Қолхат — белгілі бір құндылықтардың презентация

ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.

Слайд 1Қолхат
Тапаева Алмагуль


Слайд 2ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және

оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.

Слайд 3Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен

мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады.

Слайд 4Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: — құжаттың аты; — қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні,

мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); —  қайтарылатын нақты уақыты; — қайтара алмаған жағдайдағы шарты; — қолхат жазылған күн; — тараптардың қолы; — мекеме мөрі.

Слайд 5Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты не уақытша тұратын жерінен

кетпеу, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеу, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыпталушының немесе оған кепілдік берген басқа адамдардың жазбаша міндеттемесі.

Слайд 6Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын құжат түрі. Құжат

мәтінінде қолхат берушінің қызметі қажет жағдайда аты- жөні алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің атауы ақшаны не құнды дүниені кімнен алғаны аты –жөні толық көрсетіледі.

Слайд 7Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде түзетулер,

өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен қойылған қолдың арасындағы бос келістік сызықпен толтырылады. 

Слайд 8Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде

сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Бұл жағдайда куәгер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды. Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Слайд 9Сөздік: қолхат - расписка    азамат - гражданин      мерзім - срок      кепілақы - задаток    қарыз

- долг ақша - деньги     уәде - обещание      қайтарып беру - вернуть,возвращать      алу - брать кабылдап алу - принять      уақытында - вовремя    кепіл ақы - задаток

Слайд 10

Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 15 ақпан ,2003ж. (қолы)

Слайд 11

Қолхат Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым. 2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ. 10.12.2003жыл (қолы)

Слайд 12

Қолхат Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223. 24.03.03 колы Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика