Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту презентация

 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау (бұдан әрі – даярлау) – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру-оқу бағдарламаларын игеру нәтижесі бойынша тиісті академиялық (ғылыми) дәреже алу үшін мемлекеттік органның жолдамасымен Қазақстан Республикасы

Слайд 1Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру

қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленген және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру тәртібін айқындайды.


Слайд 2
 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау (бұдан әрі – даярлау) – жоғары оқу орнынан

кейінгі кәсіби білім беру-оқу бағдарламаларын игеру нәтижесі бойынша тиісті академиялық (ғылыми) дәреже алу үшін мемлекеттік органның жолдамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы (бұдан әрі – Академия) оқыту процесі.

Слайд 3
 Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау (қайта мамандану) (бұдан әрі – қайта даярлау)

– «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіруіне немесе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалуына байланысты қосымша кәсіби білім алу үшін Академиядағы және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарындағы (бұдан әрі – орталықтар) оқыту курстары.

Слайд 4
 Қайта даярлауды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат

беріледі.       Қайта даярлау курстарына:       1) «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген;       2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

Слайд 5
Даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.      
Даярлаудан Академия белгілеген

тиісті талаптарға сәйкес және Академиядан даярлаудан өтуге конкурстық іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер өтеді.      
Даярлау Академия бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.      
Даярлаудан өтуге конкурстық іріктеу тәртібі мен даярлаудан өту тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Академия айқындайды.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика