Слайд 1Ацидоз
Себебі: месқарындағы рН төмендеуі
Белшілері: азық құрғақ затын
жеу мөлшерінің кемуі; күйіс қайрудың бқзылуы (60% сиыр басының күйістемуі); іш өтуі мен ламиниттер; сүт майлылығының кемуі (10% сиыр сүтінің майлылығы протен мөлшерінен 0.4% төмен); тұяқ жарылуы; месқарын эпителийінің сіңірімділігінің нашарлауы (сіңіру барьерінің ұзақ мерзім қалпытна келуі)
Алдын алу шаралары: жаңа бұзаулаған сиырды қант пен крахмалы аз аумақты жемшөппен жиірек азықтандыру
Слайд 2Профессор Омарқожаұлы Н.
МАЛДЫҢ АЛИМЕНТАР АУРУЛАРЫ
Слайд 3Ірі азықтан → сірке қышқылы, шырынды және құнарлы азықтан → пропион
қышқылы түзіледі
Соңғысынан гликогенезде түзілген глюкоза майлы қышқыл кетондары арқылы Э айналып, одан асқан... месқарын сұйығында - 2-3, қанында – 4-6, сүтінде – 6-8, зәрінде - 9-10 мг%... мөлшері қанда бос май қышқылдарды молайтып, ацидозға ұшыратады
Э жетіспеуі аяғына дейін ыдырамайтын дене майын жұмсап, кетогнез күшейеді
Слайд 4Кетоз
Белгілері: тәбет бұзылуы, тіпті жемнен бас тартуы, сырт түрі бүрсиіп, денесінен
ацетон иісінің аңқуы, нәжісі құрғақтанып, жүйкесінің жұқаруы; ең негізгісі, сырт қарағанда себепсіз сүт майлылығының өмуі
Себебі: сүт түзіміне жұмсалатын Э желінген азықпен енген Э мөлшерінен асуынан денедегі Э қорының (майдың) жқмсалуы
Ыдыратылған дене майының өнімдерімен байланысатын қант жетіспеушілігі қанда кeтoн дeнелерінің (ацeтoн) көбейіп, тыныстану СО2, зәр және сүтпен шығарылуына әкелуі
Алдын алу шаралары: суалтылатын сиыр қоңдылығын < 3-3,5 балл деңгейінде қамтамасыз ету
Слайд 5Жайылым тетаниясы және тимпания
Жайылымдағы сиырлар шалдығады
Сиыр жүрісі ауырлап, жиі сүрінгіш келеді
Шалдыққан
малдың мазасы кетіп, бұлшық етінің қатты жиырылуынан көздері ақиып, тартылады
Себебі: жайылым отында Mg аз болуы және, екінші жағынан, ондағы К мөлшерінің көптігі
Тимпания – ашытудың күшеюнен газдар жиналып
месқарынның сол жағын қампайтып, кептіреді,
тіпті өңешті бекітуі мүмкін
Слайд 9Бауыр абсцессі
Месқарын қышқылдығы
артуынан (төмен рН)
пайда болған жарадан
қанға енген бактериялар
бауырды абсцесске
шалдықтырады.
Мұның қаупін
малдың
азық жеуін бұзатын
түрлі стресс-факторлар,
өкпенің қабынуы
(пневмония) мен басқа да
организм иммунитетін
әлсірететін жағдайлар
өсіреді
Слайд 11Бауырдың майлануы
Сиырдың кетозға шалдығу
қаупін өсіріп,
шуының
дер кезінде
бөлінбеуінен бұзаулауды қиындатады
Слайд 12ЛАМИНИТТЕР
Бұзаулағаннан кейінгі 6-7 аптада, сүтейту кезеңінде, орын алады.
рН > 6,0
Allisonella histaminiformans гистидинді Э көзі ретінде ферменттеп, капиллярларды бұзатын гистаминге айналдырады
Слайд 13Месқарын сіңіру барьері
Сіңірілсе қанмен бауырға жеткізілетін
патогендік микрофлора мен саңырауқұлақтар:
Fusibacterium necrophorum
Clostridium sporogenes
Bacillus
thiaminolyticus
Actinomyces pyogenes
Олардан туындайтын аурулар:
эндотоксиндер, микотоксиндер ж.б. (маститтер, метриттер)
Слайд 14Микотоксиндер тудыратын проблемалар:
Қоректік заттар игерілімі
Көбеюшілік функцияларының бұзылуы
Орталық жүйке жүйесінің жұқаруы
Иммунитеттің нашарлауы
Ішкі
ағзалар мен мүшелер қызметінің әлсіреуі
НӘТИЖЕСІНДЕ:
Сүттіліктің кемуі
Сиыр шаруашылық пайдаланым мерзімінің қысқаруы
Слайд 16Ұлтабардың ауытқуы
Бұзаулаудағы күшенуден ұлтабар созылуынан орнынан ауытқыса ас қорыту жолын бөгеп,
азық өтуіне кедергі келтіреді
Сиыр мүлдем тәбетсізденіп, тіпті жемшөп жеуден бас тартады
Ұлтабарды шайқағанда сылдыраған металл дыбыстары естіледі
Ұлтабар ауытқуының 90% бұзаулаған нан кейінгі 1-ші айда, ал оның 50-86% - алғашқы екі аптада орын алады
Слайд 17
Ұлтабар ауытқуы:
6,8% - шудың уақытылы бөлінбеген,
4,7% - метриттер,
11,9% - кетоздар
жағдайында және де сиыр қоңдылығына байланысты:
8.9% -- төменгі, 11.5% - орташа, 15.7% - жоғары қоңды сиырларда байқалады;
Сиыр азығындағы аумақты жемшөп үлесі:
75% болғанда ұлтабар ауытқуы болмаған, ал 60% болғанда - 17%, 45% болғанда - 40%, 30% болғанда - 36% жағдайда орын алған;
Бұзаулау күні сиыр азықты аз жейді
Слайд 1890 % жағдайда бұзаулағаннан кейінгі алғашқы айда, ал оның 50-86 %
- алғашқы 2 аптада, орын алады
Ұлтабар ауытқу қауіпін сиыр денсаулығының нашарлауы өсіреді:
шудың бөлінбеуі (OR = 6.8)
метрит (OR = 4.7)
Кетоз (OR = 11.9)
Сиыр семіздігі осындай қауіптердің орын алуын өсіреді:
төменгі қоңдылықты бастардың 8.9 % жағдайда
орта қоңдылықты бастардың 11.5 % жағдайда
жоғары қоңдылықты бастардың 15.7 % жағдайда
Ұлтабардың ауытқуы :
Слайд 19Ұлтабардың ауытқуына аумақты жемшөбі аз рацион себептеседі:
75 % аумақты жемшөп болса
= 0 %
60 % аумақты жемшөп болса = 17%
45 % аумақты жемшөп болса = 40%
30 % аумақты жемшөп болса = 36%
Бұзаулаған күні құрғақ затты аз жеу ұлтабардың ауытқу қаупін өсіреді
Оған жол бермеу үшін бұзаулаған күні сиырға аумақты жемшөпті жегізу қажет
Ұлтабардың ауытқуы
Слайд 20Ұлтабар ауытқуының салдары
Ұлтабары ауытқыған сиырдың азық жеуі 30% кеміп, сауым басында
онсыз да сүт түзімін желінген азық қоректік заттарымен қамтамасыз ете алмайтын сиыр «денесінен сауылып» тірілей салмағы төмендейді»
Ауруға шалдыққан сиырларда кетоздар орын алып, сервис-кезеңінің ұзаруынан жалы сауымы азаяды
Слайд 21Бұзаулау парезі
Жаңа бұзаулаған жоғары өнімді және кәрі сиырлар шалдығады
Белгілері: тәбеттің бұзылуы,
дене t төмендеуі - «суық тұмсық», дел салдық, аяқтардың дірілі, дефекацияның қиындауы; асқынған жағдайда салдыққа соқтырады
Бұзаулау кезіндегі парез жатырдың ашылуына кедергі туғызып, бұзаулауды қиындатады
Себебі: денедегі Са қорының таусылуы
Алдын алу шаралары: суалған сиырларға сүйектегі Са пайдаландыру үшін кальцийлік қосындыларды шкетеп беріп, бұзаулау кезінде ас қорыту арқылы енетін СА мөлшерін арттыру
Суалған кезеңде сиырларға жеткілікті Mg жеткізіп, бұзаулаудан 1-2 апта бқрын қызылша, сірне, сілтімен өңделген дәнді бермеу керек
Слайд 22 Бұзаулау парезі және \
субклиникалық гипокальцемия
Слайд 23Бұзаулау парезінің сауымға әсері
Бұзаулау парезі сиыр сауымын 1000 литрге кемітеді!!
Мұның
шығыны орташа – 60 000 теңгені құрайды
Бұзаулау кезіндегі қандағы кальций деңгейінің көтерілуі парез проблемаларын шектеп, сауымды өсіреді
Слайд 24Сүт безгегінің зияны
Сүт безгегіне шалдыққан сиыр сауымы 400-600 кг-ға кеміп, оған
қоса 200-400 кг сүті жарамсыздануынан, сүттілігі жалпы 1 мың кг-ға азаюынан, шаруашылық әр сиыр басына 60-70 мың теңге зиян шегеді
Сүт безгегіне шалдыққан сиырлардың 18% жуығының шуы дұрыс бөлінбей, 1%-дайы тіпті өліп кетеді
Сүт безгегіне шалдыққан сиырдың сервис-кезеңі орташа 19 күнге ұзарады
Слайд 25Бұзаулау парезінің каскады
↓ бұлшық ет функциясы
Месқарын пәрмені ж/е ЖКТ
↓ иммунитет
↓ Жатыр
пәрмені
Емшек сфинктерінің жиырылуы
↓ Азық желінуі
Энергия балансы
↓ Месқарын толуы
Кетоз
↑ Бауырдың майлануы
↓ Көбеюшілік
↑ Ұлтабардың жылжуы
↓ Сауым
↑ Дистоция
↑ RFM
↓ жатыр инволюциясы
↑ Метриттер
↓Көбеюшілік
↑ Маститтер
Слайд 26Ламиниттер этологиясы
Себебі: бұзаулағаннан кейінгі 6-7 апта мен сүтейту кезеңіндегі сиыр
денесінде микотоксиндердің көптеп жиналуы
pH > 6,0 жағдайда Allisonella histaminiformans
жылдам дамып, гистидинді энергияға жұмсауынан пайда болатын гистамин капиллярлар қызметін бұзады
Соның салдарынан тұяқ қалыптасуы мен бүтіндігі бұзылып, түрлі инфекцияларға жол ашылады
Ламиниттер азық қоректік заттарының қорытылуын нашарлатып, малдың орталық жүйке жұмысы мен ішкі ағзаларының қызметін бұзады да иммунитеті мен көбеюшілігіне кедергі келтіреді
Ламиниттердің 90% аяққа түсіп, тұяқ бүтіндігінің бұзылуынан байқалады
Слайд 27Ламинит
АЦИДОЗ = ЛАМНИТТЕР
Бұзаулағаннан кейінгі 6-7 аптада, сүтейту кезеңінде орын
алады. рН < 6,0 ортада жылдам өсетін Allisonella histaminiformans гистидинді Э көзі ретінде фермент-тейді де капил-лярларды бұзатын гистаминге айналдырады
Слайд 28
Ламиниттердің туындауы
және салдары:
Кератині жұмсарған тұяқ жиі зақымдалып, түрлі инфекцияларға шалдыққыш
келеді
Ламиниттердің 90% аяққа ауысады
Емделмеген ламинит сиыр сүттілілін
20%-ға кемітеді
Слайд 30И н в а з и я л а р
таспа
тәріздес
нематода
қарын-ішек құрты
бауыр
екіусткасы
3 апта
Слайд 31
Жалпы Маститке шалдыққан
Сауымның
СК саны бастар, % кемуі, %
200,000 6 -
500,000 16 6
1,000,000 32 18
1,500,000 48 29
Маститтердің сиыр сүттілігін төмендетуі
Слайд 32Алиментарлық аурулар келтірер зияны
Ұлтабардың ауытқуы = 100000 теңге
Субклиникалық ацидоз = 56000
теңге
Аяқ ақсауын емдеу = 56000 теңге
Субклиникалық кетоз = 100 басқа 2500000 теңге
Маститті емдеу = 30000-35000 теңге
Слайд 33Сауым мен көбею патологиясының келтірер зияны:
Көбеюшілік проблемаларының құны:
Жоспар Факт
Бұзаулау аралығының ұзаруы -
1 басқа тәулігіне 600-700 теңге 365 380-400
Нәтижелі ұрықтануға жұмсалған ұрық
дозасы - 1 басқа 5000-7000 теңге 1.8-2.0 2.5-3.0
Бедеу бастарды праққа шығару, %
(1 бас құны 650-800 мың теңге) 6.0 10-15
100 сиырға шаққандағы жалпы зиян көлемі = 3 млн. теңге
Көңіл қойғандарыңызға рахмет