереді.


Слайд 11
Ереже бойынша биологиялық белсенді қоспалардың тіркеу куәлігі екі жыл мерзімге беріледі, 
Текст слайда:

Ереже бойынша биологиялық белсенді қоспалардың тіркеу куәлігі екі жыл мерзімге беріледі,  егер өндіруші республика аумағында өткізілген клиникалық сынақтан өткен өнім болатын болса үш жылға дейін мерзімі ұзартылады.
Қоспалардың Қазақстанда таралуы туралы айтар болсақ, төрт жыл бұрын мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеуден 913 биологиялық белсенді қоспаның сауда атауы өткен екен.
«БАД»-ты тұтыну жөнінен Жапония мен АҚШ алдыңғы орындарды бермейді екен.
Ал оны өндірушілердің көптігі бойынша Ресей, сауда белгісінің көптігі жөнінен Қазақстан І орын иеленіп отыр. Елімізде 18 отандық кәсіпорын 247 биологиялық белсенді қоспа сауда атауын тіркепті.
Осы жылы 45 елдің 478 өндірушісі 2768 сауда атауын тіркеген екен.
Экологиялық ахуал, өндірістің қарқынды дамуы әсерінен тағам шикізаттарының құрамы мен сапасы төмен. Күнделікті рациондағы тағам дәрумендер мен минералдардың нормасын өтей алмай отырғаны анық.


Слайд 12

Слайд 13

Слайд 14
Қорытынды  Биологиялық белсенді қоспалар — дәрі емес, ол ағзадағы жетіспейтін
Текст слайда:

Қорытынды
Биологиялық белсенді қоспалар — дәрі емес, ол ағзадағы жетіспейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады.


Слайд 15
Қорытынды сұрақтарББЗ дегеніміз не?Биологиялық белсенді заттарға не жатады?ББЗ-ның адам ағзасы үшін
Текст слайда:

Қорытынды сұрақтар
ББЗ дегеніміз не?
Биологиялық белсенді заттарға не жатады?
ББЗ-ның адам ағзасы үшін қадай маңызы бар?
Белсенді заттар қалай өңдіріледі?


Слайд 16
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы.
Текст слайда:

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы. 2008 ж. - 536 бет
2. http://www.aktobegazeti.kz
3. http://www.herbastyle.ru
4. http://www.doski.ru/


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика