Слайд 1 12 ДӘРІС
Өнімді сертификаттау сұлбалары
Өнімді сертификаттаудың жалпы ережелері
Слайд 2Өнімді сертификаттау сұлбалары
Сертификаттау жұмыстары техникалық реттеу жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі
Слайд 3Өнімді сертификаттау сұлбалары
Сертификаттау сұлбасы - өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің сәйкестігін
бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті
Слайд 4Сертификаттау сұлбалары
1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану
ұсынылады, өнімнің типтік үлгісін аккредиттелген сынақ зерт-ханасында сынау қарастырылады, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады
Сертификат мерзімі − 6 ай
Слайд 5Сертификаттау сұлбалары
2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған
кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.
Сертификат мерзімі − 1 жыл
Слайд 6Сертификаттау сұлбалары
3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын, ISO 9001 бар жағдайда сериялық
өнімді сертификаттауда қолдану ұсынылады
Сертификат мерзімі —1 жыл
Слайд 7Сертификаттау сұлбалары
4-сұлбаны өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған
кезде, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданады
Сертификат мерзімі —18 ай
Слайд 8Сертификаттау сұлбалары
5 сұлбаны өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ жүргізуге қажет уақыттан аз
болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын жағдайда қолданады Сертификат мерзімі —3 жыл
Слайд 9Сертификаттау сұлбалары
6 сұлба берілген өнім өндірісіне қатысты сапа жүйесіне сертифи-каты бар
өнім өндіруде, өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ жүр-гізуге қажет уақыттан аз болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын жағдайда қолданады
Сертификат мерзімі —3 жыл
Слайд 10Сертификаттау сұлбалары
7 сұлба - келісім-шарт бойынша көлемді партияны сертификаттау
Сертификат мерзімі
—өнімді сатып біткенше
Слайд 11Сертификаттау сұлбалары
8 сұлба өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие
болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану, әрбір өндірілген өнімді аккредиттелген сынақ зертханасында сынауды қарастырады
Сертификат мерзімі —өнімді сатып біткенше
Слайд 12Сертификаттау сұлбалары
9 сұлба өндіруші жағынан ілеспе құжаттарға сәйкестігі туралы декларацияны қарастыруға
және сертификатты өнімнің жарамдылық мерзіміне, бірақ 12 айдан артық емес мерзімге беруге негізделген
Слайд 13Сертификаттау сұлбалары
10 сұлбаны шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған
орынды, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады
Сертификат мерзімі − 1 жыл
Слайд 14Сертификаттау сұлбалары
Сертификаттау сұлбасын таңдау кезінде өнімді нақты пайдалану, жеткізу, сынақ және
өндіріс ерекшеліктерін, талап етілетін дәлелдеме деңгейін, өтінім берушінің шығынын ескеру қажет
Слайд 15Сертификаттау сұлбалары
Дәлелдеме әдістері ретінде сынау, сәйкестік декларациясын қарастыру, өндіріс жағдайын талдау,
инспекциялық тексеру қолданылады
Слайд 16Импортталатын өнімді сертификаттау
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты
келесі іс-реттері бекітілген:
Слайд 17Импортталатын өнімді сертификаттау
келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттарын мойындау;
Қазақстан Республикасы Мемстандартымен
аккредиттелген шетелдің сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау;
Слайд 18Импортталатын өнімді сертификаттау
сертификат ұстаушысы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші
сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау;
Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді сертификаттау;
Слайд 19Шетел сертификатын мойындау
Сертификаттау органы талдау мен көрсетілген құжаттар негізінде шетел сертификатын
мойындау немесе өнім қауіпсіздігін растау үшін сертификаттау сынақтарын жүргізу негізінде шешім қабылдайды және сертификаттау органы мен өтінім беруші арасында өнімге сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалады
Слайд 20Шетел сертификатын мойындау
Сәйкестік сертификаты мен оның көшірмесін мойындаған жағдайда сәйкестік сертификаты
ҚР ТР МЖ қабылданғандай рәсімделеді. Тез бұзылатын өнімдердің сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау жағдайлары сәйкес болған жағдайда ғана мойындалады
Слайд 21Шетел сертификатын мойындау
Егер өнім сертификат берген елде шығарылмаса, онда сәйкестік сертификаты
мойындалмайды да өнімге қауіпсіздік сынақтары толығымен жүргізіледі
Слайд 22Шетел сертификатын мойындау
Егер әкелінген өнім сериялық өндіріске берілген сертификатпен болса, онда
сәйкестік сертификаты өнім партиясына рәсімделеді.
Слайд 23Шетел сертификатын мойындау
Партия шамасы осы өнімнің ілеспе құжаттарымен анықталады, сертификат мерзімі
сертификаттау органымен рәсімделген сертификат жарамдылық мерзімі мен жұмыс жасау мерзіміне байланысты, бірақ 1 жылдан артық емес уақыт болады
Слайд 24Шетел сертификатын мойындау
Егер сериялық өнімге берілген сертификат мерзімі аяқталса, бірақ өнім
сертификат мерзімі арасында шығарылса және сатушыда әлі болса, онда сертификат мерзімі өнім жарамдылығы мен сақталу уақытына созылады