Рим құқығы презентация

Рим құқығының субъектілері. 1. Халықтың жекелеген категорияларының құқықтық мәртебесі. 2. Заңды тұлғалардың ұғымы және құқықтық мәртебесі. Рим қоғамы әрбір адамды құқық субъектісі ретінде

Слайд 1Рим құқығы



Слайд 2 Рим құқығының субъектілері. 1.

Халықтың жекелеген категорияларының құқықтық мәртебесі. 2. Заңды тұлғалардың ұғымы және құқықтық мәртебесі.

Рим қоғамы әрбір адамды құқық субъектісі ретінде тани бермеді. Толыққанды рим азаматы “Persona” терминімен сипатталды.
Тек, рим азаматы ғана құқықтар мен міндеттерді иелене алатын болды.
Қоғам мүшесінің құқықтарды иелену, құқық субъектісі болу қабілеті құқыққабілеттілік деп аталады. Оны CAPUT терминімен сипаттады.


Слайд 3 Толық құқыққабілеттілігі 3 элементтен тұрды:
1) Status libertatis – бостандығына байланысты.

Осы тұрғыдан алғанда бас бостандығы бар және құлдар деп жіктелді. 2) Status civitatis – азаматтығына байланысты. Бұл негіз бойынша рим азаматтары және өзге де бас бостандығы бар азаматтар деп жіктелінді (латындар, перегриндер). 3) Status familiae – жанұяның отағасы және оған тәуелділер деп жіктелінді. Осы үшеулерінің бірінде болған өзгеріс “Capitus deminutio” термині арқылы сипатталды. Рим азаматының құқыққабілеттілігінде болған өзгерістің келесідей түрлері болды: (maxima) жоғары, (media) орташа және (minima) төменгі.

Слайд 4Capitus deminutio maxima барысында рим азаматы бостандығын жоғалтып, құлға айналады және

бұл келесідей жағдайларда орын алуы мүмкін болды: - егер, рим азаматы жаудың қолына тұтқынға түсетін болса; - егер, рим азаматы құлдыққа сатылатын болса; - өлім жазасына кесілсе не өмірлік жұмыс түрлеріне жазаға тартылса;

Слайд 5
Capitus deminutio media жағдайында рим азаматы бостандығын жоғалтпағанымен, оның құқыққабілеттілігі латындар

мен перегриндерге теңестірілетін болды және ол келесі жағдайларда туындайтын: - егер, ол латындар мен перегриндерге жер аударылатын болса.

Слайд 6 Рим азаматының ар-намысына нұқсан келген ретте, оның құқыққабілеттілігін шектеуге болатын болды.

Құқық қабілеттілігінің шектелуі азаматтың өзінің лайықсыз іс-қимылының нәтижесінде қоғамдағы құрметін жоғалтуына тікелей байланысты болды. Ар-намысына нұқсан келудің бірнеше түрлері болды және олардың ішіндегі ең елеулісі Infamia (ар-намысынан айрылу) деп танылды.

Слайд 9
Құқықтың толыққанды субъектісі ретінде рим азаматы танылды. Оларды бастапқыда квириттер деп

атады. Оларды ерекшелендіріп тұратын бір белгі ол, «рим есімі» болды. Мысалы, бірінші өзінің жеке есімі, кейіннен, руының, ал, соңғысы рудың бір тарауының есімі. Мысалы, Марк Туллий Цицерон.

Слайд 10Рим азаматтығын келесідей жолдар арқылы алуға болды: - рим азаматтарынан дүниеге

келсе немесе рим азаматы асырап алса (некеде дүиеге келген сәби әкесінің мәртебесін иеленсе, ал, некесіз дүниеге келген нәресте анасының мәртебесін иеленетін); - құлдықтан бостандыққа жіберілу арқылы (manumissio). Дегенмен, libertini әрекет қабілеттілігі шектеулі болды; - шетелдікке рим азаматтығының сыйға тартылуы.

Слайд 11Жеке құқық саласындағы рим азаматының құқыққабілеттілігі екі басты элементтен тұратын: ius

conubii яғни, заңды некеге тұру құқығы. Мұндай некеден дүниеге келген балалар рим азаматтығын алатын, ал, балаларына қатысты билік әкесіне тиесілі болды; ius commercii яғни, мәміле жасасу, сауда құқығы, мүліктерді алу және иеліктен шығару; ІІІ ғ. формалды тұрғыдан құқыққабілеттілігі тұрғысынан теңдік жарияланғанымен, шынайы теңдік орын ала қойған жоқ. Өйткені, әртүрлі кәсіптерге байланысты қоғам жіктелініп кеткен болатын. Мысалы, әскери әлеуметтік топ, саудагерлер, шаруалар, өнеркәсіп иелері.

Слайд 12Көне дәуірден бастап соңғы күніне дейін рим қоғамы құлиеленуші сипатында болды.

Гайдың мынадай бір сөзі бар: «Тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарында не еркін не құл ретінде жіктеледі».

Слайд 14
Шаруашылық қызметтің дами түсуімен құлдық пекулий институты қалыптасты. Аталған терминге

қатысты Дигестілерде келесідей сөздер бар: «Құлдың иелігіне қожайынының бөліп беретін мүлкі пекулий деп аталады». Пекулийге ие құлдың алған құқықтары оның қожайынына өтетін болса, ал, міндеттері өзінде қалатын болды. Алайда, өз міндеттемелері бойынша жауап бермейтін құлмен шарттық қатынасқа түсушілердің көп бола қоймауы себепті, кейіннен, қожайыны бөлінген пекулий шегінде жауап беруге тиіс болды.

Слайд 15Құлдық келесідей жолдар арқылы тоқтатылуы мүмкін болды:
manumissio арқылы;
заңи бұйрықтың негізінде;

Мысалы, денсаулығы нашар жағдайында қожайыны тастап кетсе; қожайынының өлтірушісі туралы мәлімет жеткізсе; бостандық жағдайында 20 жыл өмір сүрсе.

Слайд 18Сонымен бірге, либертин өзінің бұрынғы қожайынына тәуелді болды. Мысалы, паторынының келесідей

құқықтары болды: 1) либертиннің өзіне құрметпен қарауын талап етуге; Мысалы, осы себепті либертин өзінің паторынын сотқа шақыра алмайтын яғни, патронының өзім білем деушілік әрекетінен қорғансыз болатын; 2) патронға белгілі-бір қызмет көрсету. Бірақ, manumissio арқылы бостандық берілген құлдардың санының артуына орай, императора Август бірқатар шектеу шараларын қабылдайды. (Октавиан Август б.з.д. 31 жылдан бастап б.з.14 жылына дейін билік құрды)

Слайд 19Б.з.д. 2 ж. Фуфия Каниния Заңы бойынша құлдардың санына қатысты манумиссияға

шектеу қойылды. Ал, б.з. 4 ж. Элия Сенция Заңы бойынша бостандық беруші кемінде 20 жасқа, ал, бостандыққа шығушы 30 жасқа толуы қажет болды. Сондай-ақ, несие берушілердің мүддесіне зиян келтіретін манумиссия заңсыз деп танылды.

Слайд 20 Колондар: формалды тұрғыдан бас бостандығы болғанымен, жер иесі мен жасалынған шарттық

міндеттерге байланысты оған тәуелді болатын және бөтеннің жерін жалға алатын тұлғалар колондар деп аталды.
Б.з. IV ғ. қабылданған заңға сәйкес бөтеннің жерін пайдаланатын жалға алушыларға жалға алынатын жерлерін тастап кетулеріне тыйым салынды және жер иесінің жерді ондағы колондарсыз сатуына болмайтындығы бекітілді. Колондар құқықтық мәртебесі тұрғысынан құлға жақын болды. Айырмашылығы сол, колондар некеге тұра алатын, жеке мүлікті иелене алатын болды.
Колондардан дүниеге келген балаларда олардың құқықтық мәртебесін иеленетін. Колон келесідей жағдайда еркіндікке шыға алатын: 1) өзі жұмыс істеп жүрген жер бөлігін өзінің меншігіне алса; 2) жер иесінің келісімімен босай алатын.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика