Еңбек шарты презентация

Еңбек шарты Еңбек шартының мерзімі Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.

Слайд 1Еңбек шарты



Akhmetov Dinmukhamed


Слайд 2Еңбек шарты
Еңбек шартының мерзімі
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.


Слайд 3ЕҢБЕК ШАРТЫ


Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес

01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.

Слайд 4Жұмыс беруші туралы мәліметтер: (кәсіпорын, өндірістік коорператив, кәсіпкер, мемлекеттік мекеме, т.б.

атап көрсетеді).
Жұмысқа алынушының аты – жөні _____________________,
туған жылы _____________, мамандығы ___________, білімі ___________, еңбек өтілі __________,
қосымша мамандығы __________________ ,
мекен – жайы ______________________________;
3. Жұмыс орны __________________ , еңбек жағдайы (зияндылығы, қауіптілігі) _____________________;
4. Қызметкердің атқаратын жұмыстары, қосымша атқаратын жұмыстары __________________________;
5. Жұмыс берушінің міндеттері _____________________;
6. Жұмысқа кіріскен мерзімі _____________________;
7. Еңбек шартының жасалған мерзімі _______________;
8. Еңбекақы мөлшері ____________________________ ;
9. Жеңілдіктер мен артықшылықтар.

Жұмыс берушінің қолы _______________;
Жұмысқа алынушының қолы ______________;


Еңбек шартының үлгісі


Слайд 5Еңбек шарты 2 дана етіп жасалады. Еңбек шартын толтырмастан бұрын алдын

ала әңгімелесу жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмысқа орналасушы адамнан еңбек іс - әрекеті туралы құжатты талап етуге құқылы (еңбек кітапшасы, оқу орнын ьітіргені туралы дипломы).
Мұғалім еңбек шартының мерзімі туралы түсіндіреді.
Еңбек шартының іске асу мерзімі көрсетілуі тиіс (6 ай, 1 жыл, 5 жыл, т.б.). Мерзімі аяқталған соң қайтадан еңбек шарты жасалады.
Егер нақты жұмыстың орындалуына қарай мерзімі белгісіз болса, (мысалы, құрылыс жұмыстары) жұмыс аяқталған соң еңбек шарты тоқтатылады.
Егер біреудің орнына уақытша жұмысқа алынса, сол мерзім аралығы көрсетіліп, бұрынғы қызметкер келгенде орынды босату керектігі туралы жаңа қызметкерге ескертіледі.
Сынақ мерзімі – 3 айдан аспау керек.
Егер еңбек шарты жасалса жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысқа алынушыға ескертуге міндетті.

Слайд 6Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайлары:
Жұмысқа тұрушы әскер қатарына шақырылса;
Қылмысына байланысты

жазаланғанда бұрынғы жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда;
Қызметкер қайтыс болғанда;
Әрекетке қабілетсіздікті сот танығанда;
Қызметкердің өз ұсынысы бойынша (бұл туралы қызметкер 1 ай бұрын ескерту тиісті);
Денсаулығына, зейнеткерлік жасқа жетуіне, басқа жерлерге мекен – жайын ауыстырғанына, т.б. байланысты жұмысын жалғастыра алмайтын жағдайда және еңбекақысын өз уақытында ала алмаған жағдайда қызметкердің өз бастамасымен еңбек шартын бұзады немесе тоқтатады;
Жұмыс берушінің бастамасымен: а) егер кәсіпорын жұмысы (немесе жеке тұлға) тоқтатылса; ә) жұмыскерлердің саны немесе жұмыс орны қысқартылса еңбек шарты тоқтатылады немесе бұзылады.
Оқушылардың тапсырмаларын осы үлгілерді қарай отырып тексересіз, бағалайсыз. Оқушылар мұғалімнің көмегімен тақырыптың мазмұнын меңгереді.



Слайд 7“Сәйкестендіру тесті”


Слайд 8“Сәйкестендіру тесті”


Слайд 9Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша

түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.
Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.
Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.
Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Жеке еңбек шарты


Слайд 10Еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:
белгісіз мерзімге —

жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;
белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;
істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.
Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.
Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Слайд 11Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі

қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.
Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.
Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.
Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.

Слайд 12Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады.

Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика