Шет ел азаматтарының құқықтары презентация

Шет ел азаматтары — мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын, өзінің мемлекеттің азаматтығына жататынын дәлелдейтін айғақтары жоқ адамдар. Шет ел азаматтарының және елде азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындайтын негізгі ұстаным ҚР Конституциясының

Слайд 1 Шет ел азаматтарының құқықтары


Слайд 2Шет ел азаматтары — мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын, өзінің мемлекеттің азаматтығына

жататынын дәлелдейтін айғақтары жоқ адамдар.

Шет ел азаматтарының және елде азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындайтын негізгі ұстаным ҚР Конституциясының 12-бабында баянды етілген, осы бапқа сәйкес мұндай адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ ҚР азаматтарымен бірдей міндеттер атқарады.

Слайд 3Құқықтық жағдайда Шет ел азаматтарының Қазақстанда тұрақты немесе уақытша болуына қарай

айқындалатын бірқатар айырмашылықтары бар. Шет ел азаматтары қандай жағдайда болғанына қарамастан заң алдында бірдей. Олардың құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, Қазақстан Республикасы азаматтары мен басқа да адамдардың заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.

Слайд 4Шет ел азаматтары ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті. ҚР-да тұратын

шет ел азаматтары Қазақстан азаматтарымен ортақ негізде жұмысшы және қызметші ретінде жұмыс істейді немесе өзге де еңбек қызметімен айналыса алады. Олар демалысқа, денсаулығын сақтауға, жәрдемақыға, зейнетақыға, әлеуметтік қамсыздандырудың басқа да нысандарына, тұрғын жайды пайдалануға, тұрғын үйге, өзге де мүлікке, білім алуға, мәдениет жетістіктерін пайдалануға құқылы.

Слайд 5Оларға ұждан бостандығы, жеке басына және тұрғын үйіне тиіспеушілік кепілдігі берілген,

олар ҚР азаматтарымен некеге тұра алады және некені бұза алады. Алайда олар сайланбалы мемл. органдарды сайлай алмайды және оларға сайлана алмайды, жалпыхалықтық дауыс беруге (референдумға) қатыса алмайды.

Слайд 6 Олар ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқармайды. Шет ел азаматтарының

ҚР аумағында жүріп-тұруына, тұрғылықты жерін таңдауына ұлттық заңнамада және халықар. шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен рұқсат етіледі. Алайда мемл. қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатымен бұл аяда шектеу белгіленуі мүмкін. Шет ел азаматтары Қазақстанға ҚР заңнамасына сәйкес келуі және одан кетуі мүмкін. ҚР аумағында қылмыс жасаған, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылық жасаған шет ел азаматтары Қазақстан азаматтарымен бірдей жалпы негізде жауапқа тартылады.

Слайд 7Шет ел азаматтары туралы заңнаманы бұзушы шет ел азаматтарының елде болу

мерзімі қысқартылуы мүмкін. Аталмыш ережелершет ел дипломаттары және консулдық өкілдік басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР заңнамасы мен халықаралық шарттарда белгіленген адамдардың дипломатиялық пұрсаттылықтары мен иммунитеттеріне қолданылмайды. ҚР-нда босқындардың мәртебесі арнаулы заңнамамен айқындалған.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика