Слайд 1Кедендік рәсімдердің түрлері
1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:
1)
ішкі тұтыну үшін шығару;
2) экспорт;
3) кедендік транзит
4) кеден қоймасы;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
8) уақытша әкелу (жіберу);
9) уақытша әкету;
10) кері импорт;
11) кері экспорт;
12) бажсыз сауда;
13) жою;
14) мемлекеттің пайдасына бас тарту
15) еркін кедендік аймақ;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.
Слайд 2
кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен
тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығы
Слайд 3
396-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны
1. Кері импорт Кеден
одағының кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, осы Кодекстің 397-бабында белгіленген мерзімдерде Кеден одағының кедендік аумағына қайта әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады.
2. Осы Кодекстің 357-бабының 3-тармағына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, осы Кодекстің 397-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады.
397-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен
орналастыру шарттары
1.Кері импорт кедендік рәсімімен:
1) егер:
бұл тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген күннен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген өзге де мерзімде орналастырылса;
бұл тауарлар тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйінде болса;
кеден органына осы Кодекстің 398-бабына сәйкес құжаттар ұсынылған болса, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын және кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген;
2) егер бұл тауарлар уақытша әкету мерзімі ішінде әкелінсе және тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ оларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану кезінде мұндай тауарларға қатысты жол берілетін өзгерістерді қоспағанда, сол күйінде тұрса, уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған;
3) егер бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде әкелінсе және тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, олар Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген күйінде тұрса, кедендік аумақтан тысқары жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған;
4) егер ақысыз (кепілдік беріп) жөндеу қайта өңдеудің мақсаты болса және оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен шығару кезінде осы тауарларды ақысыз (кепілдік беріліп) жөндеу себебі болып табылған ақаудың (ақаулардың) болуы ескерілген тауарларды қайта өңдеу өнімдерін қоспағанда, бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, бұрын шығарылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
2. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Комиссияның шешімімен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен асатын мерзімдер белгіленуі мүмкін.
3. Кері импорт кезінде салықтарды өтеу тауарларды кедендік аумақтан әкетумен байланысты осындай салықтардың сомалары төленбесе не қайтарылса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген кедендік рәсімдердің бірінің декларанты болып табылатын тұлға кері импорттың кедендік рәсімінің декларанты болып әрекет етуі мүмкін.
Кеден одағының кеден заңнамасында өзге тұлғаның кері импорт кедендік рәсімінің декларанты болып әрекет етуі мүмкін болатын жағдайлар белгіленуі мүмкін.
5. Тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған Кеден одағына мүше мемлекетте кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
Слайд 4
Импорт[1][2] (латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге
шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шетелден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор
Слайд 5
Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны
Кері экспорт кеден одағының кедендік аумағына бұрын
әкелінген тауарлар не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей не (немесе) олардың төленген сомасын қайтара отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай осы аумақтан әкетілетін кездегі кедендік рәсім болып табылады.
Бап. Тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Кері экспорт кедендік рәсімімен:
1) кеден одағының кедендік аумағындағы шетелдік тауарлар, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын бұза отырып әкелінген тауарлар және кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері;
2) егер ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар сыртқы экономикалық мәміле шарттарының орындалмау себебі бойынша, оның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе орамасы бойынша қайтарылса, мына талаптар сақталған жағдайда:
тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл ішінде орналастырылған;
кеден органына осы Кодекстің 403-бабына сәйкес құжаттар табыс етілген;
тауарларды ақауларын анықтау үшін пайдалану қажет болған жағдайларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де жағдайларды қоспағанда, тауарлар кеден одағының кедендік аумағында пайдаланылмаған және жөнделмеген;
тауарларды кеден органының сәйкестендіруі мүмкін болатын жағдайларда орналастырылуы мүмкін.
Бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктері
Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан осы Кодекстің 38-тарауына сәйкес әкетіледі.
Бап. Бұрын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер
Бұрын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін декларант кеден органына:
1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелудің мән-жайлары туралы (сыртқы экономикалық мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың негізінде);
2) сыртқы экономикалық мәміле шарттарының орындалмағаны туралы;
3) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру туралы;
4) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.
Бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті:
1) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған тәртіппен кететін жеріндегі кеден органы растаған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкету кезінде;
2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (қайтармсыз жоғалуды) қоспағанда, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу кезінде тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
4. Осы баптың 3-тармағымен белгіленген кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ескерілмей, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және олардың шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
6. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар төленуге жатпайды.
Слайд 6
Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚
зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.[1]