Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар презентация

Содержание

Негізгі сұрақтар: 1. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері 2. Мемлекеттегі билік 3. Мемлекет механизм 4. Мемлекет қызметтері 5. Мемлекет нысаны ықтық мемлекет 7. Құқықтық түсініктер  

Слайд 1Дәріс № 1 Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі

ұғымдар

Слайд 2Негізгі сұрақтар:
1. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері
2. Мемлекеттегі билік
3. Мемлекет

механизм
4. Мемлекет қызметтері
5. Мемлекет нысаны
ықтық мемлекет
7. Құқықтық түсініктер
 


Слайд 3 Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты

бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым.

Слайд 6Мемлекеттің пайда болу теориялары:
Теологиялық теория
Патриархалдық теория
Шарттар теория
Маркстік теория
Зорлық, күштеу теориясы
Психологиялық теория



Слайд 7Мемлекеттің пайда болу себептері:
1. Қоғамдағы еңбек қызметінің бөлінуі
2. Сауда

– саттықтың пайда болуы;
3. Жеке меншіктің пайда болуы;
4. Таптықтың қалыптасуы;
5. Таптар арасында қарама – қайшылықтың пайда болуы;

Слайд 8 Мемлекеттік билік арнайы қарулы күштер мен

мәжбүрлеуші мекемелердің, мемлекеттік аппараттың көмегімен қоғамды басқару үшін құрылған.

Слайд 9 Мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыратын, мемлекеттік органдар жүйесін

мемлекеттік механизм дейді.

Слайд 10
Мемлекеттік
механизм
Мемлекеттік
аппарат

Мемлекеттік
ұйымдар

Мемлекеттік
кәсіпорын

Ақша-қаржы
қоры


Слайд 11 Мемлекет қызметі дегеніміз -

мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары.

Слайд 12Мемлекеттік
қызмет
Ішкі

Сыртқы


Слайд 13Ішкі қызметтерге:
экономикалық
әлеуметтік
қаржылық бақылау
адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау

құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
экологиялық қызметтер


Слайд 14 Сыртқы қызмет:
Дипломатиялық

қарым-қатынас орнату;
Мемлекетті сыртқы қауіптерден сақтау;


Слайд 15 Мемлекет нысаны - мемлекеттің өмір сүру тәсілі мен

ондағы биліктің мазмұнын көрсететін элементтердің жиынтығы.

Слайд 16Мемлекет нысаны
мемлекеттің басқару нысаны

мемлекеттің құрылым нысаны

мемлекеттегі саяси режим


Слайд 17 Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз - мемлекеттегі жоғарғы билікті

ұйымдастыру және құру тәсілдерінің жиынтығы.

Слайд 18Басқару нысаны
Монархия

Республика


Слайд 19Монархия
Абсолюттік монархия

Конституциялық монархия

Дуалистік монархия


Слайд 20Республика
Президенттік

Парламенттік


Слайд 21 Мемлекеттің құрылым нысаны дегеніміз - мемлекеттегі

биліктің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуы мен орталық және жергілікті органдардардың ара қатынастарының реттелінуі.


Слайд 22Құрылым нысаны
Унитарлы


Федерация

Конфедерация


Слайд 23 Мемлекеттегі саяси режим - мемлекеттің өз қолындағы билікті

жүзеге асыруының әдіс-тәсілдері.

Слайд 24Саяси
режим
Демократия

Авторитарлық

Тоталитарлық


Слайд 25 Құқықтық мемлекет дегеніміз - мемлекетте гуманизм, адамгершілік,

теңдік, бостандық идеялары құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік ететін, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтары арнайы механизм арқылы тежеліп, адам құқықтары тиімді қорғалатын мемлекет.

Слайд 26 Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты - жеке тұлға мен

қоғамның құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау.


Слайд 27Құқықтық мемлекеттің қағидаларды:
1) құқық үстемдігі қағидасы;
2) билік бөлінісі қағидасы;
3) мемлекет пен жеке тұлғаның

өзара жауапкершілігі қағидасы;
4) судьялардың тәуелсіздігі қағидасы;


Слайд 285) адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылуы;
6) Көп пікірлілік қағидасы;
7) кінәсіздік презумпциясы (анық-қанықтығы

(1. ықтималдыққа негізделген болжал, 2. фактінің заңсыздығы дәлелденгенше, оның заңи растығын, заңдылығын заң жүзінде тану))
 

Құқық дегеніміз - адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеу мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып, орындалуын мемлекеттің өзі қадағалап отыратын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жиынтығы.


Слайд 29
Құқықтық әдет-ғұрып - тұрақты қайталануына байланысты тарихи қалыптасып,

мемлекет тарапынан міндетті деп танылған жүріс-тұрыс ережелері.
Құқықтық прецедент - болашақта туындауы мүмкін ұқсас дауларға негіз болып табылуы үшін оған мемлекет тарапынан міндеттілік сипат берілетін нақты бір іс бойынша қабылданған шешім.

Слайд 30 Құқықтың өмір сүруін, жасалуы мен өзгеріске ұшырауын тануға

бағытталған мемлекет еркінің көрінісін құқықтың қайнар-көздері деп атайды. Құқықтың қайнар-көзі ретінде:
1. құқықтық әдет-ғұрыпты;
2. құқықтық прецедентті;
3. келісім-шартты;
4. заңдар мен заңға сәйкес актілер;

Келісім-шарт дегеніміз - мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын, екі немесе одан да көп қоғамдық қатынас қатысушыларының нақты мәселеге қатысты өзіндік ерік білдіруін нақтылайтын акт.
Заң - қоғам өмірін реттеуге байланысты мемлекеттің еркін білдіретін, арнайы белгіленген тәртіп негізінде қабылданатын жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік құқықтық акт.


Слайд 31 Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде

сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі.
Құқық жүйесі дегеніміз - нақты бір мемлекетте қалыптасқан құқықтық актілердің реттеу объектісіне байланысты топтастырылып, құқық саласынан, институтынан және нормасынан құралған жүйе.


Слайд 32 Құқық саласы - сипатына қарай ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін

құқық нормаларының үлкен тобы.
Құқық салалары:
1. конституциялық құқық;
2. әкімшілік құқық;
3. азаматтық құқық;
4. қылмыстық құқық;
5. отбасы құқығы;
6. қаржылық құқық;
7. еңбек құқығы;


Слайд 33 Құқық нормасы дегеніміз - қоғамдық қатынас қатысушыларының құқықтары

мен міндеттерін нақтылайтын, мемлекет тарапынан танылып, қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелері.
Құқық нормасы құрамы үш элементтен тұрады:
гипотеза;
диспозиция;
санкция;


Слайд 34 Құқық институты - нақты бір құқық саласы

құрамында біртекті қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының тобы. Құқық институты:
сайлау институты;
меншік институты;
мұрагерік институты;


Гипотеза норманың жүзеге асырылуы үшін қажет жағдайларды көрсетеді.
Диспозиция мемлекет қамтамасыз ететін құқықтар мен міндеттерді, яғни қажетті жүріс-тұрыстың мазмұнын көрсетеді.
Санкция диспозицияда көзделген жүріс-тұрыс ережелерін сақтамаған немесе бұзған жағдайда көзделетін жазалау шараларын қамтиды.


Слайд 35 Мемлекет өз тарапынан қоғамдық қатынас қатысушыларынан заңдар мен

заңға сәйкес актілердің мазмұнында көзделген талаптарды бұлжытпай орындауды талап етеді, мұндай талаптардың жиынтығын заңдылық деп атаймыз.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика