Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.
1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленуші, егер ол осы Кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.
3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.
1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, зияткерлік меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның – құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге де мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асырылуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары маңызсыз болады.
2. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады
1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть