Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері презентация

Содержание

Негізгі сұрақтар: ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында. Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері. Конституциялық құқықтағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі. Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу және

Слайд 1 Дәріс№2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері  


Слайд 2Негізгі сұрақтар:
ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында.
Конституциялық-құқықтық

нормалар және олардың түрлері.
Конституциялық құқықтағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу және тоқтату.


Слайд 3Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді.

Алғашқы конституция

1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.
Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.).

Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Слайд 4Конституцияның ерекшелiктерi:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
-

ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.

Слайд 5 Конституциялық құқық дегеніміз - қоғамдық өмірдің саяси,

әлеуметтік және экономикалық негіздерін орнықтырумен, жеке тұлғаның мемлекеттегі орны мен ролін айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын бекітумен байланысты мемлекет үшін аса маңызды қарым-қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Слайд 6Конституциялық құқықтың пәні деп –мемлекеттік биліктің жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық

қатынастар мен қоғамдық құрылым болып табылады.

Слайд 7 Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін мынадай бірнеше әдістер қолданылады:
а) міндеттеу

әдісі тек мемлекеттік органдарға ғана емес жеке тұлғаларға да қатысты қолданылады. Бұл әдіс арқылы мемлекет мемлекеттік органдармен қатар, жеке тұлғаларды да өзінің басты ұстанымдарына сәйкес әрекет етуге міндеттейді.


Слайд 8ә) тыйым салу әдісі құқық субъектілеріне мемлекет пен қоғам үшін тиімсіз

әрекеттерді жасауға тыйым салады, көбінесе мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға қатысты қолданылады, ал жеке тұлғаларға қатысты тек шектеулі жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.


Слайд 9 б) рұқсат ету әдісі көбінесе заң арқылы республика азаматтарына заңға

сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.
в) тану әдісі арқылы азаматтардың, мемлекеттік органдардың нақты құқықтары мен мүдделерін тану немесе танымау мәселелерін шешетін норма қабылданады.

Слайд 11Конституциялық құқықтың қайнар көзі:
- Конституция;
- конституциялық заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай заңдар);
-

президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
- қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер


Слайд 12Конституциялық құқық қағидалары:
- Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
- Бүқіл халықтың игілігін

көздейтін экономикалық даму;
- Қазақстандық патриотизм
- Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу

Слайд 13Конституциялық-құқықтық нормалар
Мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп

ережелері.
Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық құқықтық нормалар:
-Реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәнімен байланысты өзінің мазмұнымен;
-Олардың ең маңыздылары Конституцияда-мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
-Құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді;

Слайд 14Конституциялық-құқықтық нормаларға тән немесе дәстүрлі түрде бөлініп алынатын үш сатылы құрылым:
Гипотеза;
Диспозиция;
Санкция;
Әдетте,

конституциялық құқық нормасының құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі) және диспозиция (құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөліг) болады.
 Санкция оның бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде коституциялық-құқық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі.
-құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделеген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
-міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс-әрекетін осы нормалар талаптарымен үлестіретін міндеттерін баянды етеді;
-тыйым салатын нормалар өз ұйғарымдарында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуларды қамтиды;

Слайд 15 Қазақстан Республикасының Ата заңы тоғыз тарау, тоқсан сегіз

баптан тұрады.
Конституция негізінде биліктің бірден-бір бастауы халық болып танылады.

Слайд 16 Қазақстан Республикасы басқару нысаны – Президенттік.

Президент:
мемлекеттің басшысы;
ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырады;
үкімет мүшелерін тағайындайды және босатады;
парламентті тарата алады және кезектен тыс сессияға шақыра алады;
қарулы Күштердің бас қолбасшысыя;
референдум өткізеді;
мемлекетте төтенше жағдай енгізуге шектеулі құқығы бар.



Слайд 17 Қазақстан Республикасы құрылым нысаны унитарлы.


Республика аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінген, олар:
ауыл (село);
кент;
ауылдық (селолық) округ;
қаладағы аудан;
қала- аудан- облыс.


Слайд 18 Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет.


Мемлекетте саяси, идеологиялық еркіндік, саяси көппікірлілік бар.
Азаматтар кез-келген саяси партия құрамына кіруге құқылы.
Қазақстан азаматы тек бір партияға мүше бола алады.

Слайд 19 Мемлекеттік билік дін ісіне араласпайды, діни ұйымдар

мемлекет ісіне араласпауға тиіс.
Елімізде бір дінге артықшылық жасалып, оған мемлекеттік мәртебе берілмейді.


Слайд 20 Конституциясының екінші тарауы «Адам және азамат» деп

аталады.
Бұл тарауда адам мен азаматтың мынандай мәселелері қаралған:
құқықтары;
бостандықтарына;
кепілдіктері;
міндеттер;

Слайд 22 Президенті республикадағы адам құқықтарының қорғалуы мен қамтамасыз етілуінің

кепілі.
Президент адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады.

Слайд 23Олар мыналар:
азаматтығын;
саяси баспана беру мәселелерін;
республиканың мемлекеттік наградаларын және құрметті

атақтарын береді;
ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды.

Слайд 24 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар

республика азаматтарымен тең дәрежедегі құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқарады.


Слайд 25 Азаматтық дегеніміз - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысты.

Шетел азаматты дегеніміз - Қазақстан азаматы болып табылмайтын, бірақ, өзге бір мемлекеттің азаматы.
Азаматтығы жоқ дегеніміз - Қазақстан азаматы болып табылмайтын, өзге елдің азаматы екендігі дәлелденбеген адамдар.


Слайд 26Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың

өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
    
  Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

Слайд 27Қазақстан Республикасының азаматы болу
      Мына адамдар:
      осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан

Республикасында тұрақты тұратын;
      Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
      осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
      
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

Слайд 28Азаматтық туралы құжат
      Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке

куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады.

16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.

Слайд 29Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы
      Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына

қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
      Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.

Слайд 30Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
      Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан

Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
      Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.

Слайд 31Азаматтық алу негіздері
      Қазақстан Республикасының азаматтығы:
      1) тууы бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау

нәтижесінде;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
      4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

Слайд 32Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
      Бала туған кезде ата-анасының

екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
      Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.

Слайд 33Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала

туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
      1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
     

Слайд 34 Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының

азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
      Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
      Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
      Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.

Слайд 35Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
            1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде

бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
           2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.
      Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.

Слайд 36Азаматтықты тоқтату негіздері
      Қазақстан Республикасының азаматтығы:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
      2) Қазақстан Республикасының

азаматтығын жоғалту;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.

Слайд 37Азаматтықтан айырылу
      Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда,

адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
      2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
           5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
      6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
      7) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
      8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Слайд 38Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
      Қазақстан Республикасының азаматы асырап

алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.
      Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика