Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді тексеру презентация

Содержание

Сабақтың мақсаты: Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді тексеруді теориялық білу; Сабақтың міндеті: Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеруді ұйымдастыру;

Слайд 1Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді

тексеру. Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру.

Слайд 2Сабақтың мақсаты: Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік құралдары мен

жаяу жүргіншілерді тексеруді теориялық білу;
Сабақтың міндеті: Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеруді ұйымдастыру;

Слайд 3 Шекаралық бекеттің карантині жөніндегі нұсқаушысына біздің елімізге келетін туристік автобустар

мен жеңіл автокөліктерді жиі тексеруге тура келеді. Бұл көліктер елден елге, ауыл шаруашылығы үшін қауіпті зиянды организмдер тараған жерлерден өтіп, мыңдаған километр жол жүреді. Мұндай көліктерді тексеруге де баса назар аудару керек.

Слайд 4Қарауға, яғни тексеруге орындықтардың асты, қол жүгіне арналған торлар, жүк бөлімі,

копот астындағы қозғалтқыш бөлігі мен радиатор торы жатады. Радиатор торына автокөлік жылдам жүрген кезде ұшып жүрген бунақденелілер жиі түседі.

Слайд 5Балғын жемістер, отырғызу материалдарын немесе карантинге жатқызылған өзге де жүктер таситын

авторефрижераторлар шекарадан өткен кезде нұсқаушы машинаны сыртынан мұқият қарайды және алып келе жатқан карантинге жатқызылған жүкті тексеру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.

Слайд 7 Халықаралық почтамтармен мекеме мекен-жайына келетін сәлемдемелер мен бандерольдарда екпе өсімдіктердің

түрлі тұқымдары және отырғызу материалдары, ал ботаникалық бақтарға келетін сәлемдемелер мен бандерольдарда тропикалық және субтропикалық өсімдік әлемінің жабайы және екпе шөптесін, сондай-ақ ағаш тектес өсімдіктер тұқымдарының көптеген үлгілері, гүл-әсемдік дақылдарының тұқымдары, жуашықтары, қалемшелер т.б. болады.

Слайд 9Ғылыми мекемелерге жіберілген гербарийлер әдетте почтамтың карантиндік бекетінде тексеріледі. Нұсқаушы гербарийдің

зақымдалған-зақымдалмағанын (жапырақтарды жеке-жеке) тексеріп қана қоймайды, сонымен бірге оралған қағазы мен ыдысын, зиянкестер, соның ішінде карантиндік зиянкестер де тіршілік ететін қатпарлар мен саңылауларды да тексереді

Слайд 10Жеке кісілерге жіберілген халықаралық пошта сәлемдемелеріне де карантинге тексерілетін өнімдер жиі

салынады.

Слайд 11Пакет немесе фирмалық қорап ыждағаттылықпен ашылады да ішіндегі өнім эмальды сопақ

ыдысқа төгіледі. Бұдан соң бірден қораптың, пакеттің ішінде тірі зиянкестер, өрмекші, нәжіс қалған-қалмағанын тексере отырып, олардың ішкі беттерін қарайды

Слайд 12Тағамдық бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрме бұршақ, нұт, жасымық т.б.) сырттай және

егжей-тегжейлі тексерілгеннен кейін зақымдалған-ау деп күдік туғызған дәндер тексеру нәтижелеріне қарамастан жылумен өңделеді, яғни кептіргіш шкафта 100°С температурада 1 сағат, ал 60°С температурада 2 сағат ұсталады. Дәндер кептіргіш шкафқа эмальды сопақша табақшаға салынып қойылады.

Слайд 14Пайдаланылған əдебиеттер:

1. « Өсімдік карантині» А.О.Сағитов, а.ғ.д., В.Е.Камбулин., Е.А.Бадаев, А.С.Дінасылов
2. wikipedia


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика